400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат ғажаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге керек. Бұл өзін-өзі тану пәнінің күнделікті сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп «Күйкен орта мектебі КММ» Мерзiмі: 6-16.03.2018ж Бекітемін:_________

Мұғалiм: Укенова С Сынып 5 «ә,г»

Тақырып: Табиғат – шабыттың қайнар көзі № 25

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сезімталдық, қамқорлық, табиғатты сүю

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғаттың адамды шабыттандырудағы маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі шабыттың қайнар көзі екендігіне сезімталдық қасиеті арқылы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты сүюге, үйлесімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа,

суреттер,

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған үзіндіні оқу


3.Дәйексөз

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар»

  • Хормен оқыту

  • Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

  • Оқушыларға дәптерге жаздырту

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


Шоқан Уәлиханов


4.Мәтінмен жұмыс (Мұғалімнің сыйы)

Әңгімелеу сұрақтары

  • Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?

  • Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?

  • Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?

  • Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің? Әңгімелеп бер.


5.Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс

1-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, өз әсерлерімен бөлісу

2-тапсырма: «Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбында эссе жазу


6.Топпен ән айту.

«Әдемі» әні Мәтіні: Ақылбек Шаяхметов

Әні: Ғұсман Наурызбаев


7.Үй тапсырмасы.

Сырбай Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқып келу


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі