«ТАРАЗ
ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
ӘЛИХАН
БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»
КОММУНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
Тақырыбы: «Табиғат
қателіктерді кешірмейді»
Сынып:
5 «Б»
Сынып
жетекшісі:
Мұсабекова
М.Д.
2020-2021
оқу жылы
Сынып
сағаты: Табиғат
қателіктерді кешірмейді.
Мұны
айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Мақсаты: экология
жайында білімдерін тереңдету; Туған
жеріне, табиғатына сүйіспеншіліктерін
артыру, еліміздің патриоттары болып
тәрбиелеу.
Сабақ
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.
Сабаққа дайындығын тексеру.
2.
Ойын «сен білесің бе?»
1) Судағы
ең ірі жануар? (Кит. Ол сүтқоректілерге
жатады, ол балықтар сияқты желбезек
арқылы тыныс алмайды. Оның өкпесі бар.
Ең үлкені – көк кит.Ұзындығы 33 м, арқасында
30 пілді орналастыруға болады)
2) Ең
қауіпті балық (Акула. 350 түрі бар.)
3) Ең
ұзын жылан? (Анаконда. Оңтүстік Америкада
кездеседі. Ең ұзыны - 8 м 29 см).
4) Құрлықтағы
ең үлкен жануар (Слон. Үнді
пілі, салмағы 5—б т, 60—70 жыл
өмір сүреді.)
5) Ең
биік жануар. (Керік.бойы 5—6
м, салмағы 1 т.)
ІІ.
Кіріспе әңгіме.
-
Ғасырлар бойы адам баласы тіршілік
жасау үшін қажеттінің бәрін табиғаттан
алып келеді. Өз әрекеті арқылы ол табиғи
ортаны өзгертеді. Адамның табиғатқа
әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Сондықтан
әлемдегі жағдай күрт төмендеп кетті.
Бүгінде әлемнің кейбір аймақтарында
адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның
өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
Табиғат
адамға жасаған қателіктерін кешірмейді.
Мұндай жағдайды түзету үшін бір-ақ қана
жол бар. Ол – табиғатты түсіне білу,
оның заңдарына бағыну, экологиялық
мәдениетін ұстану.
-
«Экологиялық мәдениеті» дегенді қалай
түсінесіңдер?
ІІІ.
Мәселе туғызу.
Балалар,
қалай ойлайсыңдар, сармасаның пайдасы
бар ма?
Мен
сендерге оның пайдасы бар десем сенесіңдер
ме? Ол – құстардың, балықтардың азығы
болады екен. Егер сол сармасаны жойса
не болады деп ойлайсыңдар?
Табиғатта
барлығы бір-бірімен тығыз байланыста
екен. Біреуі жоғалса, екіншісі де жойылу
мүмкін. Түбі қиын жағдайға келтіреді.
Осы байланысты зерттейтін – ЭКОЛОГИЯ.
Осындай
байланысқа мысал өздерін келтіріп
көріңдер.
Арал
теңізінің суын мақтаны суару үшін
пайдаланған, сондықтан оның суы азайып,
әжептәуір кеуіп қалды.
Қытай
елінде торғайлар күрішті өсіргізбейді
деп, мүлдем құрып тастаған. Бірақ түбінде
сол күріште құрттар пайда болған. Жасаған
қателіктерін түсінген қытайлықтар
торғайларды басқа мемлекеттерден сатып
алуға мәжбүр болған.
Норвегияда
кекіліктерді сақтап алу үшін жыртқыш
құстарды қырып тастаған. Бірақта сол
кекіліктер басқа аурудан өздігінен
қырылып қалды. Себебі жыртқыш құстар
олардың арасындағы осындай ауру құстарды
ғана аулап жейтін.
Сонымен,
экологияның төрт заңы. Оларды американдық
ғалым Барри Ордер құрастырған.
Бірінші
заң: «Бәрі бәрімен байланысты». Біз бұл
заңның әсерін мысалдарымызда көрдік.
Екінші
заңда: «Бәрі бір жерге кетуі керек»
делінген. Ешбір нәрсе із-түссіз жоғалмайды,
соның ішінде көмілген немесе өртенген
қоқыстар да. Бір заттан екінші зат пайда
болады, ауа уланғанда, климат өзгеріп,
адамдар ауырады.
Үшінші
заң: «Ешнәрсе бекерге берілмейді».
Табиғаттан алғанның бәрін біз басқа
жолмен аламыз. Тараншылар жойылды -
зиянкестер бүкіл егінді жеді, жыртқыш
құстар атылды, кекіріктер жоғалды. Сіз
бәрін төлеуіңіз керек.
Төртінші
заң: «Табиғат жақсы біледі». Табиғатты
«жақсартуды» менмендікпен қалайтын
адам табиғи процестердің барысын бұзады.
ҮІ.
Жағдаяттарды шешу.
Сен
кимейтін киімдеріңді лақтырма, одан да
...........
Ескі
ойыншықтарыңды, кітаптарды лақтырмай,
одан да ...........
Шырынды
шыны ыдыста сатып алғанын дұрыс болады,
себебі шыны ыдысты ...........
Қоқысты
балалар жерге лақтырмас үшін, ауыл
тұрғындары не істеу керек?
ҮІІ.
Қорытынды.
Бүгінгі
сабақтан не ұқтыңдар? Не естеріңде
қалды? Өздеріңді экологиялық мәдениетті
адам деп санай аласыңдар ма?
Алған
білімдерімізді өмірде қолдана білуіміз
керек. Сонда елімізге, жерімізге,
табиғатқа пайдамыз тиеді.