15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғат тылсым дүние.
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Тақырыбы: Табиғат- тылсым дүние.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Адамгершілік, сезімталдық, әсемдік.
Мұғалім: Сынып – 11сынып
|
Сабақтың мақсаты: -«Табиғат» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, табиғаттың тылсым құдіретін түсінуге, сырлы табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу. Міндеттері; - Адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер ықпалы туралы түсінікті кеңейту. - табиғаттағы жұмбаққа тола дүниені тануға құштарлыққа, олардың сырларын ашуға қызығушылыққа, табиғат құбылыстарын дұрыс пайымдпй білуге баулу. - туған табиғаттың ғажап көріністерін сақтай білуге, аялап, сүюге тәрбиелеу. |
Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы,баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз.... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. 1.Үй тапсырмасын тексеру Өлеңді басшылыққа ала отырып «Таңқалдырған табиғат» тақырыбында эссе жазыңдар. |
|
|
2.Дәйексөз Табиғат тылсымын түсіне білген - бақытты жан Л. М. Леонов Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді. |
|
|
3.Әңгімелеу Құм таудың жұмбақтары Біз таудан төмен қарай шана тепкендей құлдырап келеміз. Бізге ілесіп құм да төмен қарай сусыды. Сол кезде құм тау гүрілдеп, өзінің дүрілдеген әніне салды. Біз бұған еліктеп, күңіренген құмның екіленуіне қарамастан, оны алақаымызбен шапалақтап, қолымызбен жер тіреп, ілгері жүрген екпінімізді тездетіп те байқадық. Осы мезетте тау бейне бір тулап жатқандай ерсілі қарсылы діріл қаққандай болды да, күңіренген үн барған сайын қаттырақ естіледі. Таудың толқуы да манағыдан әлдеқайда күшейе түсті Құмнан дыбыс шығу себептері жайындакөптеген болжамдар бар. Солардың бәрі құм жылжығанда одан сықырлаған үн шықпай қоймайды дегенге саяды, бірақ оның неге гуілдейтінін ешқайсысы түсіндіре алмайды. Меніңше құмның гуілдеген үн шығаруы реактивті ұшақтың гүріліне ұқсас бұл үн мынадай жағдайларда болады деп ойлаймын Оқылған әңгімелер бойынша сұрақ – жауап: Табиғаттың осындай құбылысын байқаған кезең болды ма? Табиғат сырларын ашуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет? |
|
|
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Табиғат ғажайыптары туралы материалдар жинап, "Ұрпақпыз жер қадірін біліп өскен" атты кеш ұйымдастырыңыз. |
|
|
5.Өлең оқу Табиғат - тылсым дүние Абай Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым жырт дел сал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсын сен дағы Сабыр қылсаң азырақ. |
|
|
6.Үй тапсырмасы П.И Мариковскийдің "Құм таудың жұмбақтары" мәтінін оку. |
|
|
7.Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген