400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат физикасы. Магнит не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 және 2 сынып оқушылары үшін қажет. Бұл ашық сабақта магниттің күнделікті адам өмірінде тигізер қандай пайдасы бар екендігін көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 2

Мектеп: 169

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдарова Назерке

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Табиғат физикасы. Магнит не үшін керек?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау

2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: магнитті қайда пайдаланатынын біледі;

Көптеген оқушылар үшін: магниттердің қолдану аясын сипаттайды;

Кейбір оқушылар үшін: эксперимент жасайды және оның нәтижелерін кестеге түсіреді,

Бағалау критерийлері

  • Магниттің қолданыс аясын түсінеді;

  • Эксперимент жасайды, кестеге түсіреді;

Тілдік мақсаттар


Пайдалану, қолдану саласы

Магнит дегеніміз не? Қандай заттардың магниттік қасиеттері болады? Не себептен деп ойлайсың? Түсіндір. Қандай магнит күшті болады? Үлкен бе, әлде кіші ме? Адам магнитті қайда және не үшін пайдаланады? Магнитті күнделікті өмірде қайда пайдаланар едің? Мысалдар келтір. Дәлелде.

Құндылықтарды

дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу - тілдік құзыреттілікті дамыту.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Ребусты шешу барысында, магниттің қолдану аясын көрсету үшін құралдарды интерактивті тақтаны пайдалану

Бастапқы білім

Түрлі денелердің температурасын өлшейді.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Әрекет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында МАГНИТ сөзіне ребус дайындау.

Бізге магнит қажет пе? Олай болса, бүгінгі сабағымыз магниттің қажеттілігі туралы болмақ.

Ребус

Сабақ ортасы


2. Әрекет. «Жедел жауап» әдісі. Магнит дегеніміз не? Қандай заттардың магниттік қасиеті болады?

Дескриптор:

  • магнит жайлы түсінігін айтады;

  • қандай заттардың магниттік қасиеті бар екенін анықтайды;

ҚБ: Өте жақсы!


3. Әрекет. «Зертте» Қандай магнит күштірек: үлкен магнит пе, әлде кіші магнит пе? Сыныптағы арнайы дайындалған партаның үстіне магнитке тартылатын ұсақ заттарды орналастырып, үлкен магнитпен кіші магниттің күштірегін анықтауға мүмкіндік беремін.

Дескриптор:

  • кіші магнитпен жұмыс жасайды;

  • үлкен магнитпен жұмыс жасайды;

  • салыстырып, қорытынды жасайды;

ҚБ: «Басбармақ» арқылы бағалайды.

Саралау тапсырмасы. Қабілеті жоғары оқушы: Зерттеу қорытындысы: Магнит неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның күші де көп болады.

Оқулық, магнитке тартылатын ұсақ метал заттар. Ақ қағаз.

4. Әрекет. Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


5. Әрекет. «Магниттің қолданылуы» Сурет бойынша магниттерді қолдану салаларын ата. Адам магниттерді қайда және не үшін пайдаланады?

Дескриптор:

  • магниттің қолдану саласын атайды;

  • магниттің пайдалану аясын анықтайды;

ҚБ: «Жақсы, жарайсыңдар!»

Оқулық, суреттер салынған плакаттар.

6. Әрекет. «Болжап көр» Бұл жұмысты жұп болып, топ болып таңдайды. Магнитті күнделікті өмірде тағы қандай жағдайда қолдануға болады? Үйде кілттеріңді жиі жоғалтасыңдар ма? Ал, аналарыңның ине жоғалтқан кездері болды ма? Ол заттар неден жасалған? Топтар өз идеясын ұсынады.

Дескриптор:

  • күнделікті өмірде магниттің қолданылуын болжайды;

ҚБ: «Топтық» бағалау, кері байланыс береді

Оқулық, топтық жұмыс үшін ұсақ темірден жасалған заттар

Сабақтың соңы

Не түсініп,не білдік? «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» арқылы түсінгендерін бағалау. Барлық қатысушыларға «Отшашу» беру.

Саралау тапсырмасы. Тапсырманы бұрын орындаған (қарқын) Ой қорыту, тұжырым жасау. Магнит балғамен ұрғанда, қатты қыздырса қасиетін жоғалтады.

«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» макеттері

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау тапсырмасы. Тапсырманы бұрын орындаған (қарқын) Ой қорыту, тұжырым жасау. Магнит балғамен ұрғанда, қатты қыздырса қасиетін жоғалтады.

Саралау тапсырмасы. Қабілеті жоғары оқушы: Зерттеу қорытындысы: Магнит неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның күші де көп болады.

Зерттеу жүргізу барысында магниттерді салыстырады, күштісін анықтайды.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы

Тәжірибе жүргізу барысында кесте түрінде рәсімдейді, топтар жұмыстарымен алмасады, талқылайды.

ҚБ: Топтар бірін бірі бағалайды

Әрбір орындалған тапсырма нәтижесінде оқушыларды қолдау мақсатында марапат сөздер айтылды.


Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері сабақ барысында жүргізілді. Зерттеу жасалды белсенді іс әркет арқылы тапсырмалар орындалды.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі