жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Табиғат тамашасы, жанды және жансыз табиғат»
Білім
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Экология.
Тақырыбы:
«Табиғат
тамашасы, жанды
және
жансыз табиғат»
Мақсаты: Балаларды туған жерге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды жанды және жансыз табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру.Құстар мен өсімдіктерді, жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік
құралдар:
түрлі-түсті пішіндер,
сюжеттік
сурет , сандық, гүлдер, су, топырақ, құм,
құмшекер,
ұя, ағаш.
Әдіс
тәсілі:
сұрақ жауап , сергіту,ойын,
тәжірибе,түсіндіру.
Барысы:
Шаттық шеңбер:
Балалар
бізге
қонақтар келіп отыр,
олай
болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің
көзі ашылсын,
Көкке
шуақ шашылсын
Құтты
қонақ келіпті
Төрімізге
еніпті
Ал,
қанекей
бәріміз
Сәлем
дейік үлкенге
Сәлеметсіздер
ме, апайлар!
Тәрбиеші: Тамаша балалар, орындарымызға отырайық!
Балалар
бүгінгі күн ерекше күн . Бүгін балалар
ұйымдастырылған оқу іс қызметіндегі
тақырыбымыз « Табиғат тамашасы,
жанды және жансыз табиғат». Табиғат
ана жер жүзіне жылуын,
мейірімін
сыйлап тұр емеспе?
Сондықтан
ешқашан жамандық жасамай,
жақсылық
қана ойлауымыз
керек.
Барлығы
сендерге
жақсылық жасауға,
дос болуға ұмтылады.
Осы
кезде есік қағылады. Пошташы келіп
сәлеметсіздерме балалар, бұл «балдырған»
тобыма.
-Иә.
Сендерге күміс сандық беріп жіберді. Сау болыңдар мен кетейін басқа топтарға да баруым керек.
Тәрбиеші: Балалар бұл қандай күміс сандық екен. Ашып көрейік. Ой балалар бұның ішінде қуыршақ ойыншық пен алтын сандық бар екен. Қуыршақ ойыншықтың ішінде бірнеше тапсырмалар бар екен.Бірінші қуыршақ ойыншықтың ішінде жұмбақ жасырған екен. Жұмбақ шешімін таба отырып, түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.
Жұмбақ:
Қыста
жерді жауып кетті,
Ал
көктемде ағып кетті. (Қар)
Тікен,тікен
тік пістe.
Қысы
жазы бip түсте (Шырша)
Шелек
қалпақ
басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (аққала)
Қыс
суретін құрастырып, әңгіме құрайды.
Келесі
қуыршақ ойыншықтың ішіндегі тапсырма
санамақ айтып берің.
Кім санамақ айтып береді?
Келесі қуыршақ ойыншықтың ішіндегі тапсырма қыс туралы мақал – мәтел, табиғат туралы тақпақ айтып берің.
-Кім қыс туралы мақал – мәтел, табиғат туралы тақпақ айтып береді?
Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ары қарай жалғастырамыз. Балалар, табиғат дегеніміз не?
-Бізді қоршаған әлем.
Тамаша, жарайсындар балалар. Табиғат бізді қоршаған әлем. Табиғат нешеге бөлінеді?
- Жанды табиғат және жансыз табиғат.
-Жанды табиғатқа нелер жатады?
- Жанды табиғатқа: жануарлар, адамдар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер, гүлдер жатады.
Жансыз
табиғатқа нелер жатады?
-
Жансыз
табиғатқа:
су, ауа, жер, күн, бұлт,
құм жатады.
Жарайсыңдар балалар.
Бұл
су: -
Суды қалай пайдаланамыз?
-
Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді.
-
Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі
өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу
қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады,
аққан
су жерге сіңіп кетеді. Ал қыс мезгілінде
су
мұз болып қатады.
Теңіздегі көлдегі суды ластауға болмайды.
Ол суды ластайтын болсак ішіндегі
балықтар тіршілік иелері жойылып
кетеді.
-
Су отты өшіре алады, суды адам барлық
тіршілігіне пайдаланады.
Бұл
топырақ: -құмға
ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер,
гүлдер өседі.
Бұл
ағаштар: Ағаштардан
не жасауға болады,
үстел, орындық, әр түрлі жиhаздар
жасалады.
Ал
ауамен демаламыз. Қәне таза ауамен
демалайықшы.
Жарайсыңдар
балалар.
Бүгін
судың қандай қасиеттері бар екенін
білеміз.
Сендер суды
үйде,балабақшада күнделікті
ішіп жүрсіңдер. Ал
енді балалар суға тәжірибе жасап
көрейік.
-Судың
дәмі бар ма?
-Жоқ.
-Иісі
бар ма?
-Жоқ.
-Түсі
бар ма?
-Мөлдір.
Енді
стакандағы суға қант түйіршігін салып
араластырыңдар.
-Қант
қандай күйге енеді?
-Қант
суда ериді.
-Дәмі қандай?
-Тәтті.
Ал енді суға бояу салайық.
-Судың
түсі өзгерді.
Жансыз
табиғатқа тәжірибе жасап көрдік. Мінекей
балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат
ана бізге ризашылығын білдіріп
жатыр.
« Алтын сандық» ашу үшін
жақсы
игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай
жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін
бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне
тәжірибе жасапта,
шаршап
қалдық.
Сергіту:
Теңіз
болып толқимыз
Балық болып жүземіз
Көбелек
болып ұшамыз
Бұлақ
болып бұрқылдаймыз
Ешқашанда
сарқылмаймыз
Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
Ойын: «Экологиялық көмек»
Шарты:Табиғатты
ластайтын артық заттарды көрсетеміз.
(сурет бойынша тақтамен жұмыс)
-Балалар
мұнда
бұтағы
сынған ағаш тұр.
-Бұның
бұтағын
бұзақы балдар сындырып кетіпті.
Құстың салған ұясын жерге құлатып
кетіпті.
-Балалар
біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын
байлап берейік. Ұяны орнына
орналастырайық.
Айкүміс:
ұяны
орнына
қояды.
Ағаш:
Рахмет
сендерге балалар.
-Міне
ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық
ішінде табиғаттың балаларға арналған
сыйлықтары
бар екен.
Қортынды:
-Табиғаттың неше түрі бар?
-Екі. Жанды және жансыз табиғат.
-Жанды табиғатқа нелер жатады?
-Жануарлар, адамдар, өсімдіктер, жәндіктер, құстар.
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Тау, тас, құм, күн, жер, су.
-Суды ластауға болама?
-Болмайды.
Біз бүгін табиғат жайлы және оны қорғап, күтім жасау жайында ой қозғадық. Алуан түсті гүлдер, биік таулар, жарқырап сәулесін шашқан күн, таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайды екен, олай болса, табиғат анаға рахметімізді айтайық.
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Өте жақсы, жарайсыңдар. Балалар, біз бүгін көптеген тапсырмалар орындау арқылы табиғатты қорғап, аялау керек екендігін білдік. Солай емес пе?
-Ия.
-Олай
болса, осымен ұйымдастырылған оқу
қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтармен
қоштасайық.
Қоштасу
шеңбер :
Бәріміз
дос бауырмыз
Ажырамас
іргеміз,
Қиындыққа
мойымай
Сау
болыңыз дейміз біз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген