"Табиғатты аялайык"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғатты аялайык"

Материал туралы қысқаша түсінік
табигатты аялайык
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Ұйымдастырылған ашық оқу

іс-әрекеті


Тақырыбы:«Табиғатты аялайық»










Тәрбиеші: Ниязова А.Б.









Білім саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Экология негіздер

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты: табиғат туралы мағлұматтар беру, ой-өрістерін дамыту. Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, орман, ормандағы үйшік, ертегі кеіпкерлері, Қазақстан картасы, табиғат суреттері.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.



Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жайнай түссін даламыз,

Қайырлы таң, балалар!


Қайырлы таң қонақтар!


Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастаймыз!

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің қандай айлары бар?

Қазір күздің қай айы?

Таңертең оянғанда ең бірінші нені көреміз?

Күн бізге не береді?

Балалар, бізді қоршаған орта табиғат деп аталады. Табиғат екіге бөлінеді:

1. Тірі табиғат

2. Өлі табиғат.

Қане балалар барлығымыз интерактивті тақтаға қарайық.


Балалар табиғатты қорғау керек. Табиғатты қорғау дгеніміз- ол тазалық сақтау. Ауаны ластамау, қағаз қалдықтары н жерге тастамау, суға лас, улы заттарды төкпеу керек. Ортаға 2 бала шығады.


Уланса ауа-

Уланамыз бәріміз

Улансу-

Уланатын тағы біз

Уланса жер-

Уланады өсімдік

Уланса мал-

У тарайды бізге де

Улы затпен күреспейміз біз неге?


Есік қағылып ішке қонаққа әжей келеді.

- Амансыңдар ма балалар? Мен тазалықшы әжеймін. Қазір күз мезгілінде барлық жерде тазалық айы жүріп жатыр. Осы маңнан өтіп бара жатыр едім, балабақшадағы балалардың дауыстарын естіп бұрылдым. Сендер білімпаз балалар екенсіңдер, риза болып отырмын. Енді мен сендерге «Үйшік» деген ертегіні айтып берейін.


Ерте, ерте, ертеде бір орманда сұр тышқан өмір сүріпті. Жылдың күз мезгілі болатын. Ағаштағы жапырақтар арғайып, орманның іші неше түрлі әдемі түске енеді. Күннің қызуы кетіп, азы жылытады. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жаз бойы сайран салып жүрген сұр тышқан дедектеп үйшік іздеуде. Жүгіріп жүріп бір үйшікке кез болады.


Тышқан: Ой неткен керемет үйшік! Тық-тық етіп есігін қағады. Ешкім үндемейді.

Тышқан: Алақай, алақай мен өзіме үйшік тауып алдым. Бұл енді менің үйім болады, - деп қатты қуанады.

Әжей: Үйшіктің ішін шаң басып қалған екен. Ішін тазартып, дұрыстау қажет.

Тышқан: Жоқ маған осы үйшікте болады, мен жұмыс істегенді жақтырмаймын. Мен одан да өлең айтып, и билеймін.

Бақа: Бақ-бақ. Қандай керемет үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады екен?

Тышқан: Бұл үйшікте мен, сұртышқан тұрамын.

Бақа: Үйшігіңе кіргізесің бе?

Тышқан: Әрине, кел екеуміз дос болайық, ән салып, би билейік. Достым сенің қарның ашты ма? Менің дорбамда жинаған дәндерім бар. Осы азықпен тамақ танып алайық.

Бақа: Рахмет саған достым. Ал енді екеуміз ән салып, сайран салайықшы.

Әжей: достар, сендер қайда барасыңдар? Мына қалған қалдықтарды кім жинайды?

Тышқан: жоқ бұл жерге енді қайтып келмейміз. қазір Басқа үйшік тауып аламыз.

Әжей: Достар сендердің бұларың жарамайды. Шашқан қоқыстарыңды жинап, тазалап кетулерің керек. Бір бұтаның арасынан екі құлақты қоян көрінеді.

Қоян: Сәлем, достар. Бұл мен ақ қоянмын. Сендермен бірге осы үйшікте тұрсам бола ма?

Тышқан: кел достым, үшеуміз дос болайық.

Мысық: МЯу-мяу-мяу. Салем достар! Мен тазалықшы мысықпын. Мен де сендермен мына әдемі үйшікте тұрсам бола ма?

Қоян: Қане достар барлығымыз бірігіп шашқан жерімізді жинап тазалайық. Ал сен тазалықшы мысық бізбен бірге тұрып, әрдайым тазалықты бақылайсың.


Хормен: Біз тазалықты, еңбекті сүйеміз!


Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Сұртышқан , бақаның істері дұрыс па?


Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.


Ал енді кім қандай тақпақтар біледі?


Барлығымыз табиғатты сүйеміз

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз. Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз

Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз


Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса


Жер шары дәу әлем

Қоршаулы ауамен

Ауасыз кім шыдар

Ауасыз тұншығар

Сүйейік, табиғатты аялайық,

Бізде одан жақсылықты аямайық

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша дем алайық


Ойын: «Туған жерді гүлдендір»

Шарты: балалар өздерінің суреті салынған гүлді ғажайып сөздерді айта отырып, Қазақстан картасына жапсыру керек.


Балалардың жауаптары тыңдалады.























Хормен









Әжеймен амандасады.

















































































Ұнады.

Жоқ олар тазалық сақтамады.



Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтар арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтау.

«Зеңгір көктем» әнімен қорытынды жасау. Келген қонақтармен қоштасу

Балалар сұраққа жауап берді.

Табиғатты аялаймыз!

Құстарды қорғаймыз!

Гүлдерді жұлмаймыз!

Гүлденсін қаламыз!

Гүлденсін даламыз!

Аспанымыз ашық болсын!

Айналаны ластамайық!


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Тазалық сақтауды, еліне деген сүйіспеншілікті;

Түсінуі керек: Табиғатты қорғауды, адам мен табиғат арасындағы байланысты;

Меңгеруі керек: Сұраққа толық жауап бере білуі, ойынды ойнауды, ертегі кейіпкерлеріне енуді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі