400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатқа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу

Сынып: 1

Мектеп: «Қаржан» жалпы орта мектебі

Күні: 27.09.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Медетова Ұлбосын

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат

Ә дыбысы мен әрпі

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқумақсаты

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.3.8.1 жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Ә әрпін таниды,дыбыспен сәйкестендіреді

Көпшілігі орындай алады: буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды;

Кейбірі орындай алады: сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады, дыбыстық талдау жасайды,

Бағалау

критерийлері

Білім алушы

-әріптерді таниды және ажыратады

-буындап немесе тұтас сөздермен оқиды

-сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.






Сөздік қор




Оқушылар орындай алады:

Дыбысты ажыратады, дыбыстық талдау жасайды, сөйлемді тізбектей оқиды.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Әтеш, әже, әйнек, дәптер, кәрі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі

Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ә қандай дыбыс, сөз, сөйлем құра

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік Ел, бұл –Тәуелсіздік және Астана.

Мәңгілік ел,бұл-Тарихтың,Мәдениет пенТілдің ортақтығы оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту,сын тұрғысынан ойлауға тәрбиелеу

Денсаулық, техника қауіпсіздігінің сақталуы

Сынып бөлмесінде, сабақ барысында, сергіту сәтінде жеке бастың жалпы қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, матаматика,бейнелеу

АКТ қолданудағдысы(сабақтақолданылатынболсакөрсетіңіз)

Аудиожазба,таныстырылым,интербелсенді тақта.

Алдыңғымеңгерілген білім


Ә дыбысы, әрпі туралы біледі таниды.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ынтымақтастық атмосферасын орнатып алу.

Үлкенге де сіз де,

Кішіге де сіз де,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз де.

Шаттық шеңберге тұрып,гүл ұсыну арқылы бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту.





Топқа бөлу

Көлік түрлері арқылы 3-топқа біріктіру.

Оқушылар өздеріне ұнаған көлікті таңдайды.

І топ - Ұшақ

ІІ топ – Тікұшақ

ІІІ топ – Автобус

1.Тапсырма: «Серпілген доп»әдісі арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.

З дыбысына байланысты сөздерді айтып өтеді.

Мақсат: алдыңғы білімдерін жаңа біліммен ұштастыру

Дескриптор:

-З дыбысының дауыссыз екенін біледі;

-дыбыстарға сөз құрайды;

Қ.Б. «От шашу» әдісі



Шеңбер









































Сабақ ортасы


















(ТЖ) №2.тапсырма. Жұмбақ шешуін табу.

«Кім шапшаң»әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашамын

Мақсаты:Сыни тұрғыдан ойландырып,тақырыпты ашу.

Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар. (Әтеш)

(МК) АКТ қолдану. Электронды оқулық арқылы Ә дыбысын түсіндіремін.Ә дыбысынан келетін сөздерге мысал келтіремін. Оның дауысты, жіңішке дыбыс екенін түсіндіремін.

Әріптің таңбалануын көрсетемін.

Дескриптор:

- жұмбақтың шешуін табады;

-Ә дыбысының дауысты,жіңішке дыбыс екенін біледі;

- Әә дыбысын айтып үйренеді,ә дыбысынан басталатын сөздерді айтады;

ҚБ «Шапалақтау» әдісі арқылы бағалау

Оқулықпен жұмыс

(ТЖ) №3 тапсырма. «Бірлесіп оқимын» әдісі

Мақсаты: буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу.

ән әке дәрі сәуір

сән Сәкен дәрігер Дәуір

дән тәтті тәу лік Әсет

Дескриптор:

- хормен оқиды

- тізбектей оқиды

- жеке оқиды

Қ.Б «смайликтер» арқылы бағалаймын

(ЖЖ) №4 тапсырма«Суреттер

сөйлейді»әдісі арқылы сурет бойынша әңгіме құрастыру

Мақсаты: Сурет бойынша оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету,оқушылардың сөздік қорын молайту,айтылым-тыңдалым дағдыларын дамыту

Дескриптор:

- сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырады;

- мәтінді жүйелі әңгімелейді.

ҚБ «жемістер» арқылы бағалау

Ширату жаттығуы. «Иттерге өз үйшігін табуға көмектес»



( ЖЖ) №5 тапсырма. Шана мәтінін тізбектей оқыту. «Белсенді оқу» әдісі

Мақсаты: Тақырып бойынша ой-толғаныс жасау,Әр оқушының зейінін арттыру. Сауатты оқу дағдысын дамыту

Дескриптор:

- мәтіндегі сөйлемдердіңсанын анықтайды;

- мәтінніңмазмұнынжүйелі баяндайды.

ҚБ «жұлдызша»әдісімен бағалау

№6 тапсырма. Әріптерден сөз құрау

«Ойлан тап» әдісі

Мақсаты: әріпті танып,дыбыспен сәйкестендіру.

Дескриптор:

-әріптерден сөз құрайды

- суретпен сәйкестендіреді.

ҚБ «Білезік кигізу» әдісі арқылы жұпта кері байланыс беру

ЖЖ(МК) №7 тапсырма. «Саралау» әдісі.Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беру. «Еркін жаз»әдісі

А. «Ә» әрпін каллиграфиялық талаптарға сайжазыңыз;

Б. Жазу жолына суреттің атауын жазыңыз.

С. «Әке» сөзіне сөйлем құрап жазыңыз.

Дескриптор:

Барлығы:

-әріп элементтерін дұрыс жазады;

Көпшілігі:

-суретке сәйкес атауларын жазады;

Кейбірі:

-берілген сөздерге сөйлем құрайды

ҚБ. «смайликтер» арқылы бағалау







Электрон

ды оқулық

тыңдалым























оқылым





















































оқылым

















Жұлдызша

смайликтер



















Көркем жазу дәптері










жазылым













оқылым,жазылым










Сабақтың соңы

Кері байланыс

Оқушылар өз ойларын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы сабақты аяқтады











Жұлдызшалар, тілек парақшасы







Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Кейбір оқушылар сөздерді, сөйлемді толық оқиды. Әріптен сөз және сөйлем құрай алады


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

«От шашу» әдісі

«Шапалақтау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Жемістер» әдісі

«Жұлдызша» әдісі

«Білезік кигізу» әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуда да ескеріңіз)?

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі