Материалдар / "Табиғатты аяла!" сайыс

"Табиғатты аяла!" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Тамыз 2020
917
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

«Табиғатты аяла!»

Мақсаты:Оқушылардың туған жерін сүюге,табиғатты аялай және қорғай білуге баулу.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бү

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.


Табиғат-осы жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой,ұлағаты мол ұғым,тұжырымы мол терең ой жатыр.Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені,алтын ұя бесігі.Адам үшін табиғат ең қастерлі де,қасиетті ұғымдардың бірі.


Енді бүгінгі сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыныздар:





Олай болса бәріміз бірге сергіту жаттығуын жасайық.Бәріміз бірге флешмоб билейік.

Ендігі кезекте бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныс болыныздар:

I кезең: Таныстыру. (Топ аты мен ұраны және эмблемасы)

II кезең: Жұмбақ шешу

III кезең: «Кім мықты» ( Эстафеталық ойындар )

IV кезең: «Шешуші сәт»

Олай болса сайысымзыды бастайық. I кезең: Таныстыру. (Топ аты мен ұраны және эмблемасы) кезең 0-5ұпай аралығында бағаланады.

II кезең: Жұмбақ шешу (жұмбақтарды лотерия ішінен алады ,екі жұмбақтан, кезең 0-5 ұпай аралығында )

1.Бір жерде ыстық

Бір жерде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен. (Жер шары)

2.Таң көзімен ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

3.Қараңғыда жымындайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

4.Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

5.Бар ма,жоқ па-оны анық білмейсін,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсін.(Ауа)

6.Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады. (Қар)

7.Гүл-гүл жайнап жер,аспан

Гүрілдейді сайда өзен

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

8.Көз жасы жылауық

Келе жатыр бір алып

Жабырқаса жылайды

Жадыраса тарайды. (Бұлт)

9.Ақ көбелек қонады

Құстар енді тонады. (қар)

10.Көзге ілінбейді,

Жұтсан білінбейді (ауа)

11.Қолы жоқ,сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)

12.Бұлттар төніп,жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады. (Күз)

13. Сылқ - сылқ күледі
   Аяғы жоқ жүреді (су)

14.Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)
15. Отқа жанбас,

Суға батпас. (Мұз)

16.Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау )
17.
Қуып едім мойнын бұрмады,

Ұстайын деп ем қолға тұрмады. (Боран)
18
. Аспандағы әсем белбеуді,

Алып белге буынсам. (Кемпірқосақ) 

19.Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


20.Шым - шытыр, 
Шидай қотыр.  (Жұлдыздар)



21.Қанаты жоқ, ұшады, 
Аяғы жоқ, жетеді. 
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)

22.Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)



Орысша жұмбақ

1.Если луна сонца свет закрывает,

То на Земле темнота наступает.

И это вот явление

Зовем мы все (затемние)

2.Вырост мягкий стебелек,

Он и ростом невысок.

Достает до ног едва,

Называется...

3.Сами гнезда они вьют

И заливисто поют.

Могут быстро в небо взвиться.

Кто же?Это... (Птицы)

4.Перед тобой фонтан чудной,

Ведь он горячею водой

Бьет кипяток из-под земли

Фонтаны эти назови. (Гейзеры)

5.Как огромными руками,

По ветру шуршит ветвями. (Дерево)

6.Запомните,дети:

Терпенье и труд

Помогут создать

Искусственный... (пруд)

7.Им мы дышим,газы в нем.

Как его мы назовем? воздух

8.Он пушистый, белый-белый

То не зверь,не человек.

Он зимою то и дело

Сыплется не землю (снег)

9.Рукавичкой их ловлю

И смотрю на них,смотрю..

Как узорчатые льдинки,

С неба падают... (снежинки)

10.Водная большая гладь,

Берегов не отыскать.

То не речка и не море,

В нем в сотни раз воды поболе. (Океан)




III кезең: «Кім мықты» ( Эстафеталық ойындар )

1-Сұрақ

2-Пазлл

3-Экологиялық есеп

Сұрақ

Адам өміріне не қажет? (жарық, ауа, су, жылу, тамақ)

Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)

Судың қасиеті. (мөлдір, сұйық, түссіз, иіссіз)

Тірі табиғатты ата.( адам, өсімдік, жануар, құстар)

Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе, тауық, қаз, үйрек. (үй жануарлары)

Өсімдік өсуі үшін не керек? (топырақ, су, ауа, жылу)

Қазақстан Елтаңбасында белгіленген жануар? ат

Құс атына байланысты қыздар мен ұлдарға қойылған қандай есімдерді білесіңдер? Қарлығаш,Торғай


Қымыз қандай жануардың сүті? Жылқы

Мәңгі жасыл өсімдік? шырша

Аң аулауға салынатын құс?Бүркіт


Орысша сұрақ

Какая птица самая большая в мире? (Страус.)

Какую птицу называют «лесной кошкой»? (Сову. За ее способность охотиться ночью)

Наука о животных. (Зоология)

Кто часто меняет одежду не раздеваясь? (Хамелеон.)


Пазлл


Экологиялық есеп

Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне бұл оттегі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы каласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет? 

Шешуі: 

1500000 ∙ 10═15 млн (ағаш) 

2 – есеп. 

Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 

6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады? 

Шешуі: 

6 ∙ 20 ═ 120 

120 ∙ 30 ═ 3600 (кг) 

3 – есеп. 

1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады? 

Шешуі: 35 ∙ 600 ═ 21000 метр 

4 - есеп 

Құмырсқа 1 минутта ұясына 20 жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі? 

Шешуі: 20 ∙ 120 ═ 2400 жәндік 

5 – есеп 

Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осындай краннан 1 сағатта (1 тәулікте) неше литр су ағады? 

Шешуі: 1/6 ∙ 60 ═ 10 (стакан 1 сағатта ) 

24 ∙ 10 ═ 240 (стакан 1 тәулікте) 

6 – есеп 

1 үйеңке ағашы бір жылда 2 кг 100 г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегі бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңке және шегіршін ағаштары қанша кг оттегі бөліп шығарады? 

Шешуі: 2100 ∙ 7 ═ 14700 

14700 + 2100 ═ 16800 (г) ═ 16 кг 800 г 

7 – есеп 

Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда 

16 миллиард теңгеге залал келеді, ал 10, 20, 50, 100 жылда қанша зиян шегеміз? 

Шешуі: 16 млрд ∙ 10 ═ 160 млрд 

16 ∙ 20 ═ 320 млрд 

16 ∙ 50 ═ 800 млрд 

8 – есеп 

Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас заттар құйылады? 

Шешуі: 365 ∙ 350 ═ 127750 м (куб) 

9 – есеп 

Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1 жылда сенің отбасыңа қанша қағаз керек? 

Шешуі: 4 адам болса: 

4 ∙ 12 ═ 48 (ағаш) 

10 – есеп 

60 кг макулатура 1 ағаштың өмірін қорғаса, балалар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды? 

Шешуі: 420: 60 ═ 70 (ағаштың) 


Орысша сұрақтар


В сутки автомобиль способен выбросить в воздух примерно 20кг выхлопных газов.Сколько выхлопных газов могут выбросить в воздух 28 автомобильей,имеющихся в нашем городе за 10 суток?

20*28*10=5600кг=5.6тонны

Один дуб за сезон (с мая по сентябрь)усваивает из воздуха 120г сернистого газа.Дуб живёт 400 лет.Сколько сернистого газа уничтожает дуб за свою жизнь? 120*400=48000=48кг сернистого газа.



Шешуші сәт


Экологиялық апаттар: Экологиясы ең нашар көл (Арал) , Соңғы  20- 30 жылда көлемі 2 есеге кішірейіп кеткен, экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстанның оңтүстігіндегі  теңіз. (Арал теңізі)



Адам-қоғам перзенті: Өсімдіктің өсу мүшесі (жапырақ) , Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған-туыстарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек тілеп, әрқайсысы көмек көрсетеді. Керек жағдайда туыстары, жолдастары жаңа отбасына қажетті жағдай жасауға құлшына кіріседі. Бүкіл ағайындарының жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (Асар)



Табиғат: Дәрілік өсімдіктерді ата?  Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы құрылысы және көл жағасындағы мыс балқыту комбинаты осы көлдің тартылуына және  ластануына алып келді. Бұл қай көл? (Балқаш көлі)



Жер-ғарыш денесі: Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, латынша «теңейткіш» деген сөз. Бұл сызық қалай аталады?  (Экватор). 

Туған жер - алтын бесік: Алматы, Ақсу-Жабағалы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, 

Үстірт, Жаңа Алакөл, Батыс  Алтай қорығы. Осы жазыққа көптеген ақындар өз шығармаларын арнаған, ертеде мал жайылымы ретінде қолданылған. Құрманғазы өз күйін осы жазықтың атымен атаған. Жазықтың атын жаз. (Сарыарқа)

Сіз білесіз бе? Әлемдегі ең кішкене және ең үлкен құс? (Страус, колибри) . Оның әлемдегі ең ірі жануар екенін, салмағы 150 тонна болатынын, оның терісіне 12 африка пілінің сыйып тұратынын? (Көк кит)


Ең,ең,ең.... Ең алып жыртқыш – Ақ аю? Ең алып жануар – Піл. Әлемдегі ең  ірі жыртқыш. Ол жақсы жүзеді және сүңгиді, мұз үстінде ептілікпен жылжиды. (Ақ аю)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ