400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Табиғат-шабыттың қайнар көзі» 5-ші сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


№32 жалпы білім беретін мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп



Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Табиғат-шабыттың қайнар көзі»

5сынып оқушыларына



Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Тлеубаева Рая Кадырхановна










Өзін- өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Мектебі: №32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп

Күні: 12.03.2020ж.

№: 25

Мұғалімі: Тлеубаева Р.К.

Сыныбы: 5

Оқушылардың саны: 20

Тақырыбы: Табиғат-шабыттың қайнар көзі

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: шыдамдылық, қамқорлық, қайырымдылық

Мақсаты: Оқушыларға « табиғат- адам өмірін шабыттың қайнар көзі» туралы түсінік беру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік оқушыларға табиғаттың адам өміріне маңыздылығы туралы түсінік беру;

  2. Дамытушылық оқушыларға табиғатты қамқорлық жасауға үйрету;

  3. Тәрбиелік: шыдамдылыққа, қамқорлыққа , қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Амандасу

  3. Түгендеу


  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


Жағымды күйге келу Орманға ойша саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жұмыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыңыз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.


Үй тапсырмасы:

№26 сабақ, Мұхтар Әуезовтің әңгімесін сұрау.

Сұрақтар:

1.Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?

2.Табиғатқа тамсану адамды не нәресеге шабыттан-дырады?

3.Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адам мінезіне теңеуге болады?

4.Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің.

5. Табиғаттың ғажап көрінісін сақтау үшін өз үлесіңді қосып жүрсің бе?


2.Дәйексөз:

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар»

Шоқан Уалиханов

(Ер балалар, қыз балалар хормен айтқыздыру)

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?


Әңгімелеу

« Патшаның даналығы»

(Аңыз әңгіме)

Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың, сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.

Сонда әкесі: Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақылдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.

Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек.

Сұрақтар:

1.Баласы әкесіне қандай сұрақ қойды?

2. Патша өз баласына қандай жауаптар айтты?

3. Дана болу үшін адам қандай қасиеттерді серік етеді?

4. «Адамның жүрегінің есігі ашық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

5. Жүрегі ашық адам деп кімді айтар едіңіздер?

6. Өзіңнің жүрегіңнің ашықтығын қалай көрсетесің?


Шығармашылық жұмыстар:

Топтастырамыз

1-топ «Қамқорлық»: Табиғатқа көрсеткен қамқорлықтарын сахналау.

2-топ «Шыдамдылық»: Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқып, адамның қасиеттерімен байланыстырып айту.


6. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы №27сабақ, 114-бет Сырбай Мәуленов «Мен елімді сүйемін» өлеңін оқу.

Дәптердегі 54 - бет, №3 тапсырма


Топпен ән айту:

Наурыз көктем

Әні мен сөзі:Б.Бейсенова

Наурыз көктем –әкелді таңның шуағын

Наурыз көктем- әкелді таудың бұлағын

Наурыз көктем-жайнайды далам гүлдері

Наурыз көктем-алма ағаштары гүлдеді

Қайырмасы:

Наурыз көктем-шуағын төккен

Әкелді байлық еліме

Наурыз көктем- асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме

Наурыз көктем –молшылық ,байлық ,береке

Наурыз көктем-асығып жеткен мереке

Наурыз көктем-думанды тойда қалайық

Наурыз көктем-қосылып әнге салайық

Қайырмасы:

Наурыз көктем-шуағын төккен

Әкелді байлық еліме

Наурыз көктем- асығып жеткен

Әкелді бақыт жеріме


7. Сабақтың қорытынды сәті.


Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі