400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат сипаты 4 сынып ашық сабақ Қастек Баянбай

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат сипаты 4 сынып жоғары сапада жасалған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:


Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысқандардың саны

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат сипаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.2.3.1. шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;

Сабақтың мақсаты

шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;


Құндылықтар

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ:Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут




Өткенді пысықтау

5 минут



Сабақ

тың ортасы

20 минут








Сергіту сәті

2 минут









Сабақты қорыту

8мин







Кері байланыс

5 минут



Амандасады;

Сабаққа дайындығын тексереді;
«Көңілді сынып» әдісі бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып аламын;


Оқушыларға топқа бөлу:

1 – топ «Жаңбыр»

2 – топ «Тамшы»

3 – топ «Бұлттар»

4 – топ «Аспан»



Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік?

Жарайсыңдар!

Ендеше,өткен сабақ бойынша сендерге қызықты ойын дайындап келдім. Сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?

«Жүзіктер» әдісі (топтық жұмыс)


  1. «Сатылған көлеңке» ертегісі қай халық туындысы? (ұйғыр)

  2. Бай қай ағаш көлеңкесінде жатты? (тұт)

  3. Шаруа ағаш көлеңкесін байдан қалай алды? (сатып алды)

  4. Байды неліктен бәрі мазақ етеді? (ағаш көлеңкесін сатқаны үшін)

  5. Байды балалар не деп мазақтады? (Сараң бай)

  6. Елдің мазағынан соң байдың әрекеті? (елден көшіп кетеді)

  7. Тапқыр шаруа әңгіме аяғында не істейді? (Байдың үйіне көшіп алады)

  8. Көлеңкені сату байдың қай қасиетін көрсетті? (көрсе қызар, сараң)

Жарайсыңдар!


Балалар, бүгін біз табиғаттың керемет бір құбылыс туралы өтеміз;


Сабақ мақсатымен таныстыру:


шығарманың тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;



1 – тапсырма (жеке жұмыс)

«Сәйкестендір»

Табиғат құбылысын сипаттайтын сөздерді сәйкестендіріңдер!


Ашық қар гуілдеген

Алай – түйлей жел сақылдаған

Шатыр – шұтыр боран сақылдаған

Жапалақ найзағай бет қаратпайтын

Нөсерлеткен аяз айналып

Ақтүтек аспан жерге түскендей




Автормен таныстыру (слайд)

Қастек Баянбай (15 қараша 1936 жыл, Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ) - балалар жазушысы, ақын.


Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 — 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.


2 – тапсырма (жеке жұмыс)

«Не жауып тұр» өлеңі:

  • Тізбектеп оқиды;

  • Мәнерлеп оқиды;

3 – тапсырма

Топтық жұмыс


«Постер әдісі» (топтық жұмыс)

Функционалдық сауаттыыққа берілген тапсырма

Саралау – диалог түрінде;

1 – 2 топ «Жаңбырдың табиғатқа пайдасы»

3 –4 топ «Жаңбырдан басқа табиғат құбылыстарының адамзат тірішілігі үшін қандай пайдасы бар?»

  • Сурет,сызба, өлең жолдарын араластыра отырып тапсырманы орындаса қосымша ұпай алады;


СЕРГІТУ СӘТІ



4 – тапсырма (жұптық жұмыс)

Үлестірмелі материал

60 бет «Жаңбырға екі өтініш» өлеңіне көп нүктенің орынына сөздерді қойып жазады;


«Жаңбырға екі өтініш»

Көктем бұлты көңілді,

Қуантады өңірді,

Баллаар да қарсы алар,

Былай – былай ән салар:

Жау, жау, жаңбыр тезірек,

Гүлге орансың төңірек.

Шалғын өссін жайқалып,

Егін өссін көбірек.

Біздің жаққа жиі кеп,

Әлсін –әлсін құйып өт.

Қазір егер көп жаусаң,

Жердің берер сыйы көп

Күзде болса күн бұлттау,

Маңай тартар сұрғылттау.

Балалар да көңілсіз,

Тілек айтар тек үнсіз.

  • «Жаума жаңбыр, бұл маңға,

  • «Жауамын!» деп бұлданба.

  • Егін жатыр жиналмай,

  • Бидай ашық қырманда


5 – тапсырма

«Найзағай әдісі»

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді:

  1. Қастек Баянбай қай жылы дүниеге келді? (1936 ж)

  2. Өлеңде көкесі неге «Нан жауып тұр!» деді? (астыққа жаңбыр пайдалы)

  3. Апасы неге «Сүт жауды?» деді? (жаңбыр болса шөп шығады)

  4. Әпкесі неге нұр жауып жатыр едеі? (табиғат гүлденеді,қырға қызыл гүл шығады)

  5. «Аққа қарқ болу» дегенді қалай түсінесіңдер? (сүт өнімдерінің мол болуы)

  6. Қастек Баянбаев қай облыста дүниеге келді? (Алматы обл)

  7. Жаңбыр жауса жер ырысы мақалының жалғасын айтыңдар (ер туса – ел ырысы)

  8. Жаңбырдан кейінгі жердің құбылысын сипаттап бер;



«Бұлттар» әдісі арқылы кері байланыс береді


Үйге: Өлеңдердің ұнаған шумағын жаттау

Амандасады







Топқа бөлінеді















Өткен сабақты пысықтау



















Сабақ мақсатымен танысады








Жеке жұмысты орындайды













Автормен танысады





















Өлеңді оқиды












Топпен жұмыс жасайды




Сергіту сәтіне қатысады








Көп нүктенің орынан сөздер қояды


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі