400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Табиғаттан үйренейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттың кереметін баларларға түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Табиғаттан үйренейік»

Мақсаты:Табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-« қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту.

-жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

-туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

--Арайлап таң атты,алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз,жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң балалар,қайырлы таң қонақтар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнің қандай мерекелерін білесіңдер?

-Көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Ал,сендер жылы жаққа ұшып кеткен құстарды көргілерің келе ме?

-Ендеше,бәріміз сол құстарды көру үшін саяхатқа аттанайық.

Жолда балалар ағашқа кез болады.

-Балалар жолымызды ағаш жауып тұр алып тастайық.

-Ой,балалар,қараңдаршы,бұл ағаш жай ағаш емес,ерекше ағаш секілді.

Ағаш сөйлей жөнеледі.

-Егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар,мен орнымнан қозғаламын.

-Балалр сендер көктем жайлы тақпақтар айтып беріңдер.

-Бәрекелді,қандай білімді балаларсыңдар.Білімдінің жолы әрқашан ашық

болу керек,мен сендерге сәттілік тілеймін.Сау болыңдар!

Балалар ары қарай жүреді.Бір уақытта алдарынан көбелек кездеседі.

-Балалар,қараңдаршы,біздің жолымызда көбелек кездесті.Ендеше жаңа сөзді

қайталайық.

Жаңа сөз.Бабочка-көбелек.-Көбелек те сендер оған көмектеседі деп сенеді.

-Менің қанаттарым әлі де қатаймаған,сол қанаттарымды қатайту үшін

бір сергіту сәтін орындаңдар.. «Бидай теру» сергіту сәті.

-Ал енді мен қонатын гүлдер әлі ашылмаған,сондықтан сендер енді мен

қонатын гүлдер салыңдар.

-Рахмет,балалар,сендердің тапсырманы өте жақсы орындайтындарыңа

сенгенмін.Өте тапқыр,талантты балалар екенсіңдер.Талаптарыңа нұр жаусын! Жолдарың болсын!

Сапарды әрі қарай жалғастырып келе жатса алдарынан «Сиқыршы атай»

кездесті.

-Балалар,атай кездесті,не деу керек.-Сәлеметсіз бе,ата!

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,барша адамды құрметтеп бас иеміз біз!

-Жолдарың болсын балаларым,қайда жол тартыңдар?

-Балалар,сол сендер көргілерің келген құстар мына менің киіз үйімде.

Ендеше сол құстармен танысу мақсатында ойын ойнап жіберейік.

Бұл ойынның аты «Кім жылдам?»

-Шарты:осы құстарды жыл мезгіліне сай жапсырып шығайық.Жыл құстары

мен қыстап қалатын құстарды айырып жапсыру.

-Бәрекелді.сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар.Білімді парасатты балалар екенсіңдер.

-Сиқыршы атай,біздің топқа қайтатын уақытымыз келді.Біздің балалар,сізді

көргендеріне қуанышты.

-Жарайды,балалар,өркендерің өссін!

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:Қиын жағдайда қол ұшын беру керектігін.

Игереді:Көктем мезгілін,оның ерекшеліктерін.Құстарды ажыратады.Жаңа

сөздерді игедеді.

Жасай біледі:Тақпақтар айтады.Жақсылыққа қуанады.Көмек барысында

жалпы ұжымдық танытады.

Табиғат сұлулығын түсінеді.Саяхат жасауға ынта білдіреді.

Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі