|
Қызығушылық
Мотивациялық
Ізденімдік,ұйымдастырушылық
|
Балалар бізде бүгін ерекше
күн,ерекше болатын себебі бүгінгі оқу іс-әрекетімізге көптеген
қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасып
алайық.
-Сәлеметсіздер
ме!
-Здраствуйте!
-Good
morning!
Ал енді дөңгеленіп тұрып
шаттық шеңберін орындайық.
Армысың, шапағатты көк
аспан,
Армысың,күлімдеген алтын
күн!
Армысың,қайырымды жер
ана!
Жарайсыңдар!
Балалар сендердің осындай жігерлерің мені
серпілтіп тастады.Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Табиғатпен
сырласу».Олай болса табиғатпен сырласу үшін орнымызға
отырып,теледидарға назар аударайық.Музыка әуенімен слайдты көре
отырып,көздеріңе елестетіңдерші.Сендер жасыл шөптің үстінде келе
жатсыңдар,одан келе құмды жерге жеттіңдер,құмның үстінде
ойын-ойнадыңдар,күнге қолдарыңды созып,өздеріңе күн шуағын
сезінесіңдер.Әрі қарай жүреміз,самал жел беттеріңнен сипап
өтті.Енді таза көлге яғни көл жағасына келдіңдер.Таза суға
аяқтарыңды батырып,шомылғандай әсер
алдыңдар.
-Енді балалар өздерің табиғат
анадан алған әсерлеріңді айтып
беріңдерші.
-Балалар мұның барлығы бір
сөзбен айтқанда «Табиғат»деп аталады.Табиғат дегеніміз –ол бізді
қоршаған орта.
Балалар сендер айтыңдаршы
табиғатқа бұдан басқада нелер
жатады?
-балалар енді мұқият
тыңдаңдар,табиғаттың өзі екіге бөлінеді.олар тірі табиғат және өлі
табиғат болып мысалы:
Тірі табиғатқа:адамзат
баласы,құстар,өсімдіктер,жан-жануарлар,жәндіктер т.б Тірі табиғат
дейтін себебі олар қоректетін,өсетін,көбейетін тірі ағзаларға
жатады.
Өлі
табиғатқа:тау,тас.топырақ,су,ауа,жұлдыз,күн,найза
ғай
жатады.
Өлі табиғат-олар
өспейді,қоректенбейді,тыныс алмайды.Бірақ қозғалатын,бұзылатын
денелер.Міне балалар біз табиғатың екіге қалай бөлінетінін
білдік.Бұл табиғат қанша жерден екіге бөлінгенімен бір-бірімен өте
тығыз байланыста болады.
Енді осы тірі табиғат пен өлі
табиғат туралы білімдеріңді тексеру үшін,мен сендерге дидактикалық
ойын ойнатпақшымын.Ойынның аты: «Мекеніңді тап».Ойынның шарты:мен
сендердің қолдарыңа тірі табиғаттың және өлі табиғаттың суреттерін
таратып беремін сендер тірі табиғатты тақтада тұрған көк
текшеге,өлі табиғатты қызыл текшеге
орналастырасыңдар.
Балалар екі табиғаттыңда
суреттерін тура тауып сәйкестендірдіңдер
жарайсыңдар!
Балалар сонымен тірі табиғат
пен өлі табиғат бір-бірімен өте тығыз байланыста болады екен.Олар
бірін-бірі толықтырып отырады.Мысалы күн болмаса барлық тірі
табиғат иелері қалай өмір сүреді?(адамзат
баласы,жануарлар,жәндіктер,өсімдіктер
т.б)
Табиғаттың адамзатқа берген
үлкен сыйы бар.Ол туралы мен сендерге жұмбақ түрінде айтып жасырып
көремін,сендер жұмбақтың шешуін дұрыс табасыңдар деген
ойдамын.
Суда мұз бар,жерде қар
бар,
Боран борап
соғады.
Бұл қай кезде
болады?
Қар,мұз еріп,су
көбейіп,
Сай-салаға
толады.
Бүршік жарып,жарық
шашып,
Гүл бәйшешек
толады.
Өрік,алма,жидек,жүзім
піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз
Дүкендерге
түседі.
Бұлттар көшіп,жерге
төніп,
Дымқыл тұман
басады.
Шөп сарғайып,өңі
тайып,
Дала нұры
қашады.
Жұмбақтардың шешуі жылдың төрт
мезгілі.Енді балалар осы жылдың төрт мезгілін өз қолымызбен жасап
көрейікші.Ол үшін шығармашылық орталыққа барайық. 4-топқа бөлініп
ұжымдық жұмыс жасаймыз.\техникалық қауіпсіздікті айтып өту\Мен
сендерге жасалу жолын айтып,түсіндіріп өтейін.Жылдың төрт мезгілін
жапсыру арқылы орындау.
Жылдың төрт мезгілін
қазақша,орысша,ағылшын тілінде яғни билингвальді компонент әдісі
бойынша орындату.
Ал ендеше балалар шаршаған
боларсыңдар олай болса бір сергіп
алайық.
Сергіту сәті: «Көңілді
күн»
Бәрекелді балалар ендеше
орнымызға отырып ойын ойнайық.Ойынның аты: «Жақсы,жаман».Ойынның
шарты мен сендерге суреттер көрсетемін,сол суреттердегі
іс-әрекеттерге қарап жақсы не жаман екенін қол шапалақтау немесе
аяқтарымызды топ-топ басу арқылы белгі
береміз.
Балалар біз бүгінгі сабақта
табиғаттың екіге бөлінетінін білдік.Біз әрқашанда табиғатты
қорғауымыз қажет.
|
Балалар қонақтармен 3-тілде
амандасады,шаттық шеңберін
орындайды.
-Мен жасыл шөптің үстімен
жүрдім.
-Мен
денемді
күнге
қыздырдым.
-Мен таза көлді аяғыммен кешіп
көрдім.
Ағаштар,гүлдер,шөптер,құстар,жануарлар,жәндіктер
жатады.
Балалар суреттің атын және қай
табиғатқа жататынын айтып,текшелерге
жапсырады.
Қыс
Көктем
Жаз
Күз
Балалар жапсыру жұмысын
орындап,сурет бойынша әңгімелеп
береді.
Сергіту жаттығуларын
жасайды.
Ойынды қызыға
ойнады.
|