400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат-тал бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған орта, табиғат туралы танымдық әрекеттерін шыңдау. Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту. 2.Өз ойын еркін ,белсенді түрде айтуға дағдыландыру. 3.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Туған жер, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты 2 сынып

Тақырыбы: Табиғат-тал бесігім

Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған

орта, табиғат туралы танымдық әрекеттерін шыңдау. Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту.

2.Өз ойын еркін ,белсенді түрде айтуға дағдыландыру.

3.Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Туған жер, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Күтілетін

нәтиже: Табиғат туралы таным, ой-өрістері кеңиді. өз ойларын

ортаға салып, көзқарастарын дәлелдейді. Ойлау, есте

сақтау, салыстыру , өзін-өзі реттеу қабілеттері дамиды.

Негізгі идеясы: Табиғатты қорғау – біздің басты міндет.

Көрнекіліктер: проектор, презентация, бейнефильм, флипчарт,қима қағаздар,

сөзжұмбақ.

БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! –

(Оқушылар хормен айтады.)

2.Топтарға бөлу.

Топтарға табиғат туралы нақыл сөздермен бөлу.

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»

Нақыл сөзді бөліктерге бөліп, тарату, топтарға бөлу.

«ТАЛ БЕСІГІҢ», «АЯЛА ,ҚОРҒАЙ БІЛ», «ТАЗАЛЫҒЫН САҚТА!»

1-топ: «ТАЛ БЕСІГІҢ»

2-топ: «АЯЛА ҚОРҒАЙ БІЛ»

3-топ: «ТАЗАЛЫҒЫН САҚТА!»


Нақыл сөзді құрастырып, оқыту.

ІІ.Мағынаны тану.

  • «Тал» деген не?

  • «Бесік» деген не?

  • «Тал бесігің» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Аяла ,қорғай біл» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Тазалығын сақта!» деген сөз тіркесінің мағынасы нені білдіреді?

  • Құрастырғанда қандай сөйлем шықты?

  • Нені аялап, сақтауымыз керек? (Табиғатты аялауымыз керек).

  • Көздеріңді жұмыңдар, «табиғат» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?

1. «Табиғат» сөзіне топтастыру жасату.

Shape2 Shape1


Shape3

ТАБИҒАТ


Shape5 Shape4




Shape7 Shape6




Оқушылар топ бойынша өз жұмыстарын қорғайды.


-Табиғат ! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады. 

-Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс –мекені, алтын ұя бесігі, құт –берекесі. Адам үшін табиғат –ең қасиетті де қастерлі ұғым. 
-Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етеңе байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқолық керек екеніне ерекше мән берген. 

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. 
Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. 
Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір адамзаттың абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.

 Топтық жұмыс

1-топ:

«Табиғаттың адамсыз күні жоқ»

2-топ:

«Адамның табиғатсыз күні жоқ» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салып, көзқарастарын дәлелдейді.

Топтар бірінің жұмыстарын бірі бағалайды.

Жанкүйерлер өз сұрақтарын қояды, топ мүшелері жауап береді.

1) Адам – табиғаттың қожасы болса, неге жер сілкінісін, су тасқынын тоқтата алмайды?

2.Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
-Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер –біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиаттымызды да, сүйе білуіміз керек. 

Міне, балалар сендер өздеріңде байқаған боларсыңдар.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ,- дегендей табиғатты қорғау – біздің басты міндетіміз. Бұл жайында Ата Заңымызда 38 бабында айтылған.

«Қазақстан - 2030» бағдарламасында да Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел экологиясына ерекше тоқтала отырып, қоршаған ортаны қорғаудың 3 аймақтық орталығын белгіледі:

  1. Каспий теңізінің аймағы;

  2. Шығыстағы Ертісті тазарту;

  3. Оңтүстіктегі Қызылорда, Шымкент аймағының экологиясын жақсарту.

Ендеше, біздің қаламыздағы Ертіс өзенінің де экологиялық жағдайы, елбасы назарында екен.

Шығыс Қазақстандағы ең көрікті , тамаша Катон жерінің табиғатының көріністерін тамашалайық.

3.Көрініс «Аналар мұңы».

Ана немересімен шығады. Жай басып, Жер Анаға жақындайды:

Ана: Амансың ба Жер Ана! Көрмегелі көп болды, күнкөріс қамы мойын бұрғызбады. Әдейі арнап немеремді алып, амандасып жүз көріскелі келдім.

Жер Ана: Амансың ба, Ана! Немереңнің өмірі ұзақ болсын! Келгенің дұрыс болды. Өзіңді асыға күтуде едім. Қаладағылар аман ба? Өзіңнің өңің сынық қой, шаршағансың ба әлде?

Ана: Иә, дұрыс айтасың, Жер Ана! Қалаға барғалы күннің көзін де дұрыстап көре алмадым. Бір түрлі тұманданып, қошқылданып, тіпті кейде түнеріп тұрады. Көшеге шығып көкірегіңді керіп демаласың, көкірегің көк түтінге толады.

Жер Ана: Дұрыс айтасың. Табиғаты тамаша Өскемен қаласының бүгінгі тағдыры – мені қынжылтады.

Ана: Осының бәрін адамдардың өзі ғой жасап жатқан. Зауыт мұржалары мен машина түтініне қақалудамыз. Айтып жатса да адамдар санасына жетер емес.

Жер Ана: Иә, сол газ бен уды жұтпасын деп жайқалтып бақ өсірдім.

Ал олар болса түбінен қырқып, отын етті, жайқалып өсіп тұрған ағаштардың орнына зәулім үйлер тұрғызды.

Ана: Иә, «Өскемен – өскелеңім» деп бала кезімізде әнге қосушы едік, сол әсем қалам, неге айналып барады?

Жер Ана: Өзің көрген аңдар мен жануарлар да өкпелі ме, кете бастады! Оның қалған бір-екеуін «Қызыл кітап» дей ме, соған жазып қоя салады. Мен жетім қалармын өсти берсе.

Немересі: Жоқ, әжетай! Олай болуы мүмкін емес! Мына біздер ағалар қатесін түзерміз! Омырауыңды гүлге орап, баурайыңа бақ орнатармыз.

Ана: (Жер Анаға қарап қолын соза)

О,Жер Ана, кешір бізді, күндеме тентегіңді, Көрдік рас, көбісін еркеліктің, Әркім бірақ не ексе, соны орады, Көсіп алып жатқам жоқ мен тегіңді «Жер зардабы енді қайтіп келмесін» деп, жауыздықты Жер ана жерлесін деп сөйлейін мен төтенше елшіңдей бір. Ұлдарымды мақтан ғып «Гүл ексін» деп.

Немересі: Рухы мықты азаматтар дүниеге келсін десек;

Ана: Халқымыз бақытты да мәнді-сәнді өмір сүрсін десек;

Жер Ана: Ауамыз ластанбай,

Көліміз тартылмай,

Суымыз лайланбасын десен, табиғатты қорғайық.

Ана: «Сәкенді туған, Абайды туған, құрметте досым қазақтың жерін» деп ақын ағаларымыз жырлағанда, Жер Ананы құрметтейік табиғатты қорғайық.

ІІІ. Ой толғаныс

-Енді сендер табиғатты қорғау үшін не істер едіңдер?

-Президент болсаңдар, табиғатты қорғау үшін не істер едің?

-Әкім болсаң ше?

-Эколог болсаң ше?

Табиғатты келесі ұрпаққа жеткізу үшін не істеуіміз керек? Оқушы пікірлерін тыңдау.

Топтардың пікірлерін тыңдау.

2.Шығармашылық тапсырма. Өлеңді толықтырып жазыңдар.

........................ сындырмайық!

........................ сақтайық!

.........................таптамайық!

..........................қорғайық, сақтайық!

......................... қорғайық!

Оқушылардың жауаптарын тыңдау:

Жас шыбықты сындырмайық!

Орманды өрттен сақтайық!

Шөптесін өсімдіктерді таптамайық!

Түрлері сирек кездесетін өсімдіктерді қорғайық, сақтайық!

Табиғатты бәріміз бірге қорғайық!

Ағаш егейік!

Гүл егейік!

-Иә, оқушылар, табиғатты қорғау туралы әсем сөздер айтылды. Адам табиғат перзенті. Сондықтан туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз.

Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Ендеше, таза да пәк жүректеріңмен табиғатты аялай, қорғай біліңдер! Өйткені табиғат – біздің тіршілігіміздің тірегі демекпін.

Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.
Туған жерді сүю –парыз,
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетіңде тұру –парыз.

Рефлексия









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі