Табиғатты қорғайық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатты қорғайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна

Тақырыбы: «Табиғатты қорғайық!»

Мақсаты: Қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем, әдемі!

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық!

Ой шақыру:

-Көшеде қағазды қайда тастайсыңдар?

-Қоқысты жерге тастауға болады ма? Неліктен?

Суретпен жұмыс.

Әділ анасымен саябаққа келді. Саябақта ол алтыбақан, әткеншек тепті. Анасы Әділге балмұздақ сатып берді. Ол қуанды. Әділ балмұздақтың орама қағазын жерге тастады.

Анасы:

- Әділ, қағазды жерден көтер, - деді.

Әділ:

- Неге? - деді

- Жерді ластама. Табиғатты аяла. Қоқыс жәшігіне таста.

Сұрақ-жауап:

- Әділ анасымен қайда келді?

- Анасы Әділге не сатып берді?

- Әділ балмұздақтың орама қағазын қайда тастады?

-Анасы Әділге не деді?

-Әңгіме не туралы?

-Әділ балмұздақтың орама қағазын қай жәшікке тастау керек?

Сергіту сәті: «Күн, ауа және су »

Күн мен ауа және су /қолдар.жоғары көтереміз/

Бәрімізге керек пе?

Иә, иә,иә! /алдыға қарай иілеміз/

Күн жылыну үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /бір орында жүреміз/

Ауа тыныс алу үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /отырамыз/

Су шынығу үшін бе? /қол соғамыз/

Иә, иә,иә! /қолдарымызды жан-жаққа сермейміз/

Денеңде күш арта ма ?

Иә, иә,иә! /қол соғамыз/

3 орталыққа бөлу:

1 орталықта- «Қоқыстарды өз жәшігіне орналастыр» дидактикалық ойыны

2 орталықта- «Ойлан тап»

3 орталықта- «Кім тез табады?»

Табиғат-Анаға тілек айту:

Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын! 
Хормен :  Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2024
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі