жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Табиғат тамшылары»
ҰОҚ. Тақырыбы: «Табиғат тамшылары» |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка Оқу ісінің меңгерушісі: З.Жұмабаева |
|||
Күні:06.12.2018 |
Педагогтің аты-жөні:Қазыбаева Самал |
|||
Сынып:МАД «В» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
ұоқ-нің оқу мақсаттары: |
0.1.1.6. Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау. 0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу. 0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау. |
|||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай алады. көпшілік балалар: Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады. кейбір балалар: Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай алады. |
|||
тілдік мақсаттар |
Балалар: Табиғаттағы құбылыстарды әңгімелей алады. Музыканы ести отырып қиялдарынан туған ертегілерді әңгімелей алады. Көптілділік: көңіл күй – настроение – mood. негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Тамшылар, ансамбль, оркестр, металлофон. Пікір алмасу сұрақтары: Сендерге табиғаттың қандай құбылыстары ұнайды? Оркестрде сендерге қандай аспапта ойнаған ұнайды? Жауынның қандай түрлерін білесіңдер (ақ жауын, нөсер жауын)? |
|||
Алдыңғы білім |
Өткен сабақта біз қандай әндер айттық, қандай музыка тыңдадық? Сендерге қандай тақырыпқа айтылған әндер немесе музыкалар көбірек ұнайды? Ұнайтын әндерінен үзінділер айту. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
I. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 5 минут |
Шаттық шеңберіне тұру. Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, жер-ана! Қайырлы таң, мектебім! Қайырлы таң, достарым! Көңілді әуенмен сабақты бастау. – Біздің айналамызды не қоршап тұр? Әрине, табиғат. Табиғатта түрлі құбылыстар болады, жел соғады, жауын жауады, қар жауады, күн шығады. Бүгінгі сабағымыз сол табиғат құбылыстарына арналады. Жаңбырдың қандай пайдасы бар? Жаңбырдың да бірнеше түрі болады. «Ақ жауын», «нөсер жауын». Ақ жауын – жайлап ұзақ жауады, кейде апталап жауады. Нөсер жауын қатты құйып жауады, бірақ тез бітеді. |
Ауа райындағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін (жаңбыр, қар жауып тұрған, жеке тамшылардың) суреттері. |
||
ҰОҚ-нің ортасы III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25 минут |
(Т) Музыка тыңдау: «Тамшылар» (муз. мен сөзі Л. Мұқашева). Балалардан әннің не жайында екенін сұрау. Әуен қалай орындалды, қандай екпінде, қандай көңіл күйде? Тамшы қайдан пайда болады? Балалардың пікірін тыңдау. (Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Қосалқа» (Дәулеткерей). Күйдің үзіндісін «ля» буынында орындау. Ауызды кеңірек ашып, еркін тыныс алуға үйрету. Дыбыстарды таза, ашық емес, дөңгелете айтуға көңіл бөлу. (Т, Ж) Ән айту: «Ақ жауын» (муз. М. Күзембаев, сөзі Г. Жотаева). Әнді педагог орындап, балалардан әннің мазмұнын сұрайды. Жауын жылдың қай мезгілінде көбірек жауады? «Ақ жауын» деп қандай жауынды айтамыз? Ән қандай көңіл күйде айтылып отыр? Әннің сөздерін қайталату, анық, таза айтуларын қадағалау. (Т, Ж) аспапта ойнау: «Тамшылар» (румын халық әні, өңдеген Т. Попатенко). Металлофонда ойнау. Алдымен педагог ойнап көрсетіп, балалардың өздеріне ойнауға мүмкіндік беру. Ырғақты жақсы ұстайтын балалардан алғашқы топ құрып, келесі сабаққа қалған балаларды қамтуға болады. Балалар ойнауды игерген соң, фортепианоның сүйемелдеуімен орындауға болады. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:
бұлт пен күннің қайсысының көңіл күйі әннің мазмұнына сай келеді? Қандай түстерді таңдар едің? Жаңбыр жауғанда қалай қорғанасың? Қолшатырдың суретін аяқтап салып, боя.
Ақ жауын жылдың қай мезгілінде жауады? Тағы қандай жауын түрлерін білесің? Кемпірқосақ пен даланы өзің қалаған түстермен боя. Табиғаттың қандай құбылыстарын білесің? «Ақ жауын» әнінің көңіл күйі суреттегі қай құбылысқа сай келеді деп ойлайсың? |
«Тамшылар» әні
«Қосалқа» күйі
«Ақ жауын» әні
«Тамшылар» әні Металлофондар
Әліппе-дәптер |
||
IV. ұоқ-ін қорытындылау. Рефлексия.
26–30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле. |
Әліппе-дәптер |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген