"Табиғатты аяла"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғатты аяла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат ресурстары және оларды қорғаудың маңыздылығын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Тәрбие сағаты


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Наванова З.Т.

Күні:

02.12.2024ж

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны:33

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Табиғатты аяла» тәрбие сағаты

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге мейірімділікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Бірлік және ынтымақ

Апта дәйек сөзі: Бірлігі күшті ел озады

Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Басталуы

Қайырлы, Күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат – Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Табиғатты Аяла деп аталады. Алдымен саяхатымызды бастамас бұрын сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық. Олай болса барлығымыз орындарымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге оқиық.
Қайырлы Күн, күнім, далам, орманым
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы Күн бар тіршілік иесі
Өте жақсы. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

Сұрақтарға жауап береді




Ортасы

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы: «Тіршілік атаулының бар арманы - ауа»- деп аталады. Ендеше ауа туралы не білеміз? Қане, ортаға салайық.
1. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ.
2. Адам бар – жоғы 1 - 2 минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар.
3. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
4. Табиғат – дем ал деп ауаны сыйлайды, Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
5. Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

II. Саяхатымыздың екінші аялдамасы. «Тіршілік көзі - су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен.
6. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.
7. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
8. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып ол тартылып қалды. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
9. Ал, Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
10. Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай ананы
Азаматтық ары менен аялауға тұр дайын.
Мұғалім: Сонымен су қара жердің сәні, табиғаттың жаны делік. Ал табиғатты әдемілікке бөліп тұрған не?
Ол
- өсімдіктер

III. Саяхатымыздың үшінші аялдамасы: «Табиғат байлығы - өсімдіктер» деп аталады. Олар туралы не айта аламыз?
11. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген көрнекті сөз соның айғағы.
12. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып, бара жатқандықтан олардың 300 ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
13. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса, біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тыйым салу құтқармайды.
15. Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расындада өлкемізді саялы баққа айналдыру әр қайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?
Олар құстар.
IV. Саяхатымыздың келесі аялдамасы: « Орман сәні - құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
16. Табиғаттың әні де, сәні де, қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары.
17. Сондықтан ата – бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Олар батыр ұлдарын Сұңқарға, ал қыздарын аққуға теңеген.
18. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Соның ішінде азайып кеткен құстар қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды.
Мұғалім: Балалар, біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат ана адамзат баласына бар қажеттінің барлығын беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман – тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен аңдарын берді, қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғат - анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді болса, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.

V. Тренинг: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен.»
Әр бала шаттық шеңберіне тұрып, қасындағы досына оның жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтады.


Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?»

Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері

Педагог: қауіпсіздік менеджері қоңыраудың себебін тез түсініп алу үшін дұрыс хабарлап айту керек.

Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге нені хабарлау керек:

1. Мекенжайды хабарлау керек. Себебі байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

3. Не жағдай болды: өрт шықты, газдың иісін сездіңіз, төбеден су кетті және т.б. Диспетчерге үйдің, пәтердің нөмірін және аты-жөніңді, телефон нөміріңді хабарлау керек.

МАҢЫЗДЫ! Төтенше қызметтерге жалған қоңырау шалуға, алдауға болмайды!

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111
















Өз ойларымен бөліседі















Сұрақтарға жауап береді









Өз ойларымен бөліседі















Сұрақтарға жауап береді




































Бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін айтады.











































Презентация


































Аяқталуы


Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік.


Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі