400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттағы мінез құлық ережелер туралы мұғалімдерге қосымша материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғаттағы мінез-құлық ережелері.

Адамның айналасын қоршаған ең жұмбақ және ғажайып дүние ол-табиғат. Адамға тамаша қуаныш, жайлылылық пен үйлесімділікті сыйлайтын да табиғат. Әсіресе балаға айналадығы табиғаттың әр алуандылығы, түстерінің ашықтығы және көркемдігі адамның сезіміне ерекше әсер береді. Табиғат әлемі адамның жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, айналадағы қанық түстер, табиғаттың ұлылығы оны ұстап көруге, байқап көруге шақырады. Тіпті әуес балалар қоршаған ортаның қауіпсіздігінің негізгі ережесін білмегендіктен, тек табиғатқа ғана зиян келтірмейді, өзінің өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.

Кішкентай балалардың табиғат аясында көзіне көрінген жидектер мен өсімдіктерді аузына салу да қауіптілікті әкеледі. Сондықтан табиғат аясында ережелерді сақтауды қажет етеді.

Негізгі басшылыққа алатын ережелер:

Өрт шығып кетпес үшін ағашқа, бұтаға тақау жерде от жағуға болмайды және жаққан отты әбден сөндіріп кету керек. Орманда, өзен жағасына, шабындық жерлерде қоқыс тастап кетуге болмайды. Қоқысталған жерлерге қайта келгің келмейді ғой.Сонымен қатар:Шіріген қоқыстың иісі айналаға жағымсыздық әкеледі. Қалдық қағаздар күннің қатты ысуынан өрт шығу қаупін туғызса, целлофан және полиэтилен шірімейтіндіктен ауа жібермей өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді, малдардың тамағына кетіп, тұншығып өліп кетуіне де себеп болады екен.

Консерві банкасы және әйнектер жануарлардың табандарын жарақаттап, қалбыр кішкентай аңдардың қақпанына айналса, әйнектен күн сәулесінің қызуынан өрт шығып кетеді. Сондай ақ орманда көптеген құстардың балапандары мен аңдардың төлдері бар болғандықтан шошытып алмас үшін қатты айқайлауға болмайды. Құстардың ұясындағы жұмыртқаларына тиісуге болмайды. Себебі басқа иісті сезген құстар ұясын тастап кетуі мүмкін. Ұядан түсіп қалған балапандарды да алып кетуге болмайды. Себебі оған орманда жайлы. Ағаштарды сындырма қорғанып қашып, жан айқайын сездіре алмаса да олар-тірі табиғат. Өзіңе ұнаған қоңыз бен көбелектерге аулама. Ол ең соңғы данасы болуы мүмкін. Әдемі гүл көрсең жұлуға тырыспа, сенен де басқа адамдар әдемілікті көрсін. Емдік шөптерді жинағанда тұқымы қалатындай, тағы да көбеюіне жағдай жасау керек. Құмырсқа илеуіне де тиіспе. Өйткені құмырсқа көп пайда әкелетін орман тазалықшысы. Бақаларға да тиісуге болмайды өмірде ұсқынсыз да, пайдасыз дүние жоқ. Улы саңырауқұлақтар мен шөптерді аяғыңмен таптама. Онымен орман тұрғындары емделеді.

Адамдар болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
24.07.2023
1891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі