Материалдар / Табиғат тылсымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат тылсымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың«Табиғат тылсым»ұғымының сүйіспеншілік құндылығы ретінде мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
793
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабақ жоспары

Мектеп: Аралағаш орта мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Темирханова А.К.

Сынып: 5 Оқушылар саны:

Тақырып: Табиғат тылсымы Сабақ №

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: ізгілік, мейірімділік,қамқорлық

Сабақ мақсаты: 

Оқушылардың«Табиғат тылсым»ұғымының сүйіспеншілік құндылығы ретінде мәнін ашу

Міндеттері:

-     1.Ізгілік түсініктерін қалыптастыру. 

-     2. Мейірімділік қасиеттерін дамыту.

-     3.Қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Ресурстар:

оқулық, дәптер,интерактивті тақта

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2. Тыныштық сәті Орманға саяхат

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастырыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Еңбексүйгіш отырғызған орманда жүргендеріңді елестетіңдер. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштаққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Айналадағы табиғат өте көркем, әдемі ағаштар, гүлдер өсіп тұр. Гүлдер неткен керемет! Жүгерген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Біз осының бәрін бірге көргенімізге, осындай шақта бірге болғанымызға іштей қуаныштымыз. Бір ағаштың бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналымызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп, өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Рахмет.

Тыныштық сәтте алған әсерлерін қандай?

 

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма: 27 – сабақ, 94 - бет

Ә Ысқабаев «Бесағаш бұлағы

Сабақ барысын талдау:

4.Дәйексөз.

Барлығы бірге айту.

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

 Сән түзеп көрік берсін жер бетіне


Сұрақ: жер бетінің көріктенуіне қажет басты нәрсе?. Р.Сәттімбекұлы     


Жұмыс дәптері

 

5.Әңгiмелеу.

«Табиғат сәні» Балтабай Әділов

Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.

-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!

Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.

-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – табиғат сәні неде?

-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.

-Тоғай,-деді Қоян.

-Тау мен тас,-дедіАрқар.

-Дала,-дедіҚасқыр.

-Орман,-дедіТүлкі.

 Су,-деді Бұғы.

-Жер,-деді Піл.

-Тас, деді Аю.

-Көкжиек,-деді Керік.

-Шөп-деді Борсық.

-Күн деді Қодас.

-ҚұсдедіСаршұнақ.

Аңдарайтыпбіттікдегендей, іркіліпқалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырғанеліккеқадады:

-Сен неге үндемейсің?

Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның  алдына келіп:

Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін  қоссақ, табиғаттың сәні шығады.

Еліктің  сөзіне бәрі қолсоғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.

Сұрақтар:

1.      1.Табиғат сәні неде?

2.Арыстан аңдарды жинағандағы мақсаты не?

3.     3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы?

4.Табиғат сұлулығы қандай сезімге болейді?

2.     5.Табиғат сәні неде деп ойлайсың?

3.    6.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалай бағалайсың?

 

 6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

(Плакаттарды пайдаланып)

І топ: табиғатқа ассоциация жасау

ІІ топ: суреттерді қолданып, «Мен және табиғат» тақырыбына коллаж жасау

ІІІ топ: Табиғат қажет... сөйлемін аяқтау

Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.


Аққу - киелі құс, оны атуға, құс салуға болмайды.

Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

Көкті жұлса «көктей соласың» деп жамандыққа жориды.

(Тыйым сөздер оқушылар арасында талқыланады, олардың мән мағынасы түсіндіріледі)


7.Топпен өлең  Ән: Әрқашан күн сөнбесін


1. Күн әлемі, көк әлемі,

Суреті ол жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Жазылған бар бір сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын мамам

Болайын мен де аман


2. Сұм соғысты, қан төгісті,

Болдырмаймыз сәби үшін.

Гүл жайнайды, бақ таймайды,

Адам соны қалайды.

Қайырмасы:


Аудио,сөзі мені әні

 

8.Үй тапсырмасы. 28 - сабақ102-бет, «Аққулар мекені».

Авторы: Ы.Кененбаев мәтінін оқып келу.

 

      9.Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар!

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

 

 

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!