400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

табиғаттағы су айналымы

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Сынып:4б

Ауа мен су.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар:

Күні:4б


Тақырыбы

Табиғаттағы су айналымы

Оқу мақсаты

4.3.3.1 табиғаттағы су айналымын сипаттау;

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Табиғаттағы су айналымы үдерісімен танысады.

Бағалау критерийі

Су айналымына қатысушы элементтерді атайды.

Табиғаттағы су айналымын сипаттайды.

Су айналымының рөлін сипаттайды.

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

Су айналымы, жауын-шашын

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың қасиеттерін атайды, судың күйлерін сипаттайды.


Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы










Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.

«Су» деген сөзге байланысты ассоциация атау.

Барлық айтылған сөздерді тақтаға жазу.

Жазылған сөздерді топтастыру.

Жазылған ассоциацияларды берілген сұрақтарға жауап бере отырып, толықтыру.

  • Су табиғатта қайда және қандай күйде кездеседі?

  • Оның қандай қасиеттерін білесің?

  • Сызбадағы үдерістерді қалай атауға болады?

Су туралы білетін ақпаратпен бөлісу.


Ватман қағазы, маркер





сызба

Сабақтың ортасы





























































Тамшының саяхаты.

Көгілдір түсті қағаздан тамшы қиып алу.

Тақтаға үлкен табиғат аясының суретін салып не дайын суретті ілу.

«Су тамшысының саяхатын» сипаттау.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: жергілікті жерде су айналымы қалай жүретінін және оған қандай су көздері қатысатынын анықтау. Топтарға бөліңіз, қажет ресурстарды тарату. Эксперимент жүргізу үшін суық су керек. Суды булана бастағанға дейін қыздыру (қайнауға жеткізбей). Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. Ыстық суды пакеттерге құюды мұғалімнің өзі орындайды.

Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру.

• Суды булана бастағанға дейін қыздыру (қайнауға жеткізбей).

•Қызған суды пакеттерге құйып аузын бекіту.

•Пакетті тігінен скотчпен есікке немесе терезеге іліп қою.

•Онда болып жатқан өзгерістерді бақылау және тіркеу.

•Қорытынды жасау.

Балалар су булана бастағанда пакеттің жоғарғы жағында конденсат жинала бастағанын көреді. Сәлден соң пакет ішінде тамшылар пайда болады. Тамшылар үлкейіп, біртіндеп төмен аға бастады. Бұл судың жер бетіне қайта оралу кезеңін бейнелейді. Осылайша оқушылар табиғаттағы су айналымында қандай кезеңдердің өтетінін бақылайды: булану, конденсация, жауын-шашын, судың ауысуы.

Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: тақырыпты аралық бекіту

  1. Мәтінді оқып шығу.

  2. Сұрақ-жауап әдісімен білімдері бекітіледі, кері байланыс жасалады.

Ойлан.

Өсімдіктер табиғаттағы су айналымы үдерісіне қатыса ма?

Сен білесің бе?

Жер бетіне бір күнде 306 миллиард литр су жауын-шашын ретінде түседі. Жаңбыр болып жауатын су тамшылары екі ай бұрын мұхит суы болуы мүмкін.

Өзіндік жұмыс.

54-жұмыс парағы. Табиғаттағы су айналымы.

Үдеріс. Табиғаттағы су айналымы үдерісіне қатысатын элементтерді нұсқармен бағытын көрсету және оның қалай жүзеге асатынын анықтау.

Жауабы

1. Күн сәулесі өзен, көл, теңіз және мұхиттардың бетін қыздырады. Мұхиттағы мұздықтар ериді. Қызған судың бір бөлігі буға айналады да ұшып кетеді. Буға айналған су ауаның салқын қабатына көтерілгенде бірігіп бұлтқа айналады. Бұлт бір орнында тұрмай, жел арқылы қозғалысқа түседі. Бұлт жауын-шашынға айналып, құрлыққа түседі.

Жауын-шашыннан кейін өзен, көл, теңіз және мұхиттардың бетін күн қыздырғанда біраз бөлігі қайтадан буланып, ауаға көтеріледі.

Жауын-шашынның тағы біраз бөлігі топыраққа сіңеді. Топырақтағы сумен өсімдіктер қоректенеді. Біраз бөлігі жер асты суының қорларын түзуге қатысады.

55-жұмыс парағы. Су айналымына қатысушы су көздері.

Сөйлемдерді толықтыр. Сөйлемдердегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтыру.

Жауабы

1- қысымы аз

2- жауын-шашын

3- артезиан суы

4- қысымы жоғары

Жер қыртысының су өткізетін және өткізбейтін қабаттары. Жер қыртысындағы су өткізетін және өткізбейтін қабаттарды анықтау.

Жауабы: Су жақсы өткізетін қабаттар: құм, қиыршық тас, малтатас. Су өткізбейтін қабаттар: саз, гранит, құмтас.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы


Табиғат аясының суреті, көк түсті қағаздан жасалған тамшының суреті






Су, аузы бекітілетін мөлдір пакет, ыстық су, скотч, маркер

















Оқулық















Жұмыс дәптері
















Сабақтың соңы


Рефлексиялық кезең.

Есте сақта!

Мұхит, теңіз, көл, өзен, мұздық, жерасты суы мен атмосфера суының барлығы табиғаттағы су айна­лымына қатысады.

Кері байланыс.

  • Сен бүгін не үйрендің?

  • Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

  • Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

Кері байланыс парағы


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар бойынша саралау:

Тамшының саяхаты.

Зерттеу жұмысы.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

-Сабақ барысында дене жаттығулары орындалады, әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім






11.12.2019ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі