400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатта жануарлардың қандай өзара байланысы бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлардың тіршілік ортасы өзгергенде болатын жағдайларға нақты болжам жасайды. Табиғи апаттардың жануарлар тіршілігіне әсерін, салдарын біледі. Оқушылар жануарлардың тіршілік ортасының өзгеру себептерін анықтайды; тіршілік жағдайы өзгеруінің жануарларға әсерін түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы






Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп: Қарақойын ЖОББМ

Мұғалімі: Жакупова Арайлым Зейнуллаевна

Қатысқандар саны:9

Қатыспаған оқушылар:0

Күні:



Тақырыбы:

Табиғатта жануарлардың қандай өзара байланысы бар

Оқу мақсаты:

3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;


Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

жануарлардыңтіршілікортасыныңөзгерусебептерінанықтайды;

тіршілікжағдайыөзгеруініңжануарларғаәсерінтүсінеді.

Бағалау критерийі

Жануарлардың тіршілік ортасы өзгергенде болатын жағдайларға нақты болжам жасайды. Табиғи апаттардың жануарлар тіршілігіне әсерін, салдарын біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

жануарлар қандай жағдайға байланысты тіршілік ортасын өзгертетінін айтады;

қоныс аудару жануарлардың санына әсер ететін дәлелдейді;

мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану

Құндылықтар

жануарларды қорғау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

жануарлардың тіршілік ету ортасы, бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

0-5

Ұйымдастыру.

«Иә немесе Жоқ»

Оқушыларға сөйлемдер оқу, «ия» немесе «жоқ» деп жылдам жауап беру және өз жауабын дәлелдеу.

  1. Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.

  2. Табиғат үшке бөлінеді.

  3. Жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жерде мекендейді.

  4. Олар тіршілік ортасына дұрыс бейімделмеген.

  5. Жануарлардың өздеріне қолайлы жерде мекен етуін тіршілік ортасы дейміз.

  6. Жануарларөсімдіктіңкөбеюінекөмектеседі.

  7. Жыртқыш аңдар өсімдікке зиян келтіреді.

  8. Өсімдіктердіңтұқымынқұстартаратады.

  9. Жан-жануарлардың ортаға бейімді болуын бейімділік дейміз.

  10. Жануарлар арасында бәсекелестік қарым-қатынас болмайды.

  11. Жануарлар қорек пен тіршілік мекені үшін бәсекелеседі.


Аудиожазба

сұрақтарды дыбыстық жазба түрінде тыңдату

Сабақтың ортасы

5-7











7-10














10-13











13-15





15-25












25-32


32-36

  1. Бәсеке.Оқулықтағы суретпен жұмыс.


  • Суретте қандай жануарлар бейнеленген?

  • Олар қайда мекендейді?

  • Олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін бе?

  • Олар не үшін бәсекелесуде?

  • Бәсекелестіктің соңы неге әкеліп соғады деп ойлайсың?

  • Егер жануарлар үйреншікті мекенінен айырылса, не болады?

Оқушылардың жауаптары мен болжамдарын тыңдау. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айту.

Дескриптор: - ӛз бетінше тіршілік ететін жануарларды атайды; - адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды; - жануарларды жабайы және үй жануарларына топтай отырып, сӛйлемдерді толықтырып айтады / жазад

  1. Өзгерістер

Ғаламтордан немесе суреттер арқылы ғаламшарымыздағы табиғаты ерекше көркем жерлерді көрсету. Табиғатты сипаттау. Суреттердегідей әдемі жерлерде болған оқушыларға алған әсерлерін айтып беруге мүмкіндік беру.

Жиектемедегі сөздерге оқушылардың назарын аударып, олар нені білдіретінін сұрау.

  • Батпақтану,құрғақшылық,су тасқыны деген құбылыстар туралы не білесіңдер?

  • Бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

  1. Сызба. Жұмбақ­сызба. Топтық жұмыс.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Көрсетілген жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?

  • Кестедегі бағыттамалар нені білдіреді деп ойлайсың?

  • Бұл қандай жағдайда орын алуы мүмкін?

  • Олар бағыттама көрсеткен жерді мекен ете ала ма?

  • Егер жануарлар тіршілік ету ортасын өзгертсе, қандай өзгерістер болады?

  1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен «Түртіп алу» стратегиясы бойынша танысу. Түсініксіз ақпараттармен жұмыс жасау. Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ дайындау. Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру.

Зертте. Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайы өзгерсе, не болуы мүмкін?

Кесте толтыру. Топтық жұмыс

Алдын-ала ақпарат көздерін, ресурстар дайындау.

Топпен таныс жануарлар тізімін жасау, мекен ету ортасын жазу, тіршілік ортасының өзгеру себептері мен салдарын кестеге толтыру.

жануар

Тіршілік ортасы

Тіршілік ортасының өзгеру себептері

Жануар тіршілігіндегі өзгеріс









Жұмыстарды қорғау. Нәтижелерді талқылап, қорытынды шығару.

  1. Ойлан

Жер бетінде бунақденелілердің неліктен көп екендігін айқындау.

Жануарлар тобын еске түсіру.

  • Жануарлардың қандай топтары бар?

  • Оларға мысал келтір.

Бунақденелілерді ерекшелеп сызу. Жануарлардың ішінде ең көп тараған бунақденелілер екенін айту.

  • Бунақденелілер неліктен көп деп ойлайсың?

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4

жануарлар

Shape5 Shape6 Shape7






Оқушылардың болжамын тыңдау, жануарлар саны туралы қосымша ақпарат беру.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 28-жұмыс парағы (30-б.)






















табиғи апаттар суреті





















энциклопедиякітап

кесте

ватман

маркер



















сызба





Сабақтың соңы

36-40


Р ефлексия. «Жетістік баспалдағы»

- Не білгім келеді?

- Неден қиналдым?

- Не білдім?






Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Табиғат апаттарының жануарлар тіршілігіне әсері туралы ойтолғау жазу

Кесте толтыруға арналған топтық жұмысты бағалау

Топта, жұпта, жеке жұмыс жасау ережелерін сақтау










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі