400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғатты тамашалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспарын жасауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Балаларды көктем мезгілімен таныстыру.Көктем мезгілінде болатын табиғат құбылыстарымен, өзгерістермен таныстыру.

Сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Еңбекқорлыққа , тазалыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғай білуге үйрету.

Барысы: Балалармен бірге саябаққа шығу. Ауа – райын болжау. Болып тұрған табиғат құбылыстарын анықтау. Құмырсқалардың илеуін бақылау.

Айналаға қараңдаршы көктем мезгілінде көптеген өзгерістер болады. Ағаштарды күтіп, түбін әктейді. Біз өзіміз ойнайтын ауламызға гүл отырғыздық . Оларға су құйып, күтіп баптаймыз, өсіреміз.

Тақпақтар

Дамир

-Ұшып келген құстарды

Ұя жасап қарсы алдым

Аяжан

-Алақай ау, алақай

Қандай жақсы көктем-ай

Гүлге оралды кең дала!

Диляра

-Құстар ұшты

-Құстар ұшты

-Балалар құстар тал басында не салады?

-Ұя

-Ұяны таспен атып, бұзуға болмайды. Жем нан қоқымдарын салып береміз.

Саябақ ішіне жем сауытты ілу, оған жем салу: Мынау не? Жем сауыт. Жем сауыт не үшін қажет? Құстарға жем салу үшін қажет.

Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін жасап алайық.

Күнге қарап күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құстар болып ұшамыз

Көбелек болып қонамыз

-Балалар жоғары қараңдаршы нені көріп тұрсыңдар?

-Күн

- Жан –жағымызда нелер өсіп тұр?

-жасыл шөптер

-Балалар қараңдаршы күн жылынғаннан кейін құрт – құмырсқалар жыбырлай бастайды. (Құмырсқаның илеуін бақылау)

Қимылды ойын

«Мысық пен торғайлар»

Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке, достыққа баулу. Ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Қорытынды

-Балалар жылдың қай мезгілі ?

-Көктем

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болды ?

-Күн жылынды. Жаңбыр жауып

- Айналамызда нелер өсіп тұр?

- Ағаштар , жасыл шөптер шығады.

-Осымен серуеніміз аяқталады. Балалар барлығын өте жақсы жауап беріңдер, рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі