400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғатты қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
абиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1] Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы : 6


Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. «Табиғатты қорғайық». Септеулік шылаулар.

Мақсаты



 Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: оқушылардың  білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын  айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау  қабілетін дамыту.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету,  сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін  арттыру, сөйлеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды туған  жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін  мақтан тұтуға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, оны сүюге баулу.


Күтілетін нәтижелер



оқушылар сабақта өз ойларын еркін жеткізе алады;

Табиғатты қорғау туралы білімдерін толықтырады;

Керекті жабдықтар



суреттер, қиықшалар, интерактивтік тақта «Бәйтерек» бағдарламасы  4 модуль  («Қазақстанның табиғаты»)



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




І. Ұйымдастыру кезеңі.   Амандасу, Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу. Балаларға бағалау парағы үйлестіріледі, сабақтың әр бөлігінде өздерін бағалауы тиіс.

1. Біз қай елде тұрамыз?    Қазақстанның табиғаты қандай?   Бүгін ауа райы қандай?                                                                                                                           

    Қазір қай жыл мезгілі?    Қыс  айлары қандай?  

2  Балалардың белсенділігін арттыру.

  Қайырлы таң достарым,

   Қайырлы күн болсын.

   Жұма  күннің әр кезі,

   Сәттілікке толсын. 

   Біздің алар бағамыз,

   Кілең «бестік» болсын.    

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.         

Балалар, біз сендермен  Қазақстанның табиғаты, қорықтары  туралы  тақырыптар өтіп жатырмыз. Үйге қандай тапсырма берілді?  

Интерактивті тақтада. «Қазақстан  табиғаты», «Қазақстан қорықтары»  тақырыбы бойынша оқушылар дайындаған шағын жобаларын қорғайды.

Ә) Мақал – мәтелдерді жалғастыр:  Ел іші – алтын ...                         

Отансыз адам, ... .... .                      Жері байдың -  елі ...

Табиғат – асыл ... .                           Көлдің көркі  құрақ, таудық көркі  .... (бұлақ)

Шаттық шеңбері


Оқушылардың жауаптары











Оқушылардың жауаптары






Мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

Тұсаукесер





Сабақта біз  Қазақстанның  табиғаты, қорықтары, жануарлары мен құстары      туралы әңгімелейміз. Сабақта біз 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз.   

Ол үшін сендер тақтаға шығып, сапқа тұрыңдар. Сендерге қиықшалар таратылады.Сөз немесе сурет  құрастырып, топқа бөлінесіңдер:

  І топ:Саяхатшылар   ІІ топ: Қорғаушылар          ІІІ топ: Зерттеушілер

А) Жаңа тақырыпқа шығу -  видео көру

Бұл видео   не туралы? Біздің сабақтың тақырыбы қандай? Сабақтың мақсатын айту

 Топқа бөлінеді






Оқушылардың жауаптары



Негізгі бөлім





Ой қозғау. Қызық кітап туралы     Не білемін?      Не білгім келеді?


Мұғалімнің кіріспе сөзі:      

 Ең алғашқы  Қызыл кітап 1963 жылы  жарық көрді. Қазақстанда  Қызыл кітап  1978 жылы ашылған. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасалған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Неге  дәл қызыл түс?

Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда; көшеден өтуге болмайтынын білесіңдер. Қызық түстің, кейде тыйым салу белгісі екені  бүкіл дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Қызыл түс  - қауіптің белгісі.  Қызыл кітап  -  адамзатқа ескерту!

 

А) Жаңа сөздермен жұмыс: 

қауіп  - опасность, тізім - список, тіркеу - регистрировать,

жойылып бара жатқандар - исчезающие виды,

саны кеміп бара жатқандар -  сокращающиеся  виды,

сирек кездесетін жануарлар -  редкие виды,

анықталмағандар- неопределенные,

саны қайта қалпына келгендер -  восстановленные виды.

жойылып кету қаупінде тұрған түрлер -  виды, которым угрожает изчезновение, сүтқоректілер - млекопитающие,

Берілген сөздермен сөз  тіркестерін, сөйлемдер құрастыру жұмысы (ауызша)

  1. Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Мәтін  әр топқа таратылады.

   Ә) Топтық жұмыс. Айтылым. Оқушылар мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап береді. Сұхбаттасады.

  1. Жазылым. Әр топқа тапсырма беріледі.

  2. І топ: мәтіннен бес сан есімді теріп жазады.

  3. ІІ топ: мәтіннен төрт сын есімді  теріп жазады.

  4. ІІІ топ: мәтіннен  етістіктерді теріп жазады.         

Қызыл кітап 

І топ «Қорғаушылар»

Ең алғашқы  Қызыл кітап 1963 жылы  жарық  көрді. Қазақстанда  Қызыл кітап  1978 жылы ашылған.   Қызыл кітаптың  ішінде Қара кітап бар. Немесе қара  тізім. Жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қара тізімі. Қызыл кітабының  қызыл беттерінде  өте сирек кездесетін жануарлар  тізімі.

ІІ топ    «Саяхатшылар»

Қазақстанның Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктер деп аталатын екі томнан тұрады Қазақстан қорықтарында  сүтқоректілердің (млекопитающих) 50 пайызы (процентов)   кездеседі. Қызыл кітабының ақ беттерінде   саны әрқашанда  аз болатын   жануарлар   тізімі. Қызыл кітабының   жасылбеттерінде   сандары  сақталып, көбейтілген жануарлар  тізімі.

ІІІ топ  «Зерттеушілер»

Қызыл кітапқа   жазылған  құстар түрлерінің  64 – пайыздан  астам (свыше 64 процентов)    Қазақстан қорықтарында  кездеседі.  Қызыл кітабының  сары  беттерінде   саны азайып бара жатқан    жануарлар  тізімі жазылған.  Қызыл кітабының   жасыл беттерінде   сандары  сақталып, көбейтілген жануарлар   тізімі бар.


3. Топтық жұмыс. Айтылым. Әр топ өзінің мәтінімен жұмыс жасайды: мәнерлеп түсініп оқиды. Мәтінді мазмұндайды. (сурет салады)

 І топ «Қорғаушылар»

Түлкі

Түлкінің бірнеше түрлері болады. Қазақстанда қызыл және қаракүрең түлкі ғана (только) мекендейді (обитает). Ең асылы  (самая ценная)  қарасұр (черно -  бурая) түлкі.Ол суық жақтарда мекендейді.Түлкі өте қу, айлакер (қандай? хитрая).

ІІ топ    «Саяхатшылар»

Қоқиқаз

Саны кеміп (количество уменьшается) келе жатыр. Республикамыздың түрлі аудандарында ұялайды (гнездятся) Саны  (численность)жылдан жылға 5  мыңнан 50 мыңға дейін ауысып отырады (колеблется).

ІІІ топ « Зерттеушілер»

Барыс

Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы,  Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны   200 – ден аспайды. Барыс -   Қазақстан символы . Кысқы  олимпиадалық Азиаданың символы болған 2011жылы. Астаналық хоккей клубы «Барыс» деп аталады.

4. Мәтін бойынша  жұмыс. Сөйлемдердің  дұрыс, бұрыстығын анықтау.

   Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1. Іле Алатауы табиғаттың ең әдемі  тауы.

 

 

2.  Қазақстанда  қорықтар көп.

 

 

3. Сусыз өмір жоқ.

 

 

4. Қазақстан табиғаты өте бай  емес.

 

 

5   Қызыл түс  - қауіптің белгісі.

 

 

6. Алматыда алма  аз.

 

 


5 Табиғат туралы өсиет сөздерді суретін ашып оқып,жазу.

Суға түкірме.

Ұяны бұзба.

Жас шыбықты сындырма.

Аққуды атпа.

Құмырсқанын илеуін бұзба.


Оқушылардың  пікірлері тыңдалады. Жауаптарын мұғалім тақтадағы кестеге  толтырады.










Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.









Топтық жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс»






Топтық жұмыс





















Топтық жұмыс



















Тапсырмаларды орындайды.








Қорытынды





Проблемалық сұрақ:

Балалар, қалай ойлайсыңдар, қызыл кітап керек пе? Неге?

Енді,    балалар,  сабақтың басында  сұрақтарға  жауап бердіңдер.

Қызық кітап туралы:      Не білемін?              Не білгім келеді?

Енді мына сұраққа жауап беріңдер: Не білдім?

Оқушылар  интерактивті тақтаға шығып, жауаптарын жазады.

  Дұрыс айтасыңдар, балалар, табиғат  адам өмірінде маңызды рөл атқарады.       

  Табиғат деген не? Табиғат –халық қазынасы, біздің байлығымыз.

Кубизм әдісі бойынша сұрақ-жауап:

1.Қоршаған ортаны қорғау күні қашан?

2.Оның негізгі мақсаты не?

3.Қай жерде ешбір аңға,құсқа тиіспей,гүлдер мен өсімдіктерді жұлып,таптамау керек?

4.Бурабай көлі қай жерде?

5.Оның суы қандай?

6.Оның айналасы қандай?

7.Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай?

8. Салт және сабақты етістік ережесін айт?

Рефлексия: «Алма ағашы»

Үй тапсырмасы: әңгіме құру


Оқушылардың жауаптары





















Оқушылардың жауаптары











Өз ойларын стикерлерге жазады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі