400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеті . Табиғи құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың дене, зат туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру.Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар беру.

2.Дамытушылық: Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялауға баулу,сезімталдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап ,ой қозғау, топтастыру,баяндау.

Көрнекілігі: суреттер, (табиғат құбылыстары), сызбалар, үлестірмелі қағаздар, денелер,заттар,(алма,шеге,қалам).

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиеттік оқу, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық.(хормен айту)

Табиғат- біздің анамыз, Жер байлығы көп екен,

Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалаймыз.

Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгертер,

Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы. (топқа бөлу)

II.Үй тапсырмасын тексеру. « Денелер туралы түсінік. Табиғи және жасанды денелер.

1-топқа (күн бейнесі)

1.Дене деген не? ( адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене)

2.Дене нешеге бөлінеді? (2 жасанды.табиғи)

3.Табиғи денені атап шық? ( күн,ай,жұлдыз, бұлт,тас,аң, құс)

2-топқа (бұлт бейнесі)

1.Жасанды денені ата. ( үй, машина,үстел,орындық,кітап,дәптер,қарандаш,доп)

2.Табиғи дене нешеге бөлінеді? (2 тірі,өлі)

3.Тірі денелерді атап шық. (адамдар,өсімдіктер, жануарлар)

3-топқа (тамшы бейнесі)

1.Өлі денелерді ата. (ауа,бұлт,құм,тас,т.б.)

2.Зат қасиеттерін атап шық. (сұйық,қатты,жұмсақ,жанғыш,ағады,т.б)

3.Дене неден тұрады? (шөлмек-шыны,шеге-темір,былғары-етік,әйнек-терезе,су—тамшы,алюминий-сым.)

III.Жаңа сабақ.

Ой қозғау.

а) Оқушылардан жыл мезгілдерінің ерекшеліктер туралы сұрау. Көктемде қар ериді,су ағады, су тасиды. Жазда күн ысиды,жел соғады.Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Қыста қар жауады,боран соғады.

Ойларын жинақтау. Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде ақпаратпен танысамыз. Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру.(компьютерден электронды оқулық көрсету арқылы түсіндіру).

ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды.

Ағаш өседі,құлайды,шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді, өледі. Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады. Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп,салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.

IV.Дәптермен жұмыс. Сабақ тақырыбын жазу.

Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптерге жазу.

V.Сергіту сәті.Жаңбыр жауды – тырс,тырс,

Боран соқты –гу,гу,

Жел тұрды -ыли,ыли,

Найзағай ойнайды – тарс,тұрс.

VI. Жұмбақтар жасыру.

1.Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта-ақ. (бұршақ )

2.Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді. (жел)

3.Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (найзағай)

4.Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (күн)

5. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ,желеді,

Ауызы жоқ,ұлиды. (боран)

6.Арыстан ақырады,

Орман жаңғырады. (найзағай)

VII.Сабақты қорыту.

Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.

 

 

Бағалау. Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау. (күн,бұлт,тамшы сандарын санау)

Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Осы күнгі ауа райын суретке салу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі