Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, тәжірбие алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы

Қызыл Қазақстан орталау мектебінің

География пәнінің мұғалімі

8сынып

Тақырыбы: Табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттау.

Мақсаттары:

1.Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, қорытындылау үшін ойындар арқылы оқушылардыңтанымдық белсенділігін арттыруға, ойлау қабілетін дамыту .

2.Топта жұмыс істей білуге, ынтымақтастыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: сайыс сабақ.

Әдіс тәсілдер: топпен жұмыс,

Көрнекі-құралдар: жарты шарлар картасы, схема,плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Әр елдің сәлемдесу дәстүрлері бойынша амандасу

Оңтүстік Америка халықтарының амандасуы

Оң қолын маңдайына ұстаса - ойлаймын

Ерніне қойса - айтамын

Жүрегіне қойса - сыйлаймын

ІІ.Қайталау сабағы .

Бүгін бізде қайталау сабағы, оны ойын жарыс түрінде өткіземіз.


І тапсырма : Табиғат зоналарына сипаттама беру .

Берілген жоспар бойынша әр оқушы бір зонаны сипаттайды. Ол үшін әр оқушы бір парақ қағаздан алу керек.

  1. Орманды дала зонасы

  2. Дала зонасы

  3. Шөлейт зонасы

  4. Шөл зонасы

ІІ тапсырма : «Сандық ішінде не бар?» тест жұмысы. Әр балаға тест жұмысы беріледі.

  1. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы.

А) сұр топырақ В) тақыр

Б) қара топырақ Г) сортаң топырақ

  1. Орманды дала зонасында өсетін өсімдіктер.

А) жусан,изен,көкпек В) арабас,итбүлдірген,атқонақ

Б) мия,құм акациясы,адыраспан Г)қараот,ебелек,түйеқарын

  1. Қазақстанда кездеспейтін табиғат зонасын тап

А) орманды В) аралас орманды

Б) шөлейт Г) дала

  1. Орманды дала зонасында өсетін ағаштар

А) бал қарағай, самырсын В) шырша, қарағай

Б) қайың, терек Г) сексеуіл, тобылғы

  1. Наурызым қорығы қай облыстың жерінде орналасқан

А) ақмола В) қостанай

Б) жезқазған Г) торғай

  1. Дала зонасында кездесетін ірі құс

А) бұлбұл В)дуадақ

Б) кекілік Г) тырна

  1. Қызғылт қоқиқаз қай көлде ұя салып, балапанын ұшырады?

А) балқаш В) теңіз

Б) алакөл Г) шардара


ІІІ тапсырма : «Басқатырғылар »

ЙАТАҒАБРАТ, РЫУАС,ҢҒАРОЖ, ТІРТҮС, НРАЫН, УАҚҰМТ,ЕНЕМРЕД, РАҒОЙТ.


КЛИМАТЫ

ОРГАНИКАСЫ

Алдарыңдағы парақтарта сөз жазылған, бірақ оның жартысын табу үшін сөздерді біріктірулерің керек, сонда жұпқа бөліндіңдер , енді кестені толтыру арқылы әр зонаның шыққан сөздегі бөлігін сипаттау керек.


ІV тапсырма : «Кескін картамен жұмыс»

компютермен жұмыс.( табиғат зоналары).



ІІІ.Рефлексия

Үй тапсырмасы: түгел қайталау

Кескін картамен жұмыс.



Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, табиғат туралы білімдерін дамыту мақсатында білім сайысын өткізу


Барысы :

  • Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен көрермен қауым. Сіздердің назарларыңызға 1,2,3,4 сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысты ұсынбақпыз.

Қандай жақсы шіркін-ай дүниеде

Өз салтымен қауышып, ашқан бағын

Шыққан бүгін бастауыштан балдырғандар,

Іздемекпіз ішінен «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»

Кім жеңеді жеңісте, үміт алда

Қобалжу бар, жүректе күдік те бар,

Әділқазы алқасы атыңды ақта

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда- дей келе сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырайық .

  1. _________________________________________________

  2. _________________________________________________

  3. _________________________________________________


Жарыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарына көнер енді

Қанеки, өрендерім сайысқа шық

Таң қалдыр біліміңмен көрерменді.

Ортаға командаларды шақырамыз .

Ойнымыз келесі айналымдардан тұрады


І айналым - Өзін-өзі таныстыру

ІІ айналым -Келесі-келесі

ІІІ айналым -Сөз құрастыру

IV айналым -Анықтама бюросы


Психологиялық дайындық

  1. Егер сендердің көңіл күйлерің жақсы болса, аяқтарыңды топырлатыңдар

  2. Егер сенің үйіңде итің болса, өзіңнің шашыңнан сипа

  3. Егер сен шоколадты жақсы көрсең, ерніңді тамсана жала

  4. Егер сен мектебіңді жақсы көрсең, қолыңды шапалақта.


Енді сөзді топтарға берелік .

І айналым : Өздерін таныстыру

Ұпай 5 баллмен бағаланады

ІІ айналым: Келесі- келесі, бұл сайыста әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі барлығы 8 сұрақ .

1 сынып:

  1. Қасиетті тағам не? (нан)

  2. есту мүшесі не ? (құлақ)

  3. ай туатын, жұлдыз шығатын қандай мезгіл (түн)

  4. -Біздің ел ордамыз қай қала ? (астана)

  5. ҚР президенті кім?

  6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

  7. Шөлдегенде қажет ететін зат (су)

  8. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген?

2 сынып:

  1. Бидай, тары күріш, арпа т.б. дақылдарды өндіретін адамды кім дейді ? (диқан)

  2. Өлі табиғатқа нелер жатады?(су, аспан, жер, ауа, тас)

  3. Аспан мен жердің түйіскен жерін ата (көкжиек)

  4. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)

  5. Айналадағы дүниенің ең ірі бөлігі (табиғат)

  6. Заттың дәмін білетін зат? (тіл)

  7. Суда ерімейтін заттар (саз, құм)

  8. Жүрек адам ағзасының қай жерінде орналасқан? (сол жақ кеуде қуысында)

3 сынып:

  1. Адам денесінің тірегі не ? (Қаңқа)

  2. Табиғаттағы өзгерістердің барлығы қалай аталады? (табиғат құбылысы)

  3. Қазақстан тауларын ата (Көкшетау, Ұлытау, Алтай, Алатау)

  4. Ауаның температурасын өлшейтін аспап? (термометр)

  5. Жер бетінің ерекше биік тұстарын не дейміз? (тау)

  6. Су үш түрлі күйде болады , соларды ата (мұз, су, бу)

  7. Көкжиек тұстары қандай құралмен анықталады? (компас)

  8. Ормансыз жазық алқапты не дейміз? (дала)

ІІІ айналым сөз құрастыру ,әр бір сөз бір ұпай.

«ТАЛДЫҚОРҒАН» СӨЗІНЕН 1 минут ішінде СӨЗДЕР ҚҰРАСТЫРУ КЕРЕК.


IV айналым- Анықтама бюросы – алдарыңда берілген суретті анықтап беру керек, яғни әңгіме құрастыру 5 минут уақыт беріледі. Сайысқа 10 ұпай беріледі

Келесі сөзді әділқазылар алқасына берелік. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші сайысымыздың соңына да жеттік

Барына риза болып көрермендер,

Ойнадық та, ойладық

Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ

Тағы да кездесерміз аман болсақ – деп сайысымызды аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12