Тәрбие сағаты
Күні:
26.10.17
Тақырыбы:
“Табиғат және
біз”
Мақсаты: Табиғаттың алуан
сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға
баулу.
Табиғат туралы танымдарын
молайту, ой өрісін кеңейту.
Туған жер, табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі:
табиғат суреттері, табиғат
туралы нақыл сөздер.
Барысы: 1.Үйымдастыру.
Кіріспе
сөз.
Табиғат жүрекке жылы,көңілге
қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз
өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат —
бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер
әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып
таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық
жасаған.
Туған жеріміздің табиғаты адам
айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиырыжоқ теңіздей шексіз дала, неше
алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың
ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа
шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз
қолымызда.
Адам табиғатынан сұлулықты,
әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және
оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын
әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады.
Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын
сақтауға көмектеседі.
Сұрақ —жауап.
Айнала қоршаған ортадан
көздеріңе түскен табиғат заттарын
атаңдаршы?
Қандай табиғат құбылыстарын
білесіңдер?
Адам қолымен қандай заттар
жасалады?
Адам табиғатты зерттеп, нелер ойлап
тапты?
Әдеби
монтаж
Табиғат сұлулығына суретшілер сурет салса,
ақындар өлең жазып, ал сазгерлер ән жазған. Ендеше, табиғат жайлы
не біледі екенсіңдер, байқап көрейік.
Хормен: Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
(Оқушылар табиғат жайлы жаттаған өлеңдер, нақыл
сөздер айтады)
— Туған жер, өскен ел тәрізді жүрекке жылы
сөздердің бәрі де “Табиғат” деген таңғажайып ұғыммен бірігіп
жатады. Олай болса “Табиғат деген не?” жауап
беріңдерші.?
(Ә.Ысқақ “Табиғат деген не?” рольге
бөлініп
айту)
— Табиғат сұлулығына құмартпаған адамзат баласы жоқ
шығар. Қазақ елі сол сезімді мыңдаған жылдар бойы кіршіксіз сақтап,
ұрпақтан ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор үлгі өсиет ретінде беріп
келеді. Ата аналарымыз ескерткен тыйым сөздері мен дәстүрлік
болжамдарын еске түсірейік.
Сергіту үшін ойын
Табиғатты
қорғауға,
Өсімдікті
жұлмауға.
Ант
етеміз!
Құстарды
атпауға,
Балапанын
сақтауға
Ант
етеміз!
Біздің ата бабаларымыз
бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен.Әрбір ұрпақ үшін ата
бабаның туған жжер табиғатын қорғау дәстүрі — әрі өнеге, әрі асыл
мұра.
Табиғатқа өздерің қандай
қамқорлық жасадыңдар?Әңгімелеп беріңдер. ( Оқушылар өз ойларын
ортаға салады)
1топ Табиғат туралы
мақал-мәтел
2 топ Табиғат сөзін
топтастыру
3 топ Табиғат сөзіне 5 жолды
өлең
Сөйлемдерді толықтырып
айтыңдар.
— табиғатқа қамқорлық керек,
өйткені……….
— табиғатқа қамқорлық керек,
өйткені……….
— табиғатқа қамқорлық керек,
өйткені……….
Керекті сөздер:мен табиғатты
сүйемін, табиғат менің екінші анам, табиғат сұлулық мекені
т.б
Табиғатқа тілек
айтайықшы.
—
Күніміз ашық
болсын!
—
Суымыз тұнық
болсын!
—
Гүліміз жақсы
өссін!
—
Ауамыз таза
болсын!
Хор:
“Атамекен”
Қорытынды
Біз әсем табиғат аясы, ондағы
тіршілік және қорғау туралы білімімізді ортаға
салдық.
Енді осыдан не үйреніп, не
білдік?
Табиғат дегенде көз алдарыңа
не елестеді? (Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салу немесе
атауын жазу).
Кері
байланыс:
-
Бүгін сабақ ...болған
(қызықты, қызықты емес)
-
Бүгінгі сабақ маған (ұнады,
ұнамады)
-
Менің көңілім (көтерілді,
төмендеді)
Үйге
тапсырма: Табиғат туралы тақпақтар
жаттап келу