«Таңбалытас
ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің жоспарына
сәйкес 2019 жылғы 21-ақпанында «Заманауи
сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің
көрсеткіші» тақырыбындағы мектепішілік
үздік сабақтар фестивалі өткізіледі.
Фестивальға
квалификациялық тесттен өтетін
(модератор, сарапшы, зерттеуші, т.б)
ұстаздар қатыса алады.
Қатысушылар
кәсіби шеберлігінің практикалық
деңгейін, жаңа білім беру мазмұнын
игеру, әдістемелік тұрғыдағы шеберлігін,
өз сабағын жоспарлау, инновациялық
білім беру технологияларды меңгеру
деңгейін көрсетулері тиіс.
Жұмыс
бағыттары:
Бастауыш
білім беру;
Филология
(қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен
әдебиеті);
Жаратылыстану-математикалық
(математика, физика, информатика);
Жаратылыстану
(химия, биология, география)
Қоғамдық-гуманитарлық
пәндер (тарих, ағылшын тілі);
Өнер,
технология, дене шынықтыру және АӘД
пәндері.
Фестиваль
мазмұны және кезеңдері
«Таңбалытас
ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің «Заманауи
сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің
көрсеткіші» тақырыбындағы мектепішілік
үздік сабақтар фестиваліне қатысушылары
күнтізбелік бағдарламаға сәйкес
бетпе-бет (сабақ беретін сыныпқа емес,
параллель сыныпқа) ашық
сабақ (15
минут) өткізеді.
Сабаққа
қойылатын талаптар:
Оқу
мақсаттарының айқындылығы;
Сабақты
ұйымдастыру және оқыту әдістерінің
мақсатқа сәйкестігі;
Сабақта
белсенді оқыту әдістерін тиімді
пайдалануы;
Мұғалім
қолданған ресурстардың тиімділігі;
Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыруда
нақты жұмыстың көрініс алуы;
Сабақ
жоспарындағы барлық кезеңдердің
қамтылуы;
Оқыту
барысында жалпы ұлттық «Мәңгілік ел»
идеясының құндылықтарының көрініс
табуы;
Мұғалімнің
оқыту үрдісінде кері байланыс беруі;
Мұғалімнің
бағалаудағы іс-әрекеті.
19-ақпан
күніне дейін директордық әдістемелік
орынбасары К.С.Нусупбаеваға әр қатысушы
сабақ жоспарын тексертіп, мектеп
директоры А.Т.Жидебаевамен бекітілуі
тиіс.