Табиғатты аялайық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатты аялайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қоршаған ортаға көмектесу таза ұстауға шақыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге қенті« №19 «Назерке» бөбекжайы»

Тәрбиешісі: Ержанова Алима Айладровна.

Қалалық ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Тақырыбы: Табиғатты аялайық.

Мақсаты:.

Балаларға қоршаған ортаны қорғауға және таза ұстауға, қоқыс қалдықтарын дұрыс бөлуге және оны қайта өңдеуге болатынын түсіндіру.Тазалыққа,ұқыптылыққа, бірлесе жұмыс жасауға баулу.Шығармашылық қиялын дамыта отырып үлгілік көрнекілікке сүйене отырып қоқыс қалдықтарынан заттар жасауға үйрету.Жасанды интеллект арқылы балалардың қызығушылығын оятып,зейінін шоғырландыруға, қиялын дамытуға және заманауи технологияны дұрыс қабылдауына ықпал ету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Музыка әуенімен кіру.

Кіріспе бөлім:

Балалар шеңберге тұрып,

«Сәлеметсіздерме?» деп амандасады.

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

Керемет көңіл күймен ашық іс-әрекетімізді бастаймыз.

Тыңдайықшы бір дауыс естілетін сияқты.

Ғажайып сәт (Үкі флешка әкеледі)

Қане балалар флешканы қосып қарайық.

Тақтаға назар аударайықшы. (ЖИ видео ChatGPT,Grok, InShot).

Балалар түлкі мен қоян бізден көмек сұрап өз бейне жазбасын жолдапты.Көмектесеміз бе балалар!

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Табиғатты аялайық» деп аталады.

Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: Балалар табиғат аясында қоянның аяғына шыны не себепті кірді?

Шыныны орманға кім тастауы мүмкін?

Балалар біздер айнала қоршаған орта,яғни табиғатты таза ұстауымыз қажет. Қоқыс қалдықтары кез келген жерде жатса барлығымызға зиян келтіреді.Сондықтан үйлерден шыққан қоқыс қалдықтарын да, табиғат аясына барған кезде де қоқыс қалдықтарын жинап, әрқайсысын өзінің салатын жәшіктеріне сұрыптап,яғни бөлек салу керек.

Олай болса ормандағы қоқыс қалдықтарын жинап түлкі мен қоянға көмектесейік.

Балалар қараңдаршы экранда тұрған жәшіктерге назар аударамыз.

Неше жәшік көріп тұрмыз?

Сары жәшікке қағаз қалдықтарын саламыз.

Жасыл жәшікке пластиктен жасалған заттарды саламыз.

Қызыл жәшікке шыныдан жасалған заттарды саламыз.

Ойын: «Қоқыстарды ретімен сұрыптайық» (Интерактивті тақта арқылы LefrninApps Drag & Drop платформа )

Шарты:Экранда әр түрлі қоқыс түрлері (қағаз,пластик,шыны)араласып көрсетіледі.Әр қоқысқа сәйкес түрлі түсті жәшіктер (анимациялық контейнерлер) болады.Бала анимациялық кейіпкердің көмегімен қоқысты дұрыс жәшікке сүйреп апарады.Егер қоқыс дұрыс сұрыпталса,экранда қуанышты дыбыс,жұлдызша немесе «Жарайсың!»деген анимация шығады.Қате салынса,кейіпкер жылы дауыспен ескерту жасап,қайта таңдауға мүмкіндік береді.Барлық қоқыс ретімен сұрыпталған соң,экранда таза табиғат көрінісі пайда болады.

Жарайсыңдар!Қоқыс қалдықтарын жылдам жинадық және қалдықтарды сұрыптауды үйрендік. Балалар қоқыс қалдықтарыда ұқыптылықты талап етеді,шашсаң зиянды қалдық,жинасаң пайдалы өнім. Ең қызығы осы тасталған қоқыс қалдықтарын өңдеп түрлі заттар жасауға болады.

Енді қоқыс қалдықтарынан жасалған заттарды тамашалаймыз.

Көрмемен таныстыру.

Мынау гүлдер баклашканың қақпағынан жасалған,түлкі баклашкадан жасалған. Бұл қоян шыныдан жасалған.т.б. Өңделген жаңа заттарды таныстыру.

Балалар табиғатты таза ұстау біздің міндетіміз.

Тапсырма:Балалар мен сендермен бірге бір тапсырманы орындағым келіп тұр.Бұл балалар айнала қоршаған орта,яғни табиғат.

1-ші суреттегі табиғат өте көңілді.

2-ші суреттегі табиғат көңілсіз.

Балалар не себептен білесіңдерме?

Себебі балалар көңілді табиғатқа адамдар көп қамқорлық жасайды.

Ал көңілсіз табиғатқа адамдар қамқорлық жасамайды.

Балалардың жауабы.

Дұрыс айтасыңдар.

Ол үшін адамдар не істейді соны анықтайық.

Шарты:Балалар алдарыңызда бірнеше суреттер берілген. Сол суреттердің ішінен бір суретті алып, ол суретте көңілді табиғатқа немесе көңілсіз табиғатпен сәйкестендіріп ілуіміз керек . Табиғат көңілді болу үшін,оған көптеген ағаштарды егу керек

Қоқыс қалдықтарын сұрыптап әрқайсысын өзінің жәшігіне салу керек,

Табиғатта өсіп тұрған гүлдерге су құю керек.

Табиғат көңілді болса,мен де көңілді боламын.

Балалардың жауабы.

Табиғат көңілді болу үшін,серуеннен үйге қайтарда қоқыстарды жинап кетуіміз керек,

( көңілді табиғатқа сәйкес).

Табиғатқа серуенге шыққан кезде жанған отты сөндіріп кету керек.

Су тіршілік көзі,-суды босқа ағызуға болмайды жауып жүру керек.

Табиғаттың сыйға берген өсімдіктерін аяқпен басып зиян келтіруге болмайды.

Құстар біздің досымыз, құстардың ұясын бұзуға болмайды.

Заводтардың мұржаларынан шыққан түтіндер зиян,себебі ауаны ластайды,сол себепті табиғат көңілсіз болады. (көңілсіз табиғатқа сәйкес).

Ия балалар суреттерді дұрыс тауып ілдіріп оларды түсіндірдіңіздер жарайсыңдар.

Сергіту сәті: «Кел, билейік балақай!» әні (ЖИ арқылы қимыл-қозғалыс жасайды).

Балалар біздер жаңа қоқыс қалдықтарынан қандай заттар жасалғанын көрдік.

Енді сол қоқыс қалдықтарынан өзіміз өз қолдарыңмен жаңа дүние жасап көресіңдер ме?

Балалар қажетсіз қоқыс қалдығынан жаңа дүние жасау үшін оны қоқысқа тастамай тұрып қайтадан өңдеу керек. Балалар ол үшін біздер баклашканы алып сыртын түрлі-түсті бояулармен бояп аламыз немесе қағаз қиындыларын нығыздап салып толтырамыз.

Олардан жабайы және үй жануарларының түсін бейнесін жасауға болады. Мысалы,мынау зебра ол үшін біздер баклашканың сыртын түрлі түске боядық енді көзін құлағын,құйрығын салу керек және оны қиып желім көмегімен жапсырамыз. Қәне балалар тапсырма түсінікті ма,жұмыстанамыз.Балалар қайшы мен қиған кезде абайлап ұқыпты боламыз.

Өте жақсы балалар жарайсыңдар біздердің қоқыс қалдығынан жасаған жаңа заттарымыз,әдемі ұқыпты жасалды.

Балалардың жасаған жануарларын (ЖИ Grok) арқылы тірілтіп қозғалтып, балалардың көңіл күйін көтеру.

Түлкі мен қоян. Балалар сендерге рахмет аяғым жазылды,табиғат аясыда тап-таза.Қоқыс қалдықтарын жинағандарыңызға рахмет. (ЖИ видео ChatGPT,Grok,InShot).

Қорытынды бөлім:

-Балалар бізде қандай іс-әрекет болды?

-Ия дұрыс қоршаған әлеммен таныстыру.

-Біздер бүгін не жасадық?

Балалардың жауабы.

-Қоқыс қалдықтарын қолдана отырып жануарлар бейнесін жасадық.

-Өте жақсы жарайсыңдар.

-Сендерге ұнады ма? Балалардың жауабы.

Балаларды мақтап мадақтау.

Қоқыс қалдықтарынан жасалған жаңа аспаптарды пайдалана отырып, өз өнерімізді көрсетіп, қонақтардың көңіл күйлерін көтерейік.Балалардың орындауы.

Күй : «Рух»

Сау болыңыздар.










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі