Тақырыбы: Ұстаз-ұлы
есім»
1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күзде келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жезқоңырау үнімен, спортқа арналған
мектеп-интернатымыздың ұстаздарымен
оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетесің.Жаңа оқу жылымен қатарласа
келетін Ұстаздар күніде күздің үлесіне тиісті. Интернат
қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір
парасатты азамат білім мен тәрбие теңізіне жетелеген ұстаздармен
балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған мектеп
интернатымызды спортшыларымыз үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып
отырады.
Олай болса, ұстаз бақыты-
шәкірт құрметі.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаз
қауымы!
Сіздерді
қазан
айында
аталып
өтетін
Мұғалімдер күнімен
шын
жүректен
құттықтаймыз!
Сіздердің бала
көңілдеріңіз əр
баланың
жан
дүниесін
нұрландырып,
жүрегіне шапағат
нұрын
төгуде.
Ұстаздан өнеге-білім алып,
өмір теңізіне
құлашұрған кез-келген
шəкірт
ұстазымен
мақтанады.
«Балажанының бағбаны»
«Мектептің жүрегі»,
…
Иə, бұл
мектеп
интернатымыздың ұстаздарға
арналған
теңеулері. Мұндай
мадақтауларды жалғастыра берсек,
даналық
сөздер
тізбегі
шексіздікке ұласады.
Бүгінгі тәрбиелік
іс-шарамыздың шымылдығын ашып беру үшін сөз кезегі мектеп
әкімшілігіне беріледі.
1-жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз
ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді
парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара
шашты.
Ұстазға әркім басын ию
керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу
керек.
Сен
бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу
керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен
ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді
ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Сөз кезегін
мектеп-интернатымыздың ұлағатты, ақ самайлы, қарт ұстаздарына
береміз.
Ал, бұлбұл әншіміз ұлағатты
ұстаздарға ән шашу.
Ән
шашу:
2-жүргізуші:
Ұстаз деген-жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген-анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ұстаз – ұлағатты есім.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде
ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым
қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Сіздерге арнап спорт
мектебіміздің ауыр атлетика бөлімінің оқушылары өздерінің жыр
жолдарын тарту етпек.
Ауыр атлетика бөлімінің
оқушылары.
Тәрбие мен білім көшін
жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек
!
Бәрі бірге: Сіздерді
кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз
!
1-оқушы: Тәрбиешімді анамдай жақсы
көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба
алмай.
Өз баласын тастап кетіп
үйіне,
Ел баласын тәрбиелейді, ой
Алла-ай !
2-оқушы: Тәрбиешімді жақсы көрем
сезімтал
Үлгі етемін өнегелі сөзің
бал.
Тәрбиешімнің тәрбиесін
танимын.
Көкіректе көретұғын көзім
бар.
3-оқушы: Әр сабағын өтіп жатыр
білінбей,
Перне басқа оркестірдің
үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол
тауып,
Тұрасың сен дирижер боп
күлімдей.
4-оқушы: Жыр оқисың нөсер болып
жайылып,
Қас-қабағын қалт жибермей
шәкірттің.
Қарайсыз-ау нұр жүзіне
сүйсініп,
Жалын атып, от боп бірге
жанасың.
5-оқушы: Ұстаздарға мың
алғыс
Алғыстарым көп
менің.
Асыл анам,
мектебім,
Үйреткенің-адалдық.
Ұсынғаның-адамдық,
Текті мінез,
даналық.
Біз ұстаздарға
тілейміз
Бақыт, табыс
амандық.
6-оқушы: Қатаңдау жанар, қатқыл
мінез, қаттылық,
Шәкірттері көрсетпейді оған
жат қылық.
Чемпион қылып шаттандырып шат
қылып
Бапкерлерге әр кез үйретеді
сақтылық.
7-оқушы: «Ел сенімін
ақтайды»,
Деп бапкерім
мақтайтын.
Бапкерімнің әр
сөзін.
Көкейімде
сақтаймын.
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды
алар
Әсем ән мен тәтті
күй
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең, менше
сүй дегендей
Ән шашу:
орындайтын
2-жүргізуші:
Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен
қыс-жазым.
Қалдырған ізің
мәңгілік,
Жадымда тұрар
жаңғырып.
Шәкірттеріне аса
мейірімді,
сөзіне берік,
шыншыл мінезді,
жүрегі батыр,
өнегесі асыл, жаны жомарт,
пейілі дарқан, ерен еңбекшіл,
байламы берік,
ойы өткір ұстаздар төл
мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Сіздерге арнап сахнада
мектеп-интернатымыздың қыздары мың бұралып би
билейді.
Би:
1-жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол
ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала
шағы.
Өмірді алға қарай
өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы
–
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы
үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған »
немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған»
деген сөздермен ұштасып жатады.
2-
жүргізуші: Иә, дұрыс
айтасың..
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға
байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей
өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны
сөзсіз.
1-жүргізуші:Ия,
Ұстаз – ұлағатты есім.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар
беруде еңбегі зор.
Келесі тыңдайтын
әндеріңіз.
Ән
шашу:
2-жүргізуші:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде
қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін
ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса,
ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,
тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар.
1-жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз
өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны
азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі
– ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал
тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған
диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім
алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға
арналады.
Ән
шашу:
2-жүргізуші:Ендігі кезекте әр бөлімнің
ұстаздарға арналған мерекелік лебіздері мен ән шашуларына кезек
береміз.
1-жүргізуші:Бала бойына ата-анадан
кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлағатты сана
сезімді сіңіруші адам-мұғалім.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты
жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де
бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін
ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің
қыр-сыры мол, қиын да жауапты шығармашылық еңбек еткенін баршамыз
мойындаймыз.
1-2
жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын
!
Ұстаздар мерекесіне арналған
салтанатты жиынымызды жабық деп
ажриялаймыз.