400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат-математика тілімен сөйлейді

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс. математика пәні мұғалімдеріне.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 жүргізуші: Сәлеметсіздерме, оқушылар және ұстаздар. Бүгінгі біздің «Табиғат-математика тілімен сөйлейді» атты математикалық сайысысмызға қош келдіңіздер!!!!!

2  жүргізуші: Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып,

Орман кезіп, бойымызды жазайық.

Сұлулықпен жаулап алған жанарды

Беу, табиғат тылсымың бар ғажайып.

 

Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,

Құзыретіңе ғалымдар да таңғалған.

Табиғаттың шеберлігі шексіз - ау

Жер, су, ауа - бір - біріне жалғанған.

 

Еккен гүлің сумен ғана өседі,

Табиғатсыз өмір де жоқ деседі.

Математик мынау жердің байлығын

Өлшеп, екшеп, саралаумен шешеді.

1 жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымызға 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары қатысқалы отыр.

Бүгінгі сайысымыздың өтілетін кезеңдерімен танысып өтейік.

1-кезең Кім жылдам?
2-кезең.«Көңілді математика»

3-кезең. Жорға


Ойынның өтілу тәртібі
1.Ойынға 2 топ қатысады,әр топ банк басқармасы болып
табылады.
2.Банктің президенті,атауы болады.
3.Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.
Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны болады.
4.Әр банктың бастапқы капиталы 40 000 теңге болады.
5.Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына
Тапсырманың қиындығына сәйкес қаржы түсіп отырады.
6.Топ дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың
құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.


2  жүргізуші:Сайысымызды бастайық:
Алдымен әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

........................................................................................................................................


1 жүргізуші: 1- кезең. «Кім жылдам?» деп аталады. Сайысқа топ басшылары

қатысады.Сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Бір сұрақ бағасы 500 тг. Жауап бере алмаса шотынан ақша алынады.Жауабын білмеген жағдайда келесі деп айтулары керек.

№1 Сұрақтар:
1)64 қай санның квадраты (8)
2)100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр)
3)Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180º)
4)5 санына кері сан (1/5)
5)Ең кіші 3 таңбалы сан (100)
6)Таңбалары әртүрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
7)Түбір астындағы 49-ң мәні неге тең? (7)

8)Екі оң санның көбейтіндісі (он сан)
№2 Сұрақтар:
1)5 санына қарама-қарсы сан (-5)
2)Екі теріс санның көбейтіндісі (оң сан)
3)12 он есе арттыр (120)
4)Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
5)Таңбалары әртүрлі сандардың бөліндісі (теріс сан)
6)Бір бұрышы 90º тең үшбұрыш қалай аталады. (тік бұрышты)

7)Тогызды бес есе арттыр (45)
8)Ең кіші екі таңбалы сан? ( 10)

2  жүргізуші: 2-кезең. «Көңілді математика» сайысы:Бұл сайыста 10 сұрақ қойылады? Топтар жауап беріп ұпай жинайды.
Есептің құндылығы – 2000 теңге.
1. 23 адам қатысқан жарыста Алиядан кейін 18, ал Назеркеге дейін 9 адам болды. Алия мен Назеркенің арасында қанша адам болғанын табыңыз. (10-5-1=4)
2. Кешегінің арғы күні дүйсенбіден кейінгі екінші күн болса, бүгін қай күн екенін табыңыз.

(дүйсенбіден кейінгі екінші күн- сәрсенбі, кешегінің арғы күні-сәрсенбі, кешегі күн-бейсенбі, бүгінгі күн-жұма)
3. Жұмысшы өз кезегін әр 5 күн сайын ауыстырып тұрады. Ол бірінші кезекшілігін жұма күні бастады. Оның 11-ші кезекшілігі аптаның қай күніне сәйкес келеді.

(Оның 11-ші кезекшілігі 11*5=55 күннен кейін болады. 55/7 бөлгенде қалдық 1-ге тең демек жұмадан кейінгі сенбіде болады.)
4. Әр 3 минут сайын ағаштың 0,5 м бөлігін қиып алатын болсақ, 6 м ағаштың неше минутта жарты метрлік бөліктерге бөлінетінін табыңыз.

(6 метр ағашты жарты метрлік бөліктерге бөлу үшін 11 рет қию керек, онда 11*3=33 минут уақыт кетеді)
5. Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу, қайықтар нешеу?
(15 адам, 4 қайық)
6. Ағаш кесуші ағашты 3 бөлікке бөлу үшін 150тг алады. Ағашты 11 бөлікке бөлу үшін төленетін ақшаны табыңыз. (350тг)
7. Көрейін сенде қанша ақыл мен ес,
Балапан көжек санын өзің тапшы
Аяқтар 94, басы 35
Барлығы 55 (Балапан-23, көжек-12)
8. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6м көтеріледі. Ал түнде 4м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?
(5 күнде)

9.25 –ке дейінгі жай сандардың қосындысын табыңыз. (100)

10. Бақта бір-бірінен 6 метр қашықтықта 15 алма ағашы қатар орналасқан. Екі шеткі алма ағаштарының арақашықтығы неше метр екенін анықтаңыз.

(15 алма ағашының арасында 14 аралық бар. 14*6=84 метр)

1-жүргізуші:

Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл-ойдыңиесі,
Естандырыпбаурапалар сан цифр.

Шағылсаегерөрталабың, сынбағын,
Жаныпқайрат, ұстазсөзінтыңдағын.
Түсінбегентұрсақарапаңырып,
Түсінгенгеашадыолжұмбағын.

Сондайшәкірт ой-арманынұшырды,
Ғылымда осы өзжобасынұсынды.
Таныдыолартарихты да есіне ап,
ЕңежелгіГрекия, Мысырды.

2  жүргізуші: Келесі сайысымыз «Жорға» деп аталады.Сайыстан оза шапқан топ жеңімпаз атанады. Кейбір сұрақтарда сыяқы немесе банкрот жасырылған. Демек топ қоржынына ұпай қосылуы немесе керісінше алынып тастауы мүмкін.

Тақырыптар Бағалары (тг)
Анықтамалар 5 000, 10 000, 20 000, 30 000
Математикалық жұмбақтар 5 000, 10 000, 20 000, 30 000
Теңдеулер мен теңсіздіктер 5 000, 10 000 ,20 000 ,30 000

Анықтамалар
5 000: Заттарды санау немесе біртектес заттардың реттік нөмірін анықтау үшін қолданылатын 1,2,3,4… сандарын қалай атайды? (Натурал сандар)
10 000: «БАНКРОТ»
20 000: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты d санын қосқанда шығатын (a_n) сандар тізбегі қалай аталады? (Арифметикалық прогрессия)
30 000: Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынның нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық? (Функция)

Математикалық жұмбақтар
5 000: СЫЯҚЫ
10 000 : Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

20 000 :Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде(теңсіздік)

30 000: Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)

Арифметикалық прогрессия

5 000: а1=3 , d=7 алтыншы мүшесін тап (а6=38)
10 000: СЫЯҚЫ
20 000: а1=-1,7 , d=0.15 , n=5 ( а5=2,3)
30 000: Арифметикалық прогрессияда а1=-7,3 , a2=-6,4 болса, 26 саны тізбектің нешінші мүшесі болады? (n=38)



Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазылар 2 топтың балын есептей берсін.

Видеоролик көрсету «Табиғат және симметрия»

Әділ қазылар екі топтың қайсысы жеңімпаз екенін анықтайды. Ендеше әділ қазыларға сөз берейік!

Осымен бүгінгі сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Сайысымызға қатысып,белсенді болғандарыңызға рахмет


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
2558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі