400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат кешені,географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғат кешені, оның заңдылықтары, географиялық қабық, жер қыртысындағы зат айналымы туралы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат кешені, географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға табиғат кешені, оның заңдылықтары, географиялық қабық, жер қыртысындағы зат айналымы туралы білім беру.Табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. «табиғат кешені» ұғымдарын жетілдіру.

2. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. 

3. Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін - бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің жарты шарлар картасы

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың әдісі: өзара оқыту сабағы, Доп лақтыру, ДЖИГСО , Өрмекші әдісі

Рефлекция: SMS-хабарлама

Бағалау: Бағдаршам, бас бармақ, смайликтер


Сабақтың барысы:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Оқушылармен, келген қонақтармен сәлемдесу, сабақта кім бар-жоғын анықтау.

Оқушыларды найзағайдың жарқылы белгісімен топқа бөлу

Топ атаулары:

І-топ. Табиғат кешені

ІІ-топ.Құрлық пен мұхиттағы табиғат кешендер

ІІІ-топ. Географиялық қабық


ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ "Доп лақтыру әдісі"

Топқа бөлінгенде алған найзағай жарқылының артында үй тапсырмасына қатысты сұрақтар жасырылған. сол сұрақтарға жауап береміз.

1. Топырақ деген не?

2. Топырақтану ғылымы нені зерттейді?

3.Топырақ қалай түзіледі?

4.Топырақ кескіні дегеніміз не?

5.Топырақты зерттеген орыс ғалымы кім?

6.Топырақтың түрлері

7.Топырақты зерттеудің негізін салушы

8.Топырақтың қасиеті

9.Қарашірік дегеніміз не?

10. Топырақ географиялық қабықтардың қай бөлігінде орналасқан?

11 Топырақты қорғау дегенді қалай түсінесің?

12. Топырақ қабаттарын ата

13.Мелиорация дегеніміз не?

14. Қандай топырақ құнарлы?

15. Неге топырақты биосферадағы тіршіліктің тірегі деп атайды?

ІІІ ЖАҢА САБАҚ

Жаңа сабақ туралы қысқаша түсінік беру

І. "ДЖИГСО " әдісін пайдалана отырып, әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыпшаларын қорғап шығады.

1. Табиғат компоненттері

2. Құрлықтағы және мұхиттағы табиғат кешендер

3. Географиялық қабық

(Әр топ бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды).

ІІ. Сәйкесін тап тапсырмасы. ( Жеке жұмыс; бас бармақ арқылы бағалау)

Құрлықтағы табиғат кешені биосфера

Мұхиттағы табиғат кешені тау жынысы

Географиялық қабық ойпат

Табиғат компоненті теңіз

ІІІ. Семантикалық карта ( Топтық жұмыс; смайлик арқылы бағалау)


гидросфера

өсімдік

жазық

бұғаз

ойпат

топырақ

Табиғат компоненті







Құрлықтағы табиғат кешені







Мұхиттағы табиғат кешені







Географиялық қабық








ІV. Постер қорғау
І-топ. Табиғат кешені

ІІ-топ.Құрлық пен мұхиттағы табиғат кешендер

ІІІ-топ. Географиялық қабық


ІV. ҚОРЫТЫНДЫ (Өрмекші әдісі)

Оқушылар бүгінгі өткен тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

V. РЕФЛЕКСИЯ. "SMS -хабарлама"

Оқушылар қағаздан жасалған қалта телефонға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін SMS -хабарлама түрінде жазады.

VІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

Табиғат кешені, географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі