Материалдар / Табиғат менің өз үйім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат менің өз үйім

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат менің өз үйім тақырыбындағы 4-сыныптарға арналған тәрбие сағатынан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
1397
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





«Бекітемін»________________________

Әдіскер:Сарсекова Г. К.

«Келісемін» __________________

Сынып жетекшісі: Аубакирова Ж. М





ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ





Тақырыбы:«Табиғат менің өз үйім»

Өтетін орны:Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп гимназия

Сынып:4 «В»

Мерзімі: 26.11.2021

Тобы: 21

Машықкер: Құсман Айдана Нұрбекқызы

Баға: «___» ___________________

Баға: «___» ___________________






Тәрбие сағатының мақсаты: Табиғат жайлы түсінік беру, табиғат сөзінің, табиғат жайлы білімдерін кеңейту, Ой – өрістерін, жан – жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту. Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Формасы: топтық жұмыс.

Көрнекіліктер:табиғат туралы мазмұнды суреттер, оқушылардың салған суреттері, бейнеролик.

Қажетті жабдықтар: стикер, түрлі түсті қағаздар, маркер, т.б



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:/30 минут/

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Көңіл-күй » тренингі


ІІ. Негізгі бөлім

  • Тақырыпты ашу. Ребус арқылы

  • Ой қозғау

  • Бейнеролик

  • «Попс формуласы»

  • «Конверт-сұрақ» әдісі

ІІІ. Қорытынды

  • Рефлексия «БББ әдісі»



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық. Бүгінгі тренингіміз «Көңіл күй» деп аталады.


«Көңіл-күй» тренингі

Сурет салу арқылы жүзеге асырылады. Шарты:қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақтағы көршілеріңізге сыйлық ретінде көңіл-күй сыйлыйсыздар және өздеріңіздің көңіл күйлеріңіз қалай соңы саласыздар. Көршіңізге қандай да бір сурет салу арқылы сыйлық жасайсыз,сыйлықты үнсіз көрсетіп бересіздер.Сіздің көршіңіз қандай да бір сыйлық жасап жатқаныңызды түсіну керек.


II. Негізгі бөлім.

Тақырыпты ашу.

Балалар тақтаға назар аударайықшы,тақтада ребус берілген.Оқушылар ребусты шешеді.

- Ия балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Табиғат менің өз үйім» жайлы болады.

Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат – анаға көз салып қарайсыңдар.Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше, біз бүгін сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып, мына өлең жолдарын бірге айтайық!


Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз,

Армысың, табиғат – анамыз!

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.


Ой қозғау:

-табиғат деген не?

-табиғат неге сенің анан?

-табиғат жайлы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

-табиғат байлықтарын аташы?

-табиғатты біз қорғай аламыз ба?

-табиғаттын адамға деген қандай пайдасы бар?




Бейнеролик

https://youtu.be/wbTLmr1KL34

https://youtu.be/cnxv1vFTVV8


«Попс формуласы» арқылы бейнероликтегі ақпарат бойынша өз пікіріңді дәлелде.



«Конверт-сұрақ» әдісі


Оқушыларды топқа бөлемін 1 қатар отырған 1 топ болып бөлінеді. 2 қатарда отырған оқушылар 2 топ, 3 қатар 3 топ болып бөлінеді. 3 топқа бөлінгеннен кейін тақтада тұрған 3 конверттін бірін таңдап алады 3 топқа 3 конверт топ көшбасшысы шығып конверт таңдайды. Конверттегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1 конвертте:

1.Табиғатты қалай қорғауға болады?

2.Табиғат сөзіне кластер жаса.

2 конвертте:

1.Табиғат жайлы 5 мақал-мәтел жаз.

2.Адам табиғатсыз өмір сүре алама?

3 конвертте:

1.Табиғат сөзіне синквейн құра.

2.Табиғат әкелетін пайдасы мен зияны.



III. Қорытынды

Рефлексия: «БББ» кері байланыс.

Балаларға стикер таратылады , балалар берілген стикерге өз ойларын жазып тақтадағы себетке апарып жабыстырады.

Қорытындылай келе, ал балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Табиғат ол біздің анамыз, біздің үйіміз . Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!