400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатқа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Жіберіліп отырған материал жаңартылған мазмұн бойынша жұмыстанып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажет. Бұл - жаңартылған мазмұн бойынша 5 - сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары. Жоспар пән мұғалімдеріне ҚМЖ үлгісі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

10 – бөлім. Саяхат және демалыс.

Мектеп: «А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні: 26.04.18ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Басгулова Гульжанат Орыновна

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсініп оқиды, жіңішке сұрақтар құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған орташа сұрақтар құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды, өз көзқарасын айтады.Негізгі ақпараттарды анықтайды. Ақпараттарды анықтауға бағытталған күрделі сұрақтар (жуан) құрастырады

Жетістік критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды.

  • Ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

  • Жіңішке, жуан сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Табиғат аясы, саяхат, аймақ т.с.с


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бүгінгі сабақ не туралы?

  • Қалай ойлайсыңдар?

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Ал табиғатқа саяхатқа шығуды қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Бірлестіктегі тәрбие, қазақстандық патриотизм, табиғатты аялау, өмір бойы оқуға талпыну, айналысындағы адамдарға, қоғамға деген сыйластық, (топтық, жұптық жұмыстарда жаңа тақырыпты меңгеріп, қоғамда өздерін қалай ұстау керектігін үйренеді ).

Пәнаралық байланыстар

экология

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интербелсенді тақта, тапсырмалар.


Бастапқы білім

Саяхат

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут










5 минут

Ширату

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру. Тренингке шақыру. Гүлді ұсыну арқылы өзінің есімі мен өзінің есімінен басталатын дыбысқа байланысты сын есімді айтыпшығу. Мысалы: Гүлдей жайнаған Гүлжанат.....

«Қар кесегі» әдісі

Өтілген сабақ пен жаңа сабаққа қатысты сөздер жазылған қар кесектерін бір – біріне лақтырады, ішінде жазылған сөздерді бір – бірінен сұрау арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау


(Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады).















Слайд

Сабақтың ортасы

Оқылым кезіндегі тапсырмасы

С «Көз жүгіртіп оқу» әдісі

Мәтін тақырыбы: «Табиғат аясына саяхатқа шығудың жеті себебі»

Дескриптор:

- мәтінді түсініп оқиды

ҚБ «Ауызша мадақтау»

ТЖ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

1 – топ.

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі.

Барысы: Фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

2 – топ.

әдісі.

Сыныптастарыңыз үшін 3 сұрақ ұсыну.

Көшбасшы сіздің топқа берілген сұрақты оқиды.

Т оптың қатысушылары жауаптарын планшетке жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді.

3- топ.

әдісі.

Сіздердің әрқайсыңызға бүгінгі оқылған материалға қатысты сұрақ жазу керек. Сұрақтардың әрқайсысы түрлі сұрау есімдігінен басталуы тиіс:

не

кім

қашан

қайда

неге

қалай

Егер ... болса, не болады?

Дескриптор: Білім алушы

-Мәтінді түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

ҚБ:

«Субұрқақ» әдісі арқылы бағаланады.


Оқылымнан кейінгі тапсырма

Ж «Жіңішке, жуан» әдісі

Жіңішке

Жуан








Дескриптор:

  • Мәтінді қайта оқиды.

  • Мәтін бойынша жіңішке сұрақ құрастырады.

  • Мәтін бойынша жуан сұрақ құрастырады.

ҚБ. «Марапат сөздер»

http://abai.kz/post/ 48270




ҚБ «Ауызша мадақтау»

Сабақтың соңы

5 минут











  • Балалар, бүгін сабақтан не үйрендік? (Мәтінді түсініп оқыдық, сұрақтар құрастырдық)

Мұғалімнің марапаттау сөзі.

  • Жарайсыңдар, бүгін сабақта барлығыңда керемет жұмыс жасадыңдар.

Кері байланыс

«Сұрақтары бар қорап»

Үстел үстіне қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз әзерлері мен өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.










Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылардың жеке жауабы.

Жұптық жұмыс.



Кабинетте, топтық жұмыста қауіпсіздік ережесін сақтау. Сыныптың санитарлық нормаға сай болуы.

Сабақ бойынша рефлексия:



Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


















Табиғат аясына саяхатқа шығудың жеті себебі


Саяхаттауға деген құмарлықты айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғатқа саяхаттаудың басты себептері:

1. Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге серпін беріп, күш-қуат сыйлайды. Күнделікті мезі етер, шешімі қиын мәселелерден арылып, тыныш табиғатта тыныққанға не жетсін. Бірнеше күн саяхаттап, демалып көріңізші, сергіп қаласыз.

2. Ойын ойнау. Өміріңіз тым бірқалыпты, тұрақты болуы да сізді жалықтырады. Сондықтан саяхаттау арқылы ішкі балалық белсенділігіңізді, балақай білімқорлығыңызды оятасыз. Әлемге, табиғатқа өзге талпыныспен, көзқараспен қарайсыз. Бала күніңізде жасамаған әрекетіңізге барып, ойнамаған ойыныңызды ойнап көріңіз. Мәселен, әткеншекте тербеліңіз, суда жүзіңіз.

3. Жаңа қабілеттерге ие боласыз Саяхаттау жаңа мәселелер мен міндеттерді алға қояды, бұл міндеттерді, мәселелерді шешу арқылы өзініңіздің қабілетіңіз бен мүмкіншілігіңізді арттырасыз.

4. Дүниетанымыңызды кеңейтесіз. Сапар шегу арқылы сіз өзге мәдени әлемге, өзге адамдардың өміріне саяхаттайсыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне, тұрмысына үңілесіз, мәнін іздейсіз. Сол арқылы әлемді тануда жаңа көзқарас қалыптастырасыз. Өз еліңізге келгенде санаңызда салыстыруға болатын дүниелер пайда болады. Бір ескерерлігі, салыстырып отырған ұғымдарыңыздың тарихы мен ауқымын назардан тыс қалдырмаңыз.

5. Ойлануға көп уақыт бөлесіз. Саяхат жасау үшін тек алыс мекенге емес, қаланың шетіне барсаңыз да болады. Мәселен, тауға серуендеуге шығыңыз. Балық аулап көріңіз. Адам зейінін өзге нәрсеге бұрған кезде жаңа идеялар да қатар туады.

6.Табиғатпен оңаша қалу. Біз көп уақытымызды жабық кеңістікте өткіземіз. Ал саяхат жасау сізді кең кеңістікке – табиғат ананың аялы алақанына алып шығады. Аймақтың кеңдігі кеудеңіз кеңеюіне де жол ашады. Табиғатпен оңаша қалу сізді терең ойларға жетелейді.

7. Жұмыс туралы ойлардан демалу. Адамдардың көпшілігі «жұмыс-жұмыс» деп алаңдап, елеңдеп уақытын, күш-қайратын құртады. Жұмысқа аса берілу күйзеліске душар етеді. Саяхаттау кезінде жұмыс туралы ойдан алшақтап, өзіңізбен өзіңіз қалуға мүмкіншілік туады. Ал кейде жұмыс туралы ойламау арқылы жұмысқа қажетті идеяны табуға болады.

















Аты – жөні:......................................................................


«Жіңішке, жуан» әдісі

Жіңішке

Жуан










Дескриптор: Білім алушы

  • Мәтінді қайта оқиды.

  • Мәтін бойынша 1 жіңішке сұрақ құрастырады.

  • Мәтін бойынша 1 жуан сұрақ құрастырады




Аты – жөні:......................................................................


«Жіңішке, жуан» әдісі

Жіңішке

Жуан










Дескриптор: Білім алушы

  • Мәтінді қайта оқиды.

  • Мәтін бойынша 1 жіңішке сұрақ құрастырады.

  • Мәтін бойынша 1 жуан сұрақ құрастырады.







Кері байланыс

Аты – жөні:........................................................................

Сабақтан алған әсерім .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Сұрақ .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Кері байланыс

Аты – жөні:........................................................................

Сабақтан алған әсерім .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Сұрақ .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Кері байланыс

Аты – жөні:........................................................................

Сабақтан алған әсерім .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Сұрақ .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі