Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу әдістемелік материалды жариялағанның растайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Табиғат пен адам. Лепті сөйлем

Мектеп: Бозтал орта мектебі


Күні: 10.12.2020ж

Машықкердің есімі: Туякбаева Аружан

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңге ат қояды, мазмұның түсіндіре алады. Табиғатқа нелер жататының айта алады.

Көптеген оқушылар: Сурет бойынша өз ойын білдіре алады.

Кейбір оқушылар: Қалақай туралы мәлімет бере алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Өлеңді түсініп оқиды, өлеңге ат қояды, мазмұның түсіндіре алады. Табиғатқа нелер жататының айта алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркетері:

Туған өлке, табиғат, гербарий, қалақай.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өлең не туралы?

  • Өлеңге ат қой.

  • Табиғатқа нелер жатады?

  • Бізді қоршаған орта не деп аталады?

Алдыңғы оқу

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


5 минут









Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздерме,оқушылар!

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн – Табиғат

Жайқалып өссін – өсімдік

Жайнай берсін – орманымыз

Биік болсын – тауларымыз

Сәтті болсын – сабағымыз!

- Балалар, бүгін біз жаңа бөліммен танысамыз.

- Суретте не көріп тұрсыңдар?

- Бұл бөлім «Менің туған өлкем» деп аталады.

- Бұл бөлімде біз:

  • Өлең құрастыруды;

  • Каллиграмма жасауды;

  • Әңгіме жазуды;

  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ажыратуды;

  • Сөйлем түрлеріне сәйкес тыныс белгілерін қоюды;

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы үйренеміз.

- Олай болса бүгінгі сабағымызды бастаймыз.


Оқулық: https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA

Слайд:

https://cloud.mail.ru/public/3ojP/LvqeAbQLK













https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA (99бет)





Ортасы






















































































1 - Тапсырма. Өлеңді түсініп оқы.

Табиғат,

Тіршіліксіз тұнып тұрған,

Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің,

Сен – Ормансың,

Сен – Бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – Жарықсың,

Сен – Жерсің,

Сен- Гүлсің,

Сен – Адамсың,

Сен – Ауасың,

Сен – Анамсың –

Бәрі Сен – менің өмірім сен сыйлаған,

Туған жерім – Отаным Қазақстан.

Садықбек Халгендин

- Өлең не туралы?

- Табиғат туралы

- Өлеңге ат қой.

- Табиғат, Туған жер, Отаным т.б

- Табиғатқа нелер жатады?

- Күн, Ай, өзен-көл, бұлақ, орман, дала, жан-жануарлар т.б

- Бізді қоршаған орта қалай аталады?

- Табиғат

Қ.Б.: Мұғалім бағалайды.


2 - Тапсырма. Сурет бойынша білетіңдерінді айтып көріңдер.

  • Суреттегілерді бір сөзбен қалай атауға болатынын айт.

  • Көп нүктенің орнына қажеттілерің өзің тауып қойып, төмендегі үлгіде сөйлем құрап жаз.

Үлгі: Қандай әдемі гүл! Мына пілдің үлкенін- ай!

  • Құраған сөйлемдерді таңданысты білдіретін дауыс ырғағымен оқы. Не байқадың?

3 – Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Балақай мен қалайқай

Саяхаттап көрдік қыр,

Қырға бардық, тердік гүл.

Айқайлайды балақай:

- Алақай – ау, алақай!

Жапырақты үземін,

Гербарий ғып тіземін

Ол қурайды бас салды,

Міне, шатақ басталды.

Қарып алады қалақай,

Жылап қалды балақай...

Мұзафар Әлімбаев

- Қалақай туралы не білесің?

- Балалар барлығымыз Гербарий шөбір білеміз бе?

  • Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі.

Гербарий (лат. Herba — «шөп») — зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы;

- Өлеңнен баланың қуанышын білдіретін сөйлемді тап, оның айтылу ырғағына және тыныс белгісіне назар аудар.

- Алақай-ау, алақай! (Көтеріңкі дауыспен және леп белгісімен)

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді Лепті сөйлеп деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.


4 – Тапсырма. Өлеңді көшіріп жаз.

Алақай, алақай!

Күн шықты, күн шықты,

Жер үстіне нұр шықты!

- Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

- Өлең шумағы сенің көңіл күйіне қалай әсер етті?



https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA (100бет)

























https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA
























https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA



















https://yadi7sk/d/OimpiFoyKJNSeA



Сабақ соңы

5минут


Бекіту сұрақтары:

- Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

- Лепті сөйлем қандай дауыспен айтылады?

- Лепті сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Рефлексия «Күн мен Бұлт»

Күн – барлығын түсіндім, сабақ ұнады.

Бұлт – түсінген жоқпын, қызықсыз болды







Әдіскер: Сахариева З.Д

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні: Уалиханова Алмагул

Келісемін:

Машықкер: Туякбаева Аружан

Баға:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2020
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі