400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатты аялайық.

Материал туралы қысқаша түсінік
а) білімділік :Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу.Туған жерінің табиғатын қорғау.Тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын, тепе - теңдік заңдылықтарын зерттеу. ә) дамытушылық : Жас ұрпақты экологиялық біліммен дамыту. б) тәрбиелік : Балаларды экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы : Табиғатты аялайық.


Мақсаты :

а) білімділік :Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу.Туған жерінің табиғатын қорғау.Тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын, тепе - теңдік заңдылықтарын зерттеу.

ә) дамытушылық : Жас ұрпақты экологиялық біліммен дамыту.

б) тәрбиелік : Балаларды экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алу.


Сабақ типі: Жаңа білім беру.

Түрі: сынып сағаты.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.


Көрнекілігі: сабақтың тақырыбы,суреттер, плакатқа жазылған

нақыл сөздер.


Сабақтың барысы :


Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халақ ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер,өскен ел, атамекен, аяулы өлке,ауылым деген тұла бойына нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерленген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған. Қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстардың жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп қастерлеген.

Қасиетті сөз бар еді «Кие» - деген

Киелігі жоламас жүйе деген Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген.

Жеті жұт.

  1. Құрғақшылық

  2. Жұт ( мал қырылу)

  3. Өрт

  4. Оба (ауру )

  5. Соғыс

  6. Топан су

  7. Зілзала ( жер сілкіну )


Солардың бірі

Ластанған Қарағанды . . .

Экологтар Қарағандыдағы қазіргі қытымыр аяздың ауа - райын тіпті ластай түсетінін айтады, өйткені аязды күні шахтадан шығатын метан қалдықтары ауа қабатына әсер етеді. Ал әзірге қарағандылықтар барлық әлемдегідей ақылға сыйғысыз ластанудан зардап шегуде.


Балықтар қырылған . . .

Астанада осыдан бірнеше күн бұрын Нұра - Есіл каналында балықтар қырылған. Көп мөлшерде болмаса да, бұл мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Ол неден болғаны біріншіден біздің болжамымыз – ол ақпайтын каналдың шеті, сол кезде өсімдік көп өсіп құрғақшылық болғаннан кейін өсімдік неғылған, өсімдіктер бүкіл жаңағы ауаны өзіне алғанда сол кезде ауа жетпегендіктен.

Қырылған итбалықтар . . .

Маңғыстау облысында Каспий теңізінен тағы да итбалықтардың өлексесі табылуда деп хабарлайды ҚРТЖМ баспасөз қызметі. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлерінің теңіз жағалауын тексеріп өтуі нәтижесінде 21 итбалықтың өлексесі табылған . Бүгінге дейін қырылған итбалықтардың жалпы саны 940- ты құрап отыр.


Ластанған өзен арнасы


Радиациялық және экология институты Семейдегі Шаған өзенінің 10 шақырымдық арнасының радиоактивті үш изотопымен ластанғанына алаңдаулы. Онда өзен арнасының ластануы жер асты суы, дәлірек айтқанда жер асты радиациялық сынықтың жүргізілуі нәтижесінде орын алғандығы айтылды.

Сергіту сәті


1, 2, 3 демаламыз жинап күш

4, 5, 6 отыр, тұр, шалқы

7, 8, 9 тартамыз қобыз

10 орныңа қон.


DrawObject1

DrawObject2


DrawObject3

DrawObject4

DrawObject5





Қорытынды :


Табиғат – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Өзен – көлдің суының сылдырын, құстардың қалай әндеткенін естімеген, гүлдердің сұлулығын тамашаламаған, арайлы алтын күннің шапағатын қызыға қарамаған адамының ой - өрісі кең болмайды, қиялы қанатсыз болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі