400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Табиғат-шабыттың қайнар көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары ,мектеп мұғалімдеріне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзімі: № 25-26 сабақ


Тақырып: Табиғат –шабыттың қайнар көзі.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: аяушылық, мейірімділік, махаббат.

Мұғалім: Омарбаева АА Сынып – 5 Оқушылар саны -


Сабақтың мақсаты: Табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; табиғаттың тылсым құдіретін – түсінуге, сырлы табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту;

- табиғаттағы жұмбаққа толы дүниені тануға құштарлыққа, олардың сырларын ашуға қызығушылыққа, табиғат құбылыстарын дұрыс пайымдай білуге баулу;

- туған табиғаттың ғажап көріністерін аялап, сақтай білуге, тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.



  1. Дәйексөз

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Ш. Уәлиханов



  1. Әңгімелеу

Табиғат тылсымы

Табиғат тылсымын түсінген адам қоршаған әлемді құрметтеуге, сырын ұғуға құштар болады. Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады. Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау әрбір адамның міндеті әрі борышы. Табиғат пен адам – егіз ұғым.Табиғат адамды әлдилеген ана ғой. Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын әнші құстарының үні, салқын соққан самалының қоңыр лебі, жұпар аңқыған жусаны адамды қанағаттандырады.

Табиғат байлығын бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы.

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара байланысты. Тіршілікте төрт құдірет –Күн-ана, жер-ана,

ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың –елі бай», «туған жер –алтын бесік», «жеміс-жерде, жеңіс-ерде», «ауа-өмір тынысың», «судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған.

Табиғат тылсымы дегенді ғалай түсінесіңдер?

Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?

Табиғат аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.

  1. Аққу-киелі құс, оны атуға, құс салуға болмайды.

  2. Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

  3. Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

  4. Көкті жұлса «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.

Тыйым сөздердің мән мағынасын түсіндіріңдер?



  1. Топпен ән айту

Сүйейік табиғатты аялайық.

Жайын жүргім келеді, жайын жүргім,

Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.

Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып,

Қызығына батасың терң сырдың.


Әр гүл саған елжіреп сыр шертеді,

Таң- тамаша ол қызық бір ертегі.

Еркіндікті, кеңдікті көңілің сезіп,

Қиянаттан, қыспақтан жирентеді.


Жібек гүлдер жүзіңді жирентеді,

Жұпар ауа жаныңды тазартады.

Жақсылығын бергенде көңілің сезіп,

Ала бер деп, алғанша тағы айтады.


  1. Үй тапсырмасы

Табиғаттың қызықты да, құпия сырлары туралы материал әкеліңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі