Табиғатты қорғаймын. Септік жалғауларының емлесі. Қазақ тілі, 4-сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатты қорғаймын. Септік жалғауларының емлесі. Қазақ тілі, 4-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағы, 4-сынып бойынша өткізген ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғатты қорғаймын. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЕМЛЕСІ

Э.К.Маденова

Қазақстан. Сәтбаев., «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ

Тақырыбы: табиғатты қорғаймын. Септік жалғауларының емлесі

Мақсаты:

  • Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

  • Зат есімнің септелуі туралы оқушылардың білімдерін пысықтау;

  • Сөйлем ішінен септеліп тұрған зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын ажыратуға үйрету.

Түрі: жаңа сабақ

Қолданылған материалдар: АКТ, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар, суреттер, топқа бөлуге арналған таяқшалар, бағалауға арналған смайликтер,

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Топқа бөлу (Таяқшалар арқылы топқа бөлу)

  • «Сен қайдасың?» тренинг

Сәлем достым (қол беріп амандасу)

Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (қатты құшақтайды)


  • Топ басшыларын анықтау. Бағалау парақтары.

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту


ІІ. Қызығушылықты ояту. «Кроссенс» әдісі

- Суреттен не көріп тұрсыздар?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбына бұл суреттердің қандай қатысы бар? (Суреттерге қарап отырып, ортақ қасиеттерін анықтайды)









І топ ІІ топ ІІІ топ

  • Осы 3 суреттерді байланыстыратын ортақ атауды айтсаңыздар, біздің өткен тарауымыздың атауын білетін боламыз. (Табиғат құбылыстары)

  • Табиғат құбылыстарына не жатады?

Бейнежазба көрсетіледі. Сұрақтарға жауап беру.

Кітаппен жұмыс. 74-жаттығу. Мәтінді тізбектей оқу. Сұрақтарға жауап беру.

  • Егер табиғатты қорғамасақ, қандай апатты жағдай болуы мүмкін?

  • Егер . . . болса, .....

  • Сонымен қатар, бұл тараудан тағы не өттік? (Морфология әлемі саяхат)

  • Олай болса, «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы өткенді қайталап өтсек.

«Өрмекшінің торы» әдісі. Орындықтың астына өрмекші өрмек құрған. Ол өрмекте сұрақтар жасырынған. Өрмекшінің торы кімге құрылады сол адам сұраққа жауап береді.

Сұрақтары:

  • Морфология дегеніміз не?

  • Сөз таптары

  • Зат есім

  • Сын есім

  • Сан есім

  • Етістік

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Септік жалғауы дегеніміз не?

  • Зат есімнің септелуі

  • Септіктерді ата

  • Ендеше балалар, осы септік жалғауларына байланысты тапсырмаларды орындасақ.

1-тапсырма. «Пазл» әдісі арқылы септіктердің сұрағы мен жалғауларын анықтау.

І топ – Атау септік, Шығыс септік, барыс септік (3 бала)

ІІ топ – Табыс септік, ілік септік (2 бала)

ІІІ топ –, көмектес септік жатыс септік (2 бала)

Тексеру: Таяқша арқылы баланы таңдау

2-тапсырма. «Әлеуметтік желі» әдісі зат есімдерді септеу

І топ – жұлдыз

ІІ топ – мезгіл

ІІІ топ - бұлақ

Т ексеру: Орындыққа смайлик жабыстыру арқылы баланы таңдау

Бағалау: «Келісемін, келіспеймін» әдісі.

3-тапсырма.

І топ – «Аквариум» әдісі.

Септік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, септіктің түрін анықтау.

ІІ топ – 75-жаттығу. Семантикалық карта

Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап.

Екі ішек бар далада,

Ауылды жалғар қалаға,

Қаланы жалғар ауылға.

Екі ішекпен зулайды ел

Жауында да, дауылда. «рельс)

Зат есімдердің қай септікте тұрғанын айтады.

ІІІ топ – 79-жаттығу. «Дөңгелек үстел» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып,сөйлемді көшіріп жазады.

Табиғат...адам...бөліп қарауға болмайды. Су...қоқыс тастама. Құстар... ұясын бұзба. Бұл оқиғаны журнал...оқыдым.

Дескриптор : 1.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қояды. 2.Септік жалғауларын қолданып сөйлем құрайды.

Т ексеру: «Таңдау әдісі» арқылы баланы таңдау.

Бағалау: «Келісемін, келіспеймін» әдісі.

ІҮ. Қорытынды: Кюзис платформасы арқылы тест тапсырмасын орындау.

Ү. Бағалау: Топ басшылары бағалау парақтары бойынша қорытындысын айтады.

ҮІ. Рефлексия: «Мен журналистпін» ойыны арқылы сұхбат алу.

- Аты жөніңіз кім?

- Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады ?

- Сабақта нені білдің?

- Қазақ тілінде неше септік бар?

- Сабақта кімдер белсене қатысты деп ойлайсың ?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2024
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі