жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Табиғат тылсымы" өзін-өзі тану пәнінен
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №20 жалпы орта білім беретін мектеп
Мерзiм: 15.01.2018 ж Мұғалiм: Молдашева Айгуль Ануарбековна
Сынып: 5-сынып Оқушылар саны: 14 Тақырып:
№27 Табиғат тылсымы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: риясыз қызмет ету, шынайылық, жанашырлық
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғат туралы әңгімелей отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері:
|
Ресурстар: (дәптер, кітап, слайд, ) |
|
Сабақ барысы:
Орманға ойша саяхат
№27 сабақ, 94 - бет Ә Ысқабаев «Бесағаш бұлағы» 1.Қасымбек Бесағаш бұлағын неліктен сонша жақсы көрді? 2.Ақсақал неліктен бұлақ көзін ашу үшін еңбектенді? 3. Мәтіннен сүйіспеншіліктің қай түрін көруге болады? |
Ескерту |
Сүйіспеншілік – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі. А.Ж.Сталь 1. Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар |
Анна Жерман Сталь Француз жазушысы, гуманды педагогикаға үлес қосқан, балаларды тәрбиелеу туралы еңбектер жазған. |
Баяғы өткен заманда бір аралда Бақыт, Мұң, Сүйіспеншілік, Байлық, Уақыт, Такаппар, Білім өмір сүрді. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп: – Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді. Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып: – Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді. Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады: – Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді. Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: –Ол– Уақыт,–деді. – Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?–деді. Білім күліп,ақылмен жауап берді: –Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді. Әңгімеге байланысты сұрақтар: -Сүйіспеншілікке баскалардың көмектеспеуіне не себеп болды? -Неліктен уакыт қана сүйіспеншілікке көмектесті? -Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер? |
|
|
|
«Бес құндылық әні» «Әкеге арнау» әнінің әуенімен Сөзі: Мұғалім шығармашылығы Әні:Бауыржан Есебаев 1.Ақиқатпен жүру өмір бастауы Шындық туын биік ұста асқарлы Дұрыс сөйлеп, дұрыс ойлы іс жасап, Жақсылықпен атсын таңым арайлы. Қайырмасы: Сүйіспеншілік біздің әркез жүректе, Риясыз іске ұмтылдырар әлбетте. Нұрландырар құндылықтарды танып, Бағыт алғын ізгілікпен әлемге. Ей, адамзат ойлан әрбір ісіңді Өмір мәнін түсіне біл, бір демде! 2.Мейірімді бол, жылы сөзбен жанды емде Қиянатқа жоламағын бекерге Әрқашанда ар – ұжданға сүйеніп, Тыныштыққа келу керек әр пенде. Қайырмасы: |
|
Авторы: Ы.Кененбаев мәтінін оқып келу. |
|
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктеріңді, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар! - Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №20 жалпы орта білім беретін мектеп
Мерзiмі: 19.01.2018ж
Мұғалiм: Молдашева Айгуль Ануарбековна
Сынып: 4-сынып Оқушылар саны: 14
Тақырып: №10 Адал достық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Адалдық, жауапкершілік, шыншылдық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген