Сабақтың
тақырыбы: Табиғат
құбылыстары.
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың дене,зат туралы
алған білімдерін тиянақтау,
әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде
мағлұматтар
беру, түсіндіру.
2. Дамытушылық: Өз ойларын тиянақтап айтуға
дағдыландыру, танымдық
белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс
жасауға,
ізденуге үйрету;
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны аялауға
баулу. Сезімталдыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау,
топтастыру, баяндау.
Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары
), сызбалар, үлестірмелі
қағаздар, үнтаспа, слайд.
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу,
музыка, бейнелеу.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.
Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгелдеу.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл – қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз.
II. Үй тапсырмасын
тексеру.
1 топқа ( күн бейнесі
).
1. Уақыттың өлшем бірліктерін атаңдар.
Жауабы:
сағат,минут,секунд,апта,тәулік,ай,жыл,ғасыр.
1 жыл=12 ай , 1 ай = 30
– 31 күн. 1 минут = 60 секунд, 1 пата = 7 тәулік. 1 ғасыр = 100
жыл.
2 - топқа ( бұлт бейнесі ).
1. Ұзындықтың өлшем бірліктерін
атаңдар.
Жауабы: Мм, см, дм, м,
км
1км=1000м 1 м=100 см 1
дм = 10 см 1 см = 10мм
3 - топқа ( қар бейнесі ).
-
Температураны өлшеу үшін арналған қүрал қалай
аталады?
Жауабы:
термометр
4 – топқа ( жапырақ бейнесі)
-
Термометрдің қандай түрлері болады?
Жауабы: бөлмеішілік,
суға арналған, медициналық, далаға арналған.
( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).
III. Жаңа
сабақ.
Ой қозғау. ( 2 минут)
а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктері
туралы сұрау.
Көктемде қар ериді, су ағады, су
тасиды.
Жазда күн ысиды, жел соғады.
Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.
Қыста қар жауады, боран болады.
Ойларын жинақтау.
Олай болса, бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер
жөнінде танысамыз.
Оқулықпен жұмыс:
1.Мәтінді оқып беру;
2.Әр топтан оқушыларға оқыту;
3.Мәтіннің мазмұнын ашу.
4.Табиғат құбылыстары
жөнінде мәліметтер беру.
( слайдтан көрсету арқылы
қосымша мәліметтер беру ).
Ертеңгілік күн шығып, жарық болады, кешке күн
батады, қараңғылық болады. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады,
найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су
тасиды.
Табиғаттағы өзгерістердің
барлығы «табиғат құбылыстары» деп аталады.
Жер бетіндегі ауаның бір
жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.
Жер бетінен ауа жоғары
көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар
шоғырланып бұлт құрайды.
Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар
бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі
су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар
жабысып қарға айналады.
Жер үстіндегі ауаның бір
жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп,
электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт
арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр
ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде
көрінеді.
IV. Дәптермен
жұмыс.
Күн ретін, сабақтың тақырыбын жазу.
Жел, бұлт, жаңбыр, қар,
найзағай сөздерін дәптеріне жазу.
Көрдім
|
Естідім
|
Сездім
|
Күннің батуы
|
Желдің соғуы
|
Жел
|
Таңның атуы
|
Жаңбырдың тырсылы
|
Аяз
|
Найзағай жарқылдауы
|
Күннің күркіреуі
|
Ыстық , суық
|
Құстардың келуі,кетуі
|
|
|
V. Сергіту
сәті.
Жаңбыр жауды -
тырс²,
Боран соқты - гу²,
Жел тұрды - ыли²,
Найзағай ойнайды - тарс-тұрс.
VI. Шығармашылық
жұмыстар.
1. Әр топ өздеріне берілген
жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарының суретін
салады.
1-топ «Күз» . Күзгі жаңбырды бейнелеу
2-топ «Қыс». Қысқы ойынды бейнелеу
3-топ «Көктем». Көктемгі ағашты
4-топ «Жаз» . Жазғы жемістер
VII. Сабақты
қорыту.
Жұмбақтар жасыру
1. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.
( бұршақ )
2. Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
( жел )
3. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
( найзағай )
4. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
( күн )
5. Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, желеді,
Ауызы жоқ, ұлиды.
6. Арыстан ақырады,
Орман жаңғырады.
( найзағай )
Аспанымыз ашық, бұлт шалмасын.
Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын-дей келе балалар
бүгінгі сабағымыз аяқталады.
IX.
Бағалау.
Әр топтағы балалардың еңбегін
бағалау.
X . Үйге
тапсырма.
Мәтінді оқу. « Табиғатты аяла
» тақырыбында шағын әіңгіме жазу.
XI. Сабақты
аяқтау.
БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН
ҚАРАЛДЫ
Мектеп директоры: Директорды
ғылыми-әдістемелік Директордың ТІЖО
жөніндегі
орынбасары:
К.С.Дүйсенова Л.С.Әбу Ғ. Қ.
Ысмайыл
_____________ ________________
__________________
«25».12.2015 ж «25». 12. 2015ж
«25». 12. 2015 ж
Ашық тәрбие
сабақ
Тақырыбы:
ХХІ
ғасыр көшбасшысы
3 «З» сыныбы
Сынып жетекшісі:
Қонысбаева Н.Ж.
Астана қаласы
2015 – 2016 оқу жылы