400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғат сыйы

Мақсаты: Әр балаға табиғаттың сұлулық сырларын айту. Табиғаттың адамзат баласына қажет екендігін және оның бізге берер пайдасы мол екендігін түсіндіру арқылы, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық:Әр бала табиғатымыздың сұлулығына тамсана отырып, ішкі жан рухани сезімдерін сыртқа шығару арқылы, тілдік қорларын дамыту. Ой - өрістерін, байқампаздық қасиеттерін арттыру.

Тәрбиелік:"Табиғат - адамның екінші анасы" деген мақсатпен, табиғатқа деген көзқарастарын өзгерту. Аяушылық, қорғау, күту іскерліктеріне баулу.

Қажетті құралдар: "7 лақ" ертегісінің кейіпкерлері, үй , кәрзеңке, үлестірмелі материалдар, табиғатқа байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, пікір талас.

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, құрастыру, тіл дамыту, математика, сурет.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе:

-Сәлеметсиздер ме, балалар! Бүгін бізде сабақ ерекше өтеді. Себебі бізге қонақтар келді және біз түрлі ойындар мен ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Балалар қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде.

Баяғыда бір заманда ешкі мен оның лақтары өмір сүріпті.Күндердің бір күнінде анасы тамақ әкелуге кетеді. Кетерінде ол 7 лағына ескертіп кетеді.

-Қарақтарым, ешкімге есік ашпандар. Мен қазір келемін.

Бір кезде ешкі орманға кеткесін, қасқыр келіп ешкінің дауысына даусын келтіріп, былай дейді:

-Қарақтарым, есікті ашындаршы мен сендердің аналарыңмын. Оған нанған лақтар есікті ашып қалған кезде алдынан қасқыр шығып шап беріп, лақтарды қапқа салып алып кетеді. Ешкі келсе есік аңғал-саңғал, лақтары жоқ. Ешкі бір кезде торығып жылап,

-Қарақтарыма айтып едім ғой, ешкімге есік ашпаңдар деп.

-Балалар бұл лақтар өзі бір ерекше лақтар. Өйткені олардың әрқайсысының аттары бар.

1 лақ- Күн

2 лақ -Бұлт

3 лақ -Өзен

4 лақ -Гүл

5 лақ -Шөп

6 лақ -Ағаш

7 лақ -Тау

Бұл лақтар далаға шықса күн де, бұлт барлық табиғатымыз жадырай түседі. Енді оны қасқыр алып кетіп еді. Табиғатымыздың сәні де болмай қалды.

-Балалар, біз ешкіге лақтарын құтқаруға көмектесеміз бе?

Балалар:Көмектесеміз

Тәрбиеші:

1-тапсырма: "Күн" атты лағымызды босату үшін балалар "Жалғасын тап" ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Балалар мен сендерге қазір 3 суретті таратып беремін. Сол суреттердің ішінде 1-еуі артық, соны ажыратыңдар. Ал қалған екеуін қоса отырып, бір сурет жасап шығарыңдар.

2-тапсырма: "Бұлт" атты лағымызды босату үшін "10-ға дейін және кері санаймыз"

3-тапсырма: "Өзен" атты лағымызды босату үшін балалар сергіту сәтін өткізіп жіберейік.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

4-тапсырма: "Гүл" атты лағымызды босату үшін балалар "Есіңе сақта" ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Әр оқушыға парақ пен жай қарындаш таратылады. Мен белгілі бір сурет көрсетемін. Ол бір рет қарап, естеріңде қалған суретті парақ бетіне түсіруі керек.

5-тапсырма: "Шөп" атты лағымызды босату үшін балалар сурет бойынша сөйлем құрастыру.

Әр балаға суреттер таратылып, олар сол суреттерді баяндап беруі керек.

6-тапсырма: "Ағаш" атты лағымыз босату үшін балалар "Көкеністер мен жемістер" ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Үстелдің үстінде көкөністер мен жемістерді араластырып қоямыз. Олар әрқайсысы алып, жеміс пе, көкөніс пе айтып, жемісті бір қатар шығып, көкөністі бір қорапшаға жинау керек.

7 - тапсырма: "Тау" атты лағымызды босату үшін балалар "Ойнайық та, ойлайық" ойынын ойнаймыз.

Ойынын шарты: Әр балаға жеке доп лақтырып, бір табиғаттың бөлшегін айтамын. Ал олар адамға беретін пайдасын айту керек.

Мысалы: Су - суды біз ішеміз, жан - жануарларға береміз.

Ағаш - ағаштың астында дем алуға болады.

Бұлт- бұлт болса, жаңбыр жауады, жер көгереді.

Гүл-гүл өссе, барлық табиғатымыз әдемі болады.

Күн-жылу, жарық береді.

Бекіту кезеңі:

-Балалар, міне қарандаршы ешкіге біз балаларын құтқардық. Біз оларды құтқарып алып едік, табиғатымыз қайта көркейді. Күн де жарқырай түсті, ағаш та, гүл де барлық жердің көркі ашылды. Сендер өз білімдеріңді жан-жақты көрсету арқылы ешкіге көмектесіңдер. осымен біздің сабағымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарың үшін рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
1061
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі