Экологиялық ертегілер «Табиғат сырлары» атты кітап сайыс-көрмесінің анақтамасы
Команда атауы: Дене шынықтыру пәні жетекшілері
Жұмыс атауы: «Табиғат сырларын ашқан Айдана»
Жұмыс мақсаты: Туған жер табиғатын аялауға, келер ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл қазынамыз, өшпес байлығымыз саналған табиғатты сүюге, оны қорғап, қастерлеп, сақтай білуге баулу, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға және оны тиімді пайдалануға үйрету. Табиғаттың адам баласына берер сыйы мол екенін кеңінен насихаттау.Табиғаттың түрлі құбылыстары туралы сыр шерту.
Жұмыс барысында 4К моделінің ашылуы:
Біздің командамыз дене шынықтыру жетекшісі, педагог-модератор Жолтай Ернар ,Талғатұлы Асхат, Сенғалиева Нұржамал және Сагимбаева Бибегуль осы командамен ұйымдасыпберілген тапсырма бойынша ертегі кітап жасадық.Ол үшін жиналып командамен жиналыс өткіздік, әр кім өз пікірін айтып ортаға салды.Дене шынықтыру жетекшілері қосылып түрлі суреттерді пайдалана отырып мәтін құрадық, мәтін құрауға 2 күн уақыт кетті. Сосын ескі кітаптарды тауып керек жануарлар, табиғат бейнелерін қиып алып, ақ беттен кітап бейнесін жасап жабыстырдық.Бізде өте көп сұрақтар болды солардың ішіндегі мәтін құрауда .Дене шынықтыру жетекшісі, педагог-модератор Жолтай Ернар мәтінің құрады, Талғатұлы Асхат керекті кітаптарды тауып, қыйды, Сенғалиева Нұржамал және Сагимбаева Бибегуль екеуі жабыстырып безендірумен айналысты.
«Табиғат сырларын ашқан Айдана»
(Қазіргі заман ертегісі)
Ертеде Айдана деген бір ерке кыз болыпты. Жасы он екіде. Сыныпта ең керiктi қыздың бірі. Тіпті өзінің ата-анасына айтқандарының барлығын орындатқызады. Ол уйiнде жалғыз бала болгандыктан, оның айтқаны әрине оларға заң еді. Айдана әдеттегідей демалыс күнi өзiнiң достарымен серуенге шықпақшы болады. Әдемi киiнiп, дайындалады.Бiрақ, ете тәкәппар, сондай қырсық қыз еді. Ол достарымен қаланы аралап, қыдырғысы келді. Әрине, достарының көбісі тауға барамыз деп шешкеннен кейін, келісуге тура келді. Сонымен амалы қалмаган Айдана да тауга баруға келісті.Олар жолға шықты. Жолдың ортасында: - «Қарным ашты, шаршадым, киiмiм кір болатын болды» деп елдiң мазасын алды. Олар тауға да жетті. Тамақтанып, табиғатты бақылап, аралауға шықты.
Ал Айданаға ештене ұнамады. Сол кезде достарының бірі Аружан мен Болаттың назарын аулау үшін оған ойын ойнауды ұсынды. Ішім пысты деген Айдана да келісе кетті. Олар тығылыспақ ойнаймыз -, деп шешті. Достары жүгiрiп, тығылатын орын iздеді. Ал Айдана болса жалғыз тығылды. Бірақ көп уакыт өтті. Айдананыолар таба алмады. Бір кезде ол тығылған жерінен шықса, ешкім де жок. Айдана айкайлайды, іздейдi. Бiрақ ешкім үн қатпады.
Кеш батты, күн де көрінбей бара жатыр, оның қарны ашты. Айдана жылап жіберді. Бір кезде оған кішкентай кезінде анасынын айтқан қасқыр, аю туралы ертегiлерi есiне түсті.
Дереу жылағанын қойып, сол жерде ұйықтап қалыпты. Түн болды, қатты жаурағаннан оянып кетті. Көзін жайлап ашса айнала жап-жарық, кішкентай жарық бір нәрселер ұшып жүр.
Айдана түк түсiнбей тұр. Түсiмбе, өңiмбе деп.
Бар ойын жинақтап жақындап қараса, қанаттары жанып, ұшып жүрген қоңыздар екен.
Мiне ғажап!- деп тамсануда.
Бір кезде: «Оянды, оянды!>> деп біреу айқайлап жiбердi.
Айдана өз өзіне сене алар емес, массаган сөйлейтін қоңыздар! Ал керек болса!
Олар кезек-кезек сұрақтарын қойып жаудыруда: <<Кімсің? Атың кім?
Бiздiң патшалықта не істеп жүрсің?
Ал Айдана болса не жауап берерiн бiлмей, не күлерін білмей тұр. Бір уақытта есін жиып өзiне келе бастады.
- «Менің есімім Айдана! Ал сендер кiмсiндер?» деді Айдана.
«Біз осы маңайдың жарық қоңыздарымыз» деп жамырап кетті қоңыздар.
«Жүр, сенi бiр жерге апарайык» деп ұшып барады жарық қоңыздар. Айдана арттарынан еріп келеді. Олар оны бір таудың ортасына алып келді. Айнала тып-тыныш, жап-жарык, ауасы тап таза керемет, мөлдір суы сарқырап ағып тұр, жасыл дала айналага көрік беруде. Анау жерде жан-жануарлар сырласып отыр екен. Мұндай сұлулықты ол бұрын сонды көрмеген секілді, немесе байкамаган да. Өте керемет сезімде болды.
«Қорықпа, олар саған тиiспейді» деп - жануарлар отырган жердi көрсетті. Бір кезде тыныштық орнады. Бәрiнiн назары Айданада. Қасына үлкен арқар мүйiздi бұғы келіп:
«Кердiнбе? Бiздiң мекен осы, әсем табиғатта. Табиғат - ол тіршілік көзі. Оның әр-бір әсері адам өмірінде де, бiзге де үлкен рөл аткарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді, әсемдейді.
Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгiлi бiзге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Әр жыл мезгілі өзінің сұлулығымен сан қилы. Мына жайқалып өскен түрлі-түсті гүлдер де көзге өз кереметтігімен сыйға тартады. Аспаннан күннiн көзi түскенде, жердiн жүзi қуана қыбырлайды. Көлдер қарның ашса, қаңқылдап оған құстар қонады. Иә, бұл құбылыстарды табиғатын тылсым сыры демеске келмейді. Ал адамдар болса, табиғаттын нағыз жауы. Бізді қорғаудың орнына, керiсiнше жоюда.
Айдананын қасына кішкентай сүйкімді көжектер жүгіріп келдi. Айдана мәз, олармен ойнап кетті. Айналып, билеп, тамсанып, жүзiнен күлкі кетпей мүлде баска қыз. Оған бұл жер өте қатты ұнады. Мектепте табиғат жайлы қанша оқыса, айналадағы жайқалып өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге де ол қызықпайтын. Жүрегі сондай жiбiмейтін. Ал осы серуен оны адам танымастай өзгерткен секiлдi. Билеп журiп сүрініп, құлап қалады. Орнынан тұрса оны iздеп жүрген дауыстарды естіді.
Тұра сала жан-жагына қараса қарангы, жана гана ойнап жүрген көжектері де, жарық қоңыздары да керiнбейді.
«Айдана сен осында екенсің ғой»-деп, достары қасына жүгіріп келді. Бәрi құшақтаса кетті. Ал Айдана болса жылап жіберді. Сол күнi олар үйлеріне кайтып кетті. Айдананы 2-3 сағаттай iздептi. Келер кезінде қырсыққан Айданада ендi қайтар кезде үн жоқ. Достары аң-таң.
Үйiне келе сала басынан өткен мән-жайды ата-анасына айтып берді. Сол түннен бастап бiздiн Айдана өзгерді. Ол енді өмірге баскаша көз караспен карайтын болды. Оған тiптi құстардың сайраган дауыстары әсем әуенмен теңдей болып көріне бастады. Бастысы табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, сөзбен айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол кұбылыс екенiн түсiндi. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойга қонымсыз екенін ұқты. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түсетiнiн бiлдi. Сонымен қатар табиғаттың біз білмейтін сырлары бар екенін, оны қорғау керектігін бір ұғынғандай. Осы күннен бастап Айдана табиғат сырларын зерттей бастады.
Сабақ үлгерімі де жақсы нәтиже көрсете бастады. Ата-анасы дән риза. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады екен. Жаны таза, ниетi кiршiксiз жаратылысқа айналады.
Демек, жанга шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тырыспаска?! Өйткені табиғаттың біз бiлмейтiн сырлары өте көп...........
Жолтай Е.М._______________
Талғатұлы А._______________
Сенғалиева Н.А._____________
Сагимбаева Б.Қ.____________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғат сырлары 2

шағым қалдыра аласыз