Материалдар / Табиғат пен адам арасындағы байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат пен адам арасындағы байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат пен адам арасында байланыс 5 сынып. Қандай байланыста болады сол жайлы айтылады. Табиғат туралы мәліметтер айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
686
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ

Пәні: География

Күні: 17.04.17ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Тақырыбы: Адам және Табиғат

Мақсаты:  балалардың табиғат туралы түсінігін кеңейту,табиғаттың адам өмірі үшін қажеттің бәрін беретінін, сондықтан табиғатты сүю оны қорғау  керектігін өздері бақылай отырып, қорытынды шығару.Адамның жақсы жаман қасиеттеріне өз пікірлерін айтып,шешім қабылдауға,салыстыру,үйрету,табиғатты қорғауға сүюге тәрбиелеу.Дүниетанымын,ой өрістерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Тақырыпты меңгереді

  • Білім,білік дағдылары қалыптасады

  • Өзін-өзі бағалай алады

  • Бір-бірінің пікірін тыңдауға үйренеді

  • Бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады

  • Картамен жұмыс жасай алады

Түйінді идея

Судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Көрнекілік көздері: интерактивті тақта, фотосуреттер, бейнебаян,бағалау

парағы,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тренинг,топтық және жеке жұмыс, ойын

түрінде,логикалық тапсырмалар, бағалаудың түрі

Пәнаралық байланыс: әдебиет, физика,тарих,биология


Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Оқыту әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Оқушыларды амандасу,түгендеу.

Назарын сабаққа аударту.

Психологиялық тренинг

«Жақсылықпен жаным дос»

Әуен ойналады,оқушылар көз жұмып бір мезет саяхатқа аттанады.Мұғалім жәй ғана әуеннің ырғағымен қара сөздерді оқиды.

  • Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады.

(Қолдарын жан-жаққа шайқайды).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады.

(Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).

Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды.

(Балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

Міне, осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға тілек айтып сыйлаңыздар.

Сөйтіп оқушылар оянады,көздерін ашып қасындағы көршісіне «Саған жақсылық жасаймын, уәде етемін» деп шеңбер бойынша тілек айтып шығады.


Топтық


Интерактивті тақта

Паровоз арқылы топтастыру

1.Паровоз арқылы бір-бірінің артынан ұстап,шеңбер бойынша айналып, 1-2-3 топқа бөлінеді

2.Оқушылыр топқа бөлініп үй тапсырмасын қайталауға кірісеі. 1 минут уақыт беріледі



Топтық


Үш шапалақ



Фотосурет

Қызығушылықты ояту(10мин)

Үй тапсырмасы:

Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдер

  • Сәйкестендіру тестісін аламын.Оқушылар оған лезде жауап беруі тиіс.

Интерактивті тақтадан адасқан сұрақ-жауап кестесі көрсетіледі.

  • Ауызша оқушылардың жауабын тексеріп, үй тапсырмасын қорытындылаймын




Жеке




Үш шапалақ




Кесте парақшасы

Мағынаны тану (15мин)


  • Сабақты актуалдап кетемін ауызша (Мысал арқылы)

Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдер ненің патшалығы?

Тірі организмдердің қоршаған ортасы не?

Табиғат дегеніміз не, оны қалай түсінеміз?

Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз?

********

  • Бейнебаян көрсетіледі және оқушылар өз ойларын ортаға салады

  • Жаңа сабақты түсіндіремін
    Адам және табиғат

  • Бейнебаян көрсетіледі. (Оқушылар өз ойларымен бөліседі)

  • Сабақты кішігірім интерактивті тақтаның көмегімен түсіндіріем

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам  табиғатты қасиет тұтады . Табиғат -  тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ  халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы  жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың  ластануы үлкен ,  аса зор мәселе. Бұл барлық  дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан  адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз  қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы  тал,жасыл желек. Егер осы мәселе  қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі  тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл  бағыттар  мектептегі тәрбие  жұмысына  еніп,  біз  ауыл  көшелерінің  тазалығын  сақтауға  өз  үлесімізді  қосамыз.  Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін  де  табиғаттан аламыз.Өлкелерді  көгалдандыру  жұмысы  жүргізілсе  деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы  газдар мен бактериялардан бастау алады.  Мен  өзімнің  туған  өлкеме  қарағай  т.б ағаш  түрлерін  ексе  екен  деймін. Табиғаттың  зардаптарына  төтеп  беру үшін  табиғатты  қорғауымыз  керек.

  • 1.Өзіндік зерттеу сәті

Әрбір топқа өз бетінше оқу ұсынылады

(2минут уақыт беріледі)

2.Жаңа сабақ түсіндіру арқылы жаңа сабақты қаншалықты түсінгендері сұралады

3.Топтық жұмыс

Топтық таныстырылым

1-топ: Таббиғат байлықтары

2-топ: Адамның табиғаттағы алатын орны

3-топ: Экологиялық апаттардың адам өміріне әсері

Картамен жұмыс

Әр оқушы картадағы обьектілерді тауып,оларға сипаттама береді.





Топтық

Екі жұлдыз,

бір тілек

Оқулық интерактивті тақта плакаттар

Ой толғаныс (10мин)

Әріптер сыры:

Әр оқушы берілген сандар арқылы,алфавит әріптердің нешінші тұрғаны арқылы жұмбақты шешеді.Мысалы: 18+38+16

Алфавитте 1-ші әріп –А

25-ші әріп – Т

1-ші әріп -А

«Атадан мал қалағанша тал қалсын» деген мақалды оқушылар жұмбақтың шешімі арқылы табады




ЖЕКЕ



Үш шапалақ

Интерактивті тақта,

Сабақты қорытындылау (3мин)

  • Қорытындылау.Рефлекция

Ұшқыр қиял

I топ – “Адамның қоршаған ортаға әсерінен......” эссе жазу

II топ Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер,немесе нақыл сөздер

III топ “Табиғат немесе туған жер” тақырыбында 5 жол өлең шығару

Қорытынды кезеңі:

-Тақтадаң ұлы ойшыл ғұламалардың нақыл сөздері көрсетіліп таныстырылады, және әр оқушыға бағыт бағдар бере отырып сабақ қорытындыланады



Жеке

Топтық



Өзара бағалау





Бағалау кезеңі(2мин)

  • Әр оқушы сабақ соңында өзін-өзі түрлі-түсті стикер арқылы бағалайды.

  • Инстабаға бағалау парағына әр оқушы өз лүпіл басып жүрекшені жабыстырады.

(Бұл жерде қазіргі заманауи ақпарат көздерін нысанға ала отырып, бағалаудың осы түрін оқушыларға пайдаландым)

-сабаққа түсінбедім

-сабақ өте қатты ұнады

-сабақты толық меңгере алмадым

Жеке

Мұғалімнің бағалауы

Интерактивті тақта

Үйге тапсырма беру кезеңі

Адам және Таббиғат

-Табиғаттағы құбылыстар туралы ырым-жоралғылар іздестіру

-Сөзжұмбақ құрастырып келу



Интерактивті баға


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!