400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат ресурстары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері

Мектеп:

Күні: 15.01.19ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Табиғат ресурстары


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.4.1 - табиғат ресурстарының қолданысын анықтау;

2.3.4.2 - табиғат ресурстарын шығу тегі бойынша жіктеу

2.1.2.1 - «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында

тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Атау, анықтау, әңгімелеу, табу, байланыстыру, қорытынды жасау.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:табиғат ресурстары, жер, ауа, таскөмір, құм, ас тұзы, күн.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Табиғат ресурстары дегеніміз-бұл табиғаттан алынатын және адам өмірінде пайдалыналатын заттар.


Құндылықтар-ды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану.

Бастапқы білім

Табиғаттан алынатын және адам өмірінде пайдалыналатын заттар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
















Дереккөз

























Сабақтың ортасы


























Сабақтың соңы


(Ұ) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ой қозғау.

Picture 107 Біз бүгінгі сабақта табиғат ресурстарымен танысамыз және табиғат ресурстарын ажыратып үйренеміз. Табиғаттан не аламыз? Адамдардың өмір сүруі үшін не қажет? Олар ең қажет заттарды қайдан алады? Суретке қарап жауап берейікші?

(Ж) Топтастыру стратегиясы

Оқушыларға табиғат ресурстары бейнеленген суреттерді таратып беріп, өздерінің түсініктері бойынша табиғат ресурстарын табуға көмектесу.Адамдардың өмір сүруі үшін қандай қажеттіліктері бар екендігін әңгімелету.

Адамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғаттан алынатын ресурстарды табиғи ресурстар деп атаймыз. Олар ауа қабаты, литосфера және биосфера ресурстарына бөлінеді.Ауа , су мен топырақ ,пайдалы қазбалар, өсімдіктер, жануарлар,жел,күн қуаты - бұлар табиғи ресурстар. (Ұ) «Ойлан.Бірік.Талқыла.» стратегиясы

Оқушылардың идеяларын тыңдаған соң, табиғат ресустарының шығу тегі бойынша бөлінуін талқылау: табиғат және адам қолымен жасалған ресурстар.

Суретпен жұмыс.

Жұптық жұмыс.Артық бөлшекті анықтау. Алма, балық, су-табиғи ресурстар.Оларды табиғат жаратқан және табиғи түрінде қолданылады. Артығы шай кесесі.Бұл зат адам қолымен табиғаттағы сазбалшықтан жасалған.Дәптер, кітап, парта, көйлек неден жасалған? /Дәптер,кітап, парта -ағаштан, көйлек-мақтадан жасалған/, Ағаштан тағы не жасауға болады?

Қосымша мәлімет: Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады.

(Ұ)Проблемалық сұрақ

Табиғат ресурстары керек пе?

Оқушылар пікірлерін айтады, әңгімелейді.

Дескриптор:

* Оқушылар табиғи ресурстар туралы айтады.

Олардың не үшін керектігін түсіндіреді.Сергіту.

Зерттеу жұмысы. Топ оқушылары табиғи және табиғи емес ресурстарды тауып талқылап белгілейді.Басқа топтың жұмыстарымен салыстырады. Зерттеу нәтижесінде оқушылар табиғи ресурстарды топтастыра алады, табиғи емес ресурстардың адам қолымен жасалатынын түсінеді.Жұмыс дәптерімен жүргізілетін жұмыстарға арналған нұсқаулар.

(МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өз-өзін бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін «Жетістік баспалдағына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды.

Үйге: оқып келу













Үлестірмелі қағаздар, ватман



















































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті жоғары оқушылардан әңгіме құрастыруда жақсы сөйлемдер құрастыруды талап етемін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру.

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы


Қауіпсіздік шаралары ескертіліп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды.

Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау сабақ барысында өз нәтижесін берді. «абиғат ресурстары»тақырыбына дереккөздер арқылы әңгіме құрастырды.

Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарға өзгерту енгізбедім.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Табиғат ресурстары туралы керекті мағлұмат алды.

2: Слайдтар арқылы табиғат ресурстарын тауып, олар туралы пікірлерін ортаға салды.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Слайдтағы суреттер көп нәтиже береді.

2: Топтық жұмыстарда әңгіме құрастыру жақсы нәтиже береді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әр сабаққа проблемалық бір сұрақ қойып отыруға болады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
3172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі