Тақырыбы: Табиғатты аялай да,
бағалай да білейік.
Мақсаты:
-
Балаларды табиғатты сүюге, әрі
қорғай білуге тәрбиелеп, көктемгі тамаша табиғат белгілерін
ұғындыру арқылы, ой-өрісін дүниетанымын кеңейті, сөздік қорын
молайту.
-
Үй тапсырмасын бекіту,
балалардың ойлау қабілеттерін және тілін дамыту, оқу дағдыларын
қалыптастыру. Дыбыстың айтылу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу.
Дыбыстарды түзету.
-
Табиғат құбылыстары туралы
айту. Табиғат сұлулығын, әсемдігін сүюге баулу. Табиғаттың әр
мезгілінде атқарылатын істермен танысуды жалғастыру. Табиғатты
ластамауға, қорғауға тәрбиелеу.
-
Айналамыздағы қоршаған табиғат
көріністерін бақылап, ондағы өзгерістерді байқауға
тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: саябаққа
саяхат, суреттер салу, ауа-райын күнделікті
бақылау.
Көрнекілігі: үнтаспадан
«Табиғат тамашалары», қима қағаздар, меңгерілетін сөздер. Көктем
көріністері бейнеленген суреттер.
Барысы:
-
Кіріспе
әңгіме.
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
Т: Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Б: қазір жылдың көктем
мезгілі.
Т: Көктем айларды кім
атайды?
Б: Наурыз, сәуір,
мамыр.
Т: Көктемде қандай мейрамдар
болады?
Б: 8-наурыз, 22-наурыз,
12-сәуір, 1-мамыр, 7-мамыр, 9-мамыр.
Т: 9-мамыр – Жеңіс
күні.
Үй тапсырмасын
пысықтау.
Т: Бүгін сендерге қандай
сабақтар болды?
Б: Бүгін бізге ана-тілі, тіл
дамыту, математика.
Т: Ана-тілден үйге тапсырмаға
не берілді?
Б: Бүгін бізге анатілі
сабақтан «Көктем келді» өлеңді жаттау.
Т: Барлығымыз
оқимыз. (тақпақ)
Жаңа сөздермен
жұмыс.
Жылғалардан су ақты – көше
бойымен су ақты.
Малға толған бар алап-маңайдың
бәрі малға толды.
Алақайлап аспанға, лақтырамыз
тымақты – қуанамыз.
Сергіту
жаттығу:
Кереге болып
керілеміз,
Уық болып
иелеміз.
Шаңырақтай биік
болып,
Бар әлемге
көрінеміз.
Сұрақ-жауап
әдісі:
Т: Өлең не
туралы?
Б: Өлең көктем
туралы.
Т: Өлең неше шумақтан
тұрады?
Б: Үш шумақтан
тұрады.
Т: Осы өлеңді біз бірнеше рет
қайталап оқып жаттаймыз.
Т: Бүгінгі біздің тәрбие
сағатымыздың тақырыбын оқимыз.
Б: «Табиғатты аялай да,
бағалай да білейік».
Т: Жарайсыңдар, қазір
үнтаспадан табиғат жайлы көріністер
көреміз.
Аспаннан жаңбыр
төккенде,
Қар суы мұзды
сөккенде.
Шатырдан тамшы
таусылып,
Есіктің алды
кепкенде.
Б:
Көктем.
Мазмұнды суреттермен
жұмыс:
Т: Суретте қай мезгіл
бейнеленген?
Б: Көктем
мезгілі.
Т: Балалар не істеп
жүр?
Б: Жас көшеттерді отырғызып
жатыр.
«Аңшы мен бала» атты
көріністен үзінді оқу.
-
Қорыту.
Егеменді
елімізді
Жасыл желек
жамылған.
Ауасы таза, суы
мөлдір,
Мемлекетке
айналдырайық.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
күресейік,
Бір-бір ағаш
егейік.
Текке отырмай жасымыз бен
кәріміз,
Таза ауа үшін тер
төгейік.