Материалдар / "Табиғатты қорғау-біздің міндетіміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Табиғатты қорғау-біздің міндетіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2024
2868
33 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шараның тақырыптары

«Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз»

Қауіпсіздік сабағы № 5. «5 секунд ережесі, бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құруға болады?»

Мерзімі: 30.09.2024 жыл

Өткізу формасы: Сынып сағаты

Мұғалімнің аты-жөні


Сынып:


Құндылық

Тәуелсіздік және Отаншылдық.

Мақсаттары

Білімділік :Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін ойлау қабілетін дамыту өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға елін жерін сүюге мейірімділікке ізгілікке тәрбиелеу Табиғат Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу


Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру


5 мин




















Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы, күн, балалар!

Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Табиғатты қорғау біздің міндетіміз!» деп аталады. 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 

Оқушылар

бәрі хормен

айтады


мадақтау


Суреттер




















Жаңа білім

10 мин






Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:

1-оқушы :Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!

2-оқушы :Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

3-оқушы :Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт — ақ,

Ізгілік жатыр бойында.

4-оқушы :Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақтар құстарға қарап ауа- райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді-де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

5-оқушы:Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік! Бір- бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!












Оқушылар өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды













































Оқушылар өз ойларын айтып жағдаяттан шығады




Суреттер












Тақпақтар























Суреттер




















1-жағдаят









2-жағдаят









10 мин





























 Қауіпсіздік сабағы № 5. «5 секунд» ережесі, бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құруға болады?»(10 мин)

Сабақтың мақсаты: балаларды бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде болатын қауіптермен таныстыру, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Кез келген қиындықты болдырмау үшін бірнеше қадамдардан тұратын қарапайым және сенімді әрекетті сақтау керек. Еркін жүруге және жағдайды бақылаудан шығаруға болмайды.

Ол үшін төмендегі ережелерді есте сақта!

1.қадам. Жағдайды бағалау

Сіздің алдыңызда бейтаныс адам бар екенін және ол ықтимал қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан одан сақтану керек. Бұл адамның кім екендігі маңызды емес – қыз, ұл, ата, жас әйел. Егер ол бейтаныс адам болса, онда олардың барлығымен бірдей әрекет ету керек.

2.қадам. Қашықтықты сақтаңыз! Сіз бен бейтаныс адам арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Бұл өте маңызды! (балаларға осы арақашықты көрсету керек).

3.қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу уақыты 5-10 секундтан аспауы керек. Содан кейін сөйлесуді тоқтату керек. Біреудің сізбен сөйлесуіне немесе сізді әңгімеге тартуына жол бермеңіз. Қылмыскерлерді керемет психологтер деп айтуға болады және олар кез келген адамның, тіпті ересек адамның сеніміне кіре алады. Мұндай жағдайда адам әңгімеге кіргенде, қырағылығын жоғалтады. Тәжірибелі қылмыскерлер ересек адамдарды қауіпті іс-әрекеттерді жасауға сендіре алады. Мысалы, қаңырап қалған жерге бірге бару және т.б. (Балалардан 5 секундтан кейін сөйлеуді тоқтатуды сұраңыз, оларға осы уақыт ішінде қанша сөз тіркесін айтуға болатынын көрсетіңіз).

4.қадам. Қауіпсіз жерге бар. Бұл дегеніміз, өзіңіз танитын ауладағы адамдар, достарыңыз, анаңызға не әкеңізге қоңырау соғыңыз. Бейтаныс адам сіздің артыңызда қалғанына көз жеткізіңіз. Егер жақын жерде таныс ересектер болмаса, онда дүкенге, дәмханаға, мектепке кіріп көмек сұраңыз.

Есіңізде болсын! Бейтаныс адам сізді аңдуын тоқтатпаса, үйге қарай жүгіруге асықпаңыз! Подъездге бірге кірмеңіз!

Жеке қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Мектептен шыққан жолда көшеде жалғыз қалуға болмайды. Қараңғы түскенде сыртта ойнауға болмайды.

Бейтаныс адамды үйге кіргізуге болмайды. Бейтаныс адаммен лифтіге бірге кіруге болмайды. Бейтаныс адаммен бірге көлікке отыруға болмайды. Бейтаныс адамнан сыйлық алуға болмайды.
























































https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS

-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36




























Қорытынды

5 мин

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!