15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғаттан Үйренейік Ашық сабақ
«Өзiн-өзi тану» пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеумет
Тақырып: Табиғаттан үйренейік
Құндылық:Қиянат жасамау
Қасиеттер: Қамқорлық, жауапкершілік. сүйіспеншілік
Мақсаты:Балаларға табиғат туралы түсінік беріп, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Балаларға қамқорлық туралы білім беру; балалар бойына жауапкершілік қасиеттерін дамыту; балаларды әрдайым қамқор бола білуге, жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: дәйексөз, үнтаспа, суреттер, қатты картондар, желім.
Балабақша №41 «Назерке» МДҰ Мерзiм 02.03.17. № 26
Тәрбиеші Исмагулова Ж.Ж. Топ _№ 2 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы Бала саны____
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңi Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу |
5 «Т». -Тәртіп -Талап -Тазалық -Тыныштық -Татулық -Күн, сәуле шашып, жарқырағаның үшін рахмет! -Жер, дем беріп, күш қосқаның үшін рахмет! -Аспан, таза ауа бергенің үшін рахмет! -Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет! Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Балаларды ыңғайландырып отығызу. Қолдарын тізе үстіне немесе партаға қойғызу. |
Балалар 5Т-ны орындайды. Балалар Табиғат-Анаға ризашылықтарын білдіріп, қайталап, қосылып айтады. Денелерін түзу ұстап, көздерін жұмып, нұрға бөленеді. |
Ұйымдастырушы лық- ізденушілік Әңгiмелеу
Дәйек сөз
Тәрбиеші сыйы
Сергіту сәті Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ойын |
К.Ушинский «Төрт тілек» әңгімесі. №26-134 бет. М.:-Митя үйіне келгенде әкесіне қандай сөз айтты? -Жаз мезгілі келгенде әкесіне қандай сөз айтты? -Әкесі Митяға қыс, көктем, жаз туралы нелерін көрсетті? Қ.:-Сендер жылдың қай мезгілін ұнатасыңдар? -Табиғатқа қандай көзқараспен қарау керек? -Сендер табиғатқа қамқорлықты қалай көрсетер едіңдер? «Табиғаттағы барлық жылу-күннен, өмірдегі барлық жылу-адамнан». М.Пришвин. М.Пришвин - орыс жазушысы. Жылулық дегенді қалай түсінесіңдер? «Екі түп алма ағашы» /аңыз әңгіме/ М.: -Бағбан көшеттерден не деп сұрайды? -Ағаштар қалай өседі? –Екінші жеміс ағашы неліктен жеміс бермеді? Қ.:-Бағбанның орнында сендер болсаңдар, не істер едіңдер? –Бір-бірімізге қиянат жасауға бола ма? -Сендер бір-біріңе қалай қарар едіңдер? Құстарға ұя жасау. Ұжымдық жұмыс. |
Әңгімені тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
2-рет ұлдар,2-рет қыздар, бәрі айтады. Жауап береді. Аңыз әңгімені тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
Ұжымдық жұмыс жасайды. |
Рефлексивті- түзетушілік Топпен ән айту Соңғы тыныштық сәтi |
Біздің топта балалар, Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан, Тек жақсылық ойлайды. Көзімізді жұмып, еркін жайғасамыз. Бүгінгі күннен алған жақсы сөздерді ,ойларды жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Көзімізді ашайық. Рахмет. |
Өлең жолын қосылып бірге айтады.
Көздерін жұмады, ашады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Балалар бір-біріне, табиғатқа қиянат жасамау туралы біледі.
Игереді: Балалар жауапкершілік туралы түсініктерін игерді.
Меңгереді: Балалар қамқорлық, жауапкершілік. сүйіспеншілік дағдыларын меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген