400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғатқа жанашырлық – адамзаттың шынайы мәдениеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты қорғау – тек экология мәселесі емес, ол адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғатқа жанашырлық – адамзаттың шынайы мәдениеті


Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау туралы сөз көп айтылады. Әлеуметтік желілерде әдемі бейнероликтер жарияланып, түрлі ұрандар айтылады, мектептерде экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Алайда табиғатты қорғау тек сөзбен немесе бір күндік іс-шаралармен шектелмеуі керек. Нағыз экологиялық мәдениет – адамның күнделікті өміріндегі қарапайым әрекеттерінен көрінеді.


Кейде табиғатты қорғау дегеніміз тек көрме ұйымдастыру немесе табиғи материалдан қолөнер жасау сияқты көрінеді. Бірақ сол жұмыстардан кейін қоқыс көбейіп, пластик пен қағаз тағы да далаға тасталып жатады. Өкінішке қарай, кей адамдар табиғат туралы әсерлі сөз сөйлеп тұрып, демалысқа шыққанда артынан қаптаған қоқыс қалдырады. Осындай жағдайларды көргенде, бүкіл әлемді бір сәтте тазалап шыққың келеді. Бірақ табиғатты бір адамның өзі құтқара алмайды. Табиғатты қорғау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.


Менің ойымша, экология ең алдымен адамның санасынан басталады. Егер бала кішкентайынан бір жапырақ қағазды жерге тастамауды үйренсе, ол ертең табиғатқа жауапкершілікпен қарайтын азамат болып өседі. Сондықтан мектептегі экоклубтардың маңызы өте зор. Біз макулатура жинап, қайта өңдеу арқылы шопперлер тігіп, мектепке гүлдер мен құмыралар сатып аламыз. Бұл үлкен жетістік болмауы мүмкін, бірақ ең маңыздысы – оқушылардың көзқарасы өзгеріп келеді. Қазір балалар ғана емес, мұғалімдер де қағазды қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге жинайды. Кейбірі тіпті макулатураны үйлерінен әкеледі. Бұл – экологиялық тәрбиенің нәтижесі.


Мен болашақта әр қалада «Жасыл арба» атты экологиялық жедел қызмет болғанын қалар едім. Егер бір жерде табиғат ластанса, адамдар арнайы нөмірге хабарласып, еріктілер келіп сол аумақты тазартса қандай жақсы болар еді. Олар қажетті құралдармен жабдықталып, табиғатты қорғауға үлес қосар еді. Мұндай ұйым адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамды біріктірер еді.


Табиғатты қорғау – тек экология мәселесі емес, ол адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Біз бүкіл әлемді бір күнде өзгерте алмауымыз мүмкін. Бірақ өзіміз тұрған жерді таза ұстап, өзгелерге үлгі бола аламыз. Нағыз жанашырлық дәл осындай кішкентай әрекеттерден басталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі