Шағын
орталық тобының ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу
күні: 27.12.2018
Тәрбиеші:
Сеилова
А.А
Білім
беру саласы:
Әлеуметтік орта
Пән:
Экология негіздері
Өтпелі
тақырып: «Тәуелсіз Қазақстан (ҚР тұңғыш
Президенті, мемлекеттік рәміздер)
Тақырыбы:
«Қысқы ағаштар»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаның әдемілігін, сезімталдығын
түсіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
балабақша
ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың
түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру.
Оқыту:
Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу
дағдыларын бекіту.
Педогогикалық
технологиялар:
дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
жазда,
қыста жеке өсіп тұрған ағаштың, қысқы
орман суреті, ормандағы аңдар мен
құстардың суреті.
Билингвалдық
компонент:
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Шаттық
шеңбері.
Далада
қар борайды
Ақ
мамыққа орайды.
Мұз
болады, қатады.
Жып
– жылтыр боп жатады.
(«қыстың
дыбысы» әуен ойналады)
Негізгі
бөлім:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста
ауа райы қандай?
Мына
суретке қараңдар.
(қыстың
күні ойнап жүрген балалардың суреті)
Балалар
қыста қалай ойнайды?
Жұмбақтың
жауабын табыңдар:
Жазда
жатсаң- көлеңкесіне алады,
Қыста
жақсаң- жаның рахат табады. (ағаш)
Бүгін
ағаштар туралы әңгімелесеміз
Нақты
қысқы ағаштар туралы айтамыз
Ағаштардың
адамға қандай пайдасы бар?
Жауапты
мынау схема бойынша айтуға болады.
Ағаштарды
атап кетейік.
Енді
осы ағаштарды салыстырайық: жазда қандай
болады, қыста қандай болады екен. Шырша
мен қарағай қыста да, жазда да жасыл
түсті қылқанды болып қалады. Қалған
ағаштар жазда жасыл жапырақты, ал қыста
жапырақсыз болып тұрады.
Қыста
ағаштар не істейді?
Қыста
ағаштар неге үсіп қалмайды екен?
Сергіту
сәтін жасайық:
Көкке
бойын созады.
Көпке
қолын созады.
Кең
құшағын ашады,
Көлеңкесін
тосады.
Көк
қарағай қарағай,
Мейірбанды
анадай.
Енді
осы ағаштар туралы қысқаша айтып
кетейік.
Мына
суретке қараңдаршы: орман.
Кең
жерде өскен көп ағашты орман деп атайды.
Орман аңдар мен құстардың мекені. Ағаштың
үстін де, астын да мекен етеді. Оны біз
қазір ойын арқылы көрсетеміз.
Келіңдер
дидакт.ойын ойнаймыз:
«Орнына
орналастыр».
(баяу
музыка әуені ойналады)
Аңдар
мен құстарды дұрыс орналастырдыңдар.
Балалар сендер орман ішінде, бақ ішінде
жүргенде мынадай ережелерді білулерің
керек:
Орман
ішінде от жақпа, айғайлап сөйлеме.
Ағаштың
бұтағын сындырма.
Құстың
ұясын бұзба.
Қыста
ағаштың түп жағына көп қар таста.
Қимылды
ойын ойнайық бәріміз:
«Шырша,
бүршік, қоян»
Шарты:
«шырша» дегенде қолды екі жаққа
созу,
«бүршік»
дегенде отыра қалу,
«қоян»
дегенде секіру керек.
Жаңылып
қалған ойыннан шығады.
Қорытынды:
Бұтақтарды
сындырмай,
Ағаштарды
баптайық.
Құстарды
да атпайық,
Табиғатты
сақтайық!