жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Табиғатқа саяхат. Б,б дыбысы мен әрпі
Мектеп: Астана қаласы |
|||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Б,б дыбысы мен әрпі
|
|||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі:
|
||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
1.1.9.3.сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау |
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:Сөздерден Б дыбысы мен әріпінің дауыссыз дыбыс екенін ажыратады,сөздерді буынға бөледі және буынға бөліп оқиды. Оқушылардың басым бөлігі: Сөздерден буын санын анықтау жолдарын түсіндіреді, сөздерді буынға бөледі және буынға бөліп оқиды Кейбір оқушылар: сөздерді буынға бөлу жолдарын түсіндіреді, сөздерді тізбектеп оқиды |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
-Б,б дыбысы мен әрпін дауыссыз дыбыс екенін ажыратады -сөздердің буын санын анықтайды, буынға бөледі және буынға бөліп оқиды
|
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Сөз тіркестері: әріп,дыбыс,буын ,дауыссыз дыбыс |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
дүниетану, өзін-өзі тану |
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта ,таныстырылым |
||||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Дауыссыз дыбыс,буын туралы біледі |
||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал қалыптастыру. Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта!» Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса, Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем, саған Жер- Ана Сәлем, саған нұрлы күн? Балалар, қандай керемет! Жарайсыңдар! Ендеше берілген суреттер бойынша топқа бірігейік.
Әр топтың атауы табиғаттың қай түріне жатады? |
Шаттық шеңбер
үнтаспа
Суреттер слайд |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Саралап оқытудың қарқын тәсілі Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді буынға бөліп,буын санын анықтайды. Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды.(Балық)
Қызықтырып әркімді-ақ, Суда жүзер жылтылдап Қайсы әріптен басталған, Сол жүзгіштің атын тап? (Бақа)
ҚБ: «Басбармақ» Сергіту сәтін ұйымдастыру. 2- тапсырма «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі. Топпен жұмыс 1-топ. Әрбір суреттің атауын жазып шық. «Б» дыбысы бар сөздердің буын санын анықта. «Б» дыбысы қандай дыбыс екенін ажырат. 2- топ Буындарды оқып,буындардан сөз құрастыр.Буын санын анықтау
3-топ 4-топ Жұмбақтың шешуіндегі сөздегі буын санын анықта. «Б» дыбысы қандай дыбыс? Қызықтырып әркімді-ақ, Суда жүзер жалтылдап. «Б» әрпінен басталған, Сол жүзгіштің атын тап.
ҚБ: «Жапондық» әдісі 3-тапсырма Жеке жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Буынды сызбамен көрсетіңіз. Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз.
ҚБ: Бағдаршам түстер арқылы |
слайд
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс .«Ақылды үкі» арқылы кері байланыс жүргізуді жоспарладым.Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта қаншалықты түсінгенін ,қиындық кездескенін,түсінбегенін аттары жазылған стикерді үкілердің тұсына жапсырады.
|
|
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген