жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Табиғатты танып,білейік" сынып сағаты 2 сынып
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:Табиғатты танып,білейік!
Мақсаты: Оқушылардың
қоршаған ортаға деген махаббат
құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін
ортаға салуларына жағдай туғызу.Табиғатты
сүюге,қорғауға, табиғат-Анаға
сүйіспеншілікпен,мейірімділікпен
қарауға тәрбиелеу.
Бір- бірімен жақсы
қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай
білуге үйрету.
Көрнекілігі:
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ»
нақыл сөздері , суреттер, слайд
Тәрбие сағатының барысы:
І.
Ұйымдастыру
Мұғалім:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең
сендер ояна салысымен , терезені ашып
Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл
бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен
қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен
сендерді бүгін Табиғат -Анаға жарыса
отырып саяхатқа шығуға шақырамын.
Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі
сайымыздың тақырыбы: «Табиғатты танып,
білейік!» деп аталады.
Табиғат
адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының
ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы,
алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың
таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі
сабағымызды табиғатпен амандасудан
бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып
мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы
күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы
күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы
күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы
күн, бар тіршілік иесі!
Өте
жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.
Мұғалім:
- Балалар табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Бүгінгі саяхатымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал енді саяхатымызды басталық.
1-кезең «Табиғат байлығы –өсімдіктер»
деп
аталады.Табиғат байлығының бір тобы
–жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер,
ағаштар табиғатымызды түрлендіріп
тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз
өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан
қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал
қалғанша тал қалсын» деген көрнекті
сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан
өсімдіктердің кейбір түрлер азайып
бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы
Қызыл кітапқа енгізілді.
-Ал енді бұл сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.Әр топқа бірнеше суреттер көрсетіледі.Сол суреттердің атын атап, дұрыс жауабын айту керексіңдер.
1.Бәйшешек
2. Раушангүл
3. Қызғалдақ
4. Қоңыраугүл
5. Түймедақ
6.
Өте жақсы. Осымен 1-кезең аяқталды 1-кезеңді келесі өлең шумақтарымен қорытындылайық.
Аяжан:
Гүлді үзбе.
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл жердің бұл.
Мұғалім:
Расында да, өлкемізді саялы баққа
айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан
келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды
әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
Олай
болса келесі 2-кезеңіміз
«Орман сәні- құстар»
деп аталады.
Табиғаттың сәні де, әні
де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем
әндері бойымызды балқытып, еріксіз
еліктіреді. Олар –біздің қанатты
достарымыз. Олар –табиғат сақшылары.
Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі.
Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп,
құрметтеген.
Бұл
кезеңнің тапсырмасы
«Даусынан
таны»
Ойын
барысы: Құстардың
дауысы
қосылады.
Балалар тыңдап отырып дауысты ажырата
білу керек.
Үкі,тоқылдақ,қарлығаш,торғай,тырна,тоты,қарға,әтеш
Дидактикалық ойын «Бұл қандай құс?» Суреттер көрсетіліп, құстар сипатталады.
Ситуациялық сұрақтар
Медина:
Шыр
- шыр еткен торғайды,
Қорғамасқа
болмайды.
Таспен
атып торғайды,
Ұя
бұзған оңбайды.
Мұғалім:
Құстарды
табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін
келтіретін тағы да нелер деп
ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше келесі
ІІІ
кезең «Табиғаттың сұлу мүсіні- хайуанаттар»
деп аталады.
Мұғалім:Табиғаттың
сұлу мүсіні , көрікті келбеті –
хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ
жануарларды көзінің қарашығындай аялап,
қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп
тұрған қыздарын «Ботагөз» деп
атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін
жан-жануарлар азайып келеді. Сондықтан
барлық жан-жануарларға адамдар
қамқорлықпен қараулары тиіс.
Бұл кезең 2-бөлімнен тұрады.
1-бөлімі жұмбақтар.
Жұмбақтар (жауаптары слайдта)
Қанаты
бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық)
Санай
алмай шаршадым –
Найзасы бар
қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып
жүрер жыраққа.(кірпі)
Үстінен
тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю)
Түссе
күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы
жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.(мысық)
Теңбіл шұбар терісі
Шөлдегі аңның ірісі
Жонында жолы бар
Бұл қандай жануар
(Керік)
Қанжардай тісі бар
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды
Білсең айт бұл аңды?(Арыстан)
Таңдайлары тақылдап
Шулайтын кім шалшықта
Бірін-бірі мақұлдап?(Бақа)
2-бөлімі «Ажырата біл» деп аталады
Жұптық жұмыс.
Жанерке мен Ернар жануарлар туралы тақпақтарын айтады.
ІҮ
кезең « Адамға
айтар табиғаттың мұңы бар...»
Мультфильм «На лесной тропе»
Қалай ойлайсыңдар егер табиғатқа тіл бітсе ол адамға не дер еді.
Адия:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Еркеназ:
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында ,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Әр топтың жауаптары тыңдалады.(бұл соңғы кезең)
Сабақты
қорытындылау кезеңі: «Жүректен
жүрекке»
Оқушылар
сабақ соңында табиғатқа тілек айтып,
тақтада ілініп тұрған табиғат көрінісінің
суретіне кезекпен мынандай сөздерді
апарып іледі.
Гүлдей бер,
Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды
бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен
құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза
болсын!
Өзен, көлің, теңізің
балықтарға толсын!
Орманың қызыл,
жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық
болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат
сені сүйеміз,
Басымызды
иеміз!
Барлығы орындарынан
тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген