Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатты аялайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар табиғатты қорғауды, аялауды үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

ЖҚМИ коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тәрбиелік іс-шара

Тақырыбы:


Егінші мен қасқыр!











Өткізген: №15 топ тәрбиешісі

Қарамурзаева О









2017 жыл

Тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)

Мақсаты: Ертегінің мағынасын түсініп оқуға үйрету.

Нанның дастарханға келу жолын үйренеді.

Міндеттері:1. Ертегіні рөлге бөліп ойнау.

2. Нанның қайдан келетінін түсіндіру.

3. Дүниедегі ең дәмді ас туралы пікірін дәлелдеу.

Көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаз, суреттер, қуыршақтар.

Нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады

  4. Бала өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізуге дағдыланады.



Барысы

I.Қызығушылықты ояту. (Күннің шуағы арқылы бір-біріне тілек айтады)

Топқа бөлу (Балалар қасқыр мен егіншінің суреттері арқылы топқа бөлінеді)


ІІ . Кіріспе

Қасқыр қандай жануар?

Қасқыр – жыртқыш аң. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Біздің қазақ халқында да қасқыр туралы ертегілер өте көп.

Егінші деген кім?

Егінші - егін салып, күтіп-баптауды кәсіп еткен шаруа, егінші. Дәстүрлі ортада егіншілік жақсы өрістеген өңірлерде үлкен жерге егін салып, астық өндірген, түрмыс-тіршілігін осы егінмен байланыстырған адамдарды егінші деп атайды.




ІІІ. Тақырыпты таныстыру

«Егінші мен қасқыр» ертегісі. (Литва ертегісі)

Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз «Егінші мен қасқыр» туралы болмақ.


ІV. Жаңа тақырып

Тәрбиеші ертегіні оқып береді.


Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
1. Егінші не істеді? (аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады)

2. Дәл осы кезде қандай жағдай болды? (бір үлкен қасқыр келді)

3. Қасқыр адамнан не сұрады? (адам, не жеп отырсың?)

4. Адам не деді оған? (нан)

5. Қасқыр не дейді оған? (маған да наныңнан берші!)

6. Қасқыр егіншіге қандай тілек білдіреді? (сен маған оны табудың жолын үйретші)


V. Сергіту сәті:


ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау. «Ой қозғау»

«Егінші» топ: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың?

Еңбек туралы туралы мақал-мәтелдер айту.


Еңбегі аздың өнбегі аз.


Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.


Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.


Еңбегі көптің өнбегі көп.


Еңбегімен ер сыйлы, 
Өнбегімен жер сыйлы.


Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.


Еңбегіне қарай өнбегі.


Еңбегіне қарай табысы, 
Ерлігіне қарай дабысы.


Еңбегінен ел таныр.


Еңбегің болмаса елге өкпелеме
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.


«Қасқыр» топ: Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін

білесің? Нан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Нан бар жерде ән бар


Дәнді шашпа, нанды баспа.


Нан— тамақтың атасы

Ынтымақ — көптің батасы.


Ас адамның арқауы.


Дастарқанда нан жоқ —
Тамақта мән жоқ.


Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен — ас жоқ.


Нарды сөкпе,
Нанды теппе.

(Ертегіні балалар рөлдерге бөліп қуыршақтар арқылы ертегіні сомдау).

ҮІ. Қорытынды (Тәрбиешінің қорытынды сөзі)

1-бала: Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

2-бала: Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.

3-бала: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.


4-бала: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.


ҮІІ. Рефлекция: Балаларлар сабақтан алған әсерлерін айтады.

ҮІІІ. Мадақтау








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12